Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития

Бұйрық · № 235/ОД · қабылданған 18.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74860/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития Күшін жойған Бұйрық ·№ 235/ОД ·18.09.2013
02.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития

Күшін жойған Бұйрық ·№ 235/ОД · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов с низким, средним и высоким потенциалом социально-экономического развития
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
235/ОД
Қабылданған күні
18.09.2013
Көрсетілген редакция
02.02.2016 AI74860_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008826
ЭКБ идентификаторы
74860
Редакция идентификаторы
AI74860_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:17

0 Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 35-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер бекітілсін.

2 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 28-2/430 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 шілдедегі № 225 «Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы» бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7108 тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы № 267 (26688) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғаринге жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 235/НҚ
бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер
Жік­теу фак­тор­ла­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Шек­ті мән­дер
Көр­сет­кіш­тер
1. Эко­но­ми­ка­лық блок 50
То­пы­рақ­тың құ­нар­лы­ғы
Бо­ни­тет ба­лы
>45
6
>25-45
4
15-25
2
<15
0
Өт­кі­зу на­рық­та­ры­нан қа­шық­тық дә­ре­же­сі
Ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі­нен аудан ор­та­лы­ғы­на, т/ж стан­ци­я­сы­на, та­я­у­да­ғы қа­ла­ға дей­ін­гі ара қа­шық­тық, км
<=20
5
>20-60
4
>60-100
2
>100
0
Кә­сіп­кер­лік бел­сен­ді­лі­гі
Ірі (ба­за­лық) кә­сі­по­рын­ның бо­луы
Бар
4
Жоқ
0
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­де­уді да­мы­ту
Бар
>4
3
2-4
2
1
1
Жоқ
0
0
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­мен қам­та­ма­сыз еті­луі
1) 100 га егі­стікке шақ­қан­да­ғы трак­тор­лар
> 0,5
4
0,4 – 0,5
3
0,2 – <0,4
2
<0,2
0
2) 100 га егі­стікке шақ­қан­да­ғы ком­байн­дар
> 0,3
4
0,2 – 0,3
3
0,1 – <0,2
2
<0,1
0
Ир­ри­га­ци­я­лық (су­ар­ма­лы) жүй­е­лер­ді пай­да­ла­ну
Бар және пай­да­ла­ны­ла­ды
3
Бар және пай­да­ла­ныл­май­ды
1
Жоқ
0
Егі­стік
Егі­стіктің ал­қа­бы, га
> 10 000
5
5 000 – 10 000
3
1 000 – 5 000
2
1 000 дей­ін
1
Жай­ы­лым­дар
1) Та­би­ғи жай­ы­лым­дар­дың бо­луы, га
> 10000
4
5 000 – 10 000
3
1000 – 5 000
2
до 1000
1
2) Азық­тық да­қыл­дар егі­сі­нің (егі­л­ген) бо­луы, га
> 3000
5
1 000 – 3 000
4
1 000 дей­ін
2
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мал­да­ры (шар­тты бас), оның ішін­де:
1) асыл тұқым­ды мал
> 1000
4
500 – 1000
3
500 дей­ін
2
2) асыл тұқым­ды емес мал
> 3000
3
1000 – 3000
2
1000 дей­ін
1
2. Ин­же­нер­лік-ин­фра­құ­ры­лым­дық блок 25
Су­мен жаб­дық­тау
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған (су құ­бы­ры)
5
Ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған
3
Та­сы­мал­ды су
0
Жол
Қат­ты жа­бын, аудан ор­та­лы­ғы­на дей­ін жол­дың ұзынды­ғы %
100
5
>= 75 - 100
4
> = 50 - 75
3
< 50
1
Га­з­бен қам­ту
Та­би­ғи га­з­бен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
5
Сұй­ы­ты­л­ған га­з­бен қам­та­ма­сыз еті­луі (бал­лон­да)
2
Га­з­дан­ды­рыл­ма­ған
0
Электр энер­ги­я­сы
Электр энер­ги­я­сы­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
5
Электр энер­ги­я­сы­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген
0
Бай­ла­ныс (те­ле­фон)
Бар: 20 нө­мір­ден аса­ды неме­се АТС
5
1-ден 20 нө­мір­ге дей­ін
2
- 1 нө­мір
1
Бай­ла­ныс жоқ
0
3. Әле­умет­тік блок 25
Ха­лық­тың са­ны
Ха­лық­тың шо­ғыр­ла­нуы, адам
> 5 000
5
1 000 – 5 000
4
500 – 1 000
3
50 – 500
2
50 дей­ін
0
Мек­теп­тер
Мек­теп­тер­дің бар бо­луы және олар­дың нор­ма­лар­ға сәй­кест­і­гі
5
Мек­теп­тер­дің бар бо­луы, бі­рақ нор­ма­лар­ға сәй­кес кел­ме­уі
3
Мек­теп­те­рі жоқ, жа­қын ара­да­ғы мек­теп­ке дей­ін­гі ара­қа­шық­тық ке­мін­де 3 км
1
Мек­теп­те­рі жоқ, жа­қын ара­да­ғы мек­теп­ке дей­ін­гі ара­қа­шық­тық 3 км аса­ды
0
Мек­теп­ке дей­ін ме­ке­ме­лер­дің бо­луы
Ба­ла­бақ­ша
4
Ша­ғын-ор­та­лық­тар
2
Жоқ
0
Ден­са­улық сақ­тау*
Ме­ке­ме­лер­дің бар бо­луы және олар­дың нор­ма­лар­ға сәй­кест­і­гі
5
Ме­ке­ме­лер­дің бар бо­луы, бі­рақ нор­ма­лар­ға сәй­кес кел­ме­уі
3
Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­ле­рі жоқ
0
Жұ­мыспен қам­ту**
Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті 100 адам­ға шақ­қан­да­ғы жұ­мыспен қам­ты­л­ған адам­дар са­ны
>=об­лы­стық ор­та­ша көр­сет­кіш
4
< об­лы­стық ор­та­ша көр­сет­кіш
0
Ке­дей­лік **
Ел­ді ме­кен­дер­дің 100 тұр­ғы­ны­на шақ­қан­да­ғы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ала­тын адам­дар са­ны
<= об­лы­стық ор­та­ша көр­сет­кіш
2
> об­лы­стық ор­та­ша көр­сет­кіш
0
4. Эко­ло­ги­я­лық блок
Ра­ди­а­ци­я­лық ая­сы
мкЗв/ч
<0,3
1
>0,3
0
Ауыз су­дың са­па­сы
Су­да­ғы жал­пы ми­не­рал­дық (құр­ғақ қал­ды­ғы) (г/литр)
1,5 дей­ін
1
1,5 - 2
0,75
>2-3
0,25
>3
0
Балл­дар                                            Жиы­ны 100
Да­му әле­уе­ті жо­ға­ры ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер
70 - 100
Да­му әле­уе­ті ор­та­ша ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер
35 - 69
Да­му әле­уе­ті тө­мен ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер
1 - 34
* - Бірнеше денсаулық сақтау нысандары немесе мектепке дейін мекемелер болған жағдайда, есептеу кезінде нысан оның маңыздылығы дәрежесі бойынша қабылданады;
** - Талданып отырған фактордың орташа облыстық көрсеткішпен арақатынасы арқылы есептеледі.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдер, осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған Нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.

10 Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған нұсқаулық

Әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді анықтауға
арналған өлшемдерге
қосымша
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі - АЕМ) анықтауға арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 35-тармағына сәйкес әзірленген.

2

2. Нұсқаулықты АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін кешенді бағалауды жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында олардың әлеуетін айқындау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардың елді мекендерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша басқарушылық шешімдерді дайындауы кезінде пайдалану үшін арналған.

3 3. Нұсқаулықты жергілікті атқарушы органдарымен анықтайтындығын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді жіктеу факторлары белгілейді.

2 2. Ақпарат көздері

4 4. Қазақстан Республикасының АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне кешенді бағалау жүргізу үшін:

1 1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері;

2 2) жергілікті атқарушы органдардан, министрліктерден, агенттіктер мен ведомстволардан алынған ақпарат;

3 3) ведомстволық статистикалық байқаулардың деректері;

4 4) әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері ақпарат көздері болып табылады.

3 3. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтау өлшемдері

5 5. АЕМ әлеуетін және олардың перспективалығын бағалайтын маңызды жіктеу факторлары ретінде 22 жиынтық көрсеткішті қамтитын өлшемдердің 4 тобы: экономикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық өлшемдер айқындалған.

6

6. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде экономикалық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Экономикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең үлкен – ең үлкен жиынтық балы 50, инженерлік-инфрақұрылымдық және әлеуметтік блоктардың көрсеткіштері 25-тен аспайды. АЕМ-нің даму деңгейіне экологиялық блоктың әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады, оларға алғашқы үш блок бойынша алынған балдар көбейтіледі.

7 7. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:

1

1) топырақтың құнарлығы – 6 балл. Топырақтың сапасы мен әлеуетті құнарлығын мәні 1-ден 100-ге дейін болуы мүмкін бонитет балдарында көрініс табатын егістіктің бонитировкасы сипаттайды. Көрсеткіштің шекті мәндері Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес белгіленген және топырақ қабатының сапасының «15 балдан төмен» көрсеткішінен республикадағы «45 балдан жоғары» ең үлкен көрсеткішке дейінгі градациясын көздейді;

2

2) өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі – 5 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, темір жол станциясына, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қол жетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 километрге тең және кем, 5 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 40 км құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен шекті мәні ретінде 100 километрге тең және артық арақашықтық қабылданған;

3

3) кәсіпкерлік белсенділік – 4 балл. Бұл көрсеткіш заңды тұлға (АҚ, ЖШС, ірі ШҚ және т.б.) нысанында тіркелген ірі (базалық) кәсіпорынның болуымен сипатталады, онда ауылдық елді мекеннің тұрғындарының елеулі немесе негізгі бөлігі жұмыспен қамтылған болуы керек, осыған байланысты ол халықты жұмыспен қамтуға белгілі түрде әсер етеді. Ірі (базалық) кәсіпорынның негізгі өлшемдерінің бірі нақты ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласуы болып табылады;

4

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту – 3 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды және ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдерін қайта өңдеу объектілерінің болуымен анықталады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 4-ке және одан асатын қайта өңдеуші цехқа дейін түрленеді;

5 5) ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі – 8 балл. Екі көрсеткішке бөлінеді: 100 га егістікке келетін тракторлардың саны және 100 га егістікке келетін комбайндардың саны. Шекті мәндердің мөлшері 0,2-ден 0,5-ке (0,3) және одан асатын тракторға (комбайнға) дейін түрленеді;

6

6) ирригациялық (суармалы) жүйелерді пайдалану – 3 балл. Суармалы егін шаруашылығын дамыту жөніндегі мүмкіндіктер ирригациялық жүйелердің болуы мен пайдаланылуын көрсетеді. Суарылатын жерлер жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне табысты қамтамасыз ете алады. Ирригациялық жүйелер бар және оларды пайдаланылатын аумақтар 3 балмен, ал жоқтары – 0 балмен бағаланады;

7 7) егістік – 5 балл. Егін шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін анықтайды. Шекті мәндері ауылшаруашылығы алқабының алаңына байланысты анықталады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарларға дейін түрленеді;

8 8) жайылымдар – 9 балл, екі көрсеткішке бөлінеді:

табиғи жайылымдардың болуы – 4 балл, шекті мәндері алаңға байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарға дейін түрленеді;
азықтық дақылдар егісінің (егілген) болуы – 5 балл, жоғары протеинді азықты алумен анықталады, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға себеп болады. Шекті мәндері алаңына байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға және асатын гектарға дейін түрленеді;

9 9) мал шаруашылығы – 7 балл. АЕМ-де ауылшаруашылығы малдарының болуын сипаттайды және екі көрсеткішке бөлінеді:

асыл тұқымды мал – 4 балл, генетикалық әлеуеті жоғары малды өсіруге, оларды сақтауға және көбейтуге бағытталған тұқымдық жұмыс жүйесімен қамтылған мал шаруашылығының саласы. Шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 1 000-ға дейін және одан асатын шартты баспен анықталады. Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімдері жоғары қосылған құнмен ерекшеленеді;
асыл тұқымды емес мал – 3 балл, шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға дейін және одан асатын шартты баспен анықталады.
Осы көрсеткіштер түзету коэффициенттеріне көбейту жолымен (ІҚМ – 0,8; қойлар және ешкілер – 0,1; шошқалар – 0,3; жылқылар – 1,0; түйелер – 1,0.) «шартты баспен» өлшенеді;

8 8. Инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:

1

1) сумен жабдықтау – 5 балл. Сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бағалау халық тұтынуы үшін судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-нің, орталықтандырылмаған сумен жабдықталған (су тарату пунктінен, ұңғымалардан, құдықтардан, су тазарту қондырғылары бар немесе жоқ жер бетіндегі көздерден) және тасымалды суды пайдаланатын АЕМ-ге қарағанда, жағдайы жақсы болады. Сумен жабдықтау жүйесі бойынша мәндердің мөлшері орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-де 5 балдан тасымалды суды пайдаланатын АЕМ-де 0 балға дейін түрленеді;

2 2) жол – 5 балл. Жол инфрақұрылымын бағалау үшін АЕМ-нен аудан орталығына дейінгі қатты жабыны бар автокөлік жолдарының пайызы қабылданды. Шекті мәндері қатты жабыны бар 100% болып, одан әрі қадамдық мәні 25%-бен анықталады.

3 3) газбен жабдықтау – 5 балл, халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын инфрақұрылымды дамытудың көрсеткіші. АЕМ-ді табиғи газбен газдандыру – 5 балл, сұйытылған газбен қамтамасыз ету (баллонда) – 2 балл және газбен жабдықталмаған – 0 балл осы көрсеткішті анықтайтын шекті мәндер болып табылады;

4 4) электр энергиясы – 5 балл. Халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігінің маңызды көрсеткіші. Шекті мәндер АЕМ-нің электр энергиясымен қамтамасыз етілгенімен немесе қамтамасыз етілмегенімен анықталады;

5 5) байланыс (телефондық) – 5 балл. АЕМ-ді телефондандыру деңгейімен анықталады. Көрсеткіштің шекті мәні абоненттік желінің тығыздығымен айқындалады: АТБ – 5 балл, 1-ден 20-ға дейін нөмірлер – 2 балл, 1 нөмір – 1 балл болуы және байланыстың болмауы – 0 балл.

9 9. Әлеуметтік блоктың жіктеу факторлары:

1 1) халықтың саны – 5 балл. АЕМ-де халықтың шоғырлануын көрсетеді. Бастапқы мәндері халықтың санына байланысты анықталады және бір АЕМ-де 0-ден 5 000-ға және одан асатын адамға дейін түрленеді;

2

2) мектептер – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдікті мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысына сәйкес жүргізіледі, онда ауылдық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер мен стандарттар бекітілген.
Білім беруді дамыту көрсеткішін бағалау білім беру объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың нақты елді мекенде бар болуы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын АЕМ-нен 3 км астам қашықтығы бойынша жүзеге асырылады;

3 3) мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы – 4 балл. Көрсеткіштің шекті мәндері АЕМ-де мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы бойынша анықталады: балабақша – 4 балл, шағын-орталық – 2 балл;

4

4) денсаулық сақтау – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына сәйкес жүргізіледі, онда ауылдық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер бекітілген.
Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін бағалау денсаулық сақтау объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың АЕМ-де бар болуы негізінде жүргізіледі;

5 5) жұмыспен қамту – 4 балл. АЕМ-де жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық белсенді халықтың санына арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады;

6 6) кедейлік – 2 балл. Ауылдың 100 тұрғынына шаққанда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.

10 10. Экологиялық блок мынадай көрсеткіштер бойынша бөлінген:

1

1) радиациялық ая – өлшем бірлігі - мкЗв/сағ. «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысына сәйкес елді мекендердің аумағындағы радиациялық аяның жай-күйін сипаттайтын көрсеткіш сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуаты (ЭДҚ) болып табылады, ол 0,3 мкЗв/сағ. аспауы қажет.
0,3 мкЗв/сағ. асатын радиациялық ая деңгейі бар АЕМ басқа көрсеткіштер бойынша жоғары және орта даму әлеуеті болуына қарамастан, ерекше қолайсыз экологиялық жағдайы бар елді мекендердің тобына ауыстырылады;

2

2) ауыз судың сапасы – «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес судың сапасы және оның тұтынуға жарамдылығын сипаттау үшін оны минералдандыру деңгейі алынады, онда ауыз судағы минералдық тұздардың (құрғақ қалдықтың) шекті жол берілетін жинақталуы (ШЖЖ) 1(1,5) г/л құрайды.

11 11. Барлық жіктеу факторлары бойынша көрсеткіштер әрбір АЕМ бөлінісінде балмен анықталады.

12 12. Өлшемдердің үш блогы бойынша алынған АЕМ балдарының жиынтық сомасы экологиялық блок бойынша түзету коэффициентіне көбейтіледі және ауылдық елді мекеннің әлеуетін сипаттайтын жиынтық балды анықтайды.

13 13. Балдардың жиынтық сомасының негізінде АЕМ үш санатқа (типке) бөлінеді:

1 1) Даму әлеуеті жоғары АЕМ – 70 балдан астам;

2 2) Даму әлеуеті орташа АЕМ – 35-69 балл;

3 3) Даму әлеуеті төмен АЕМ – 1-34 балл;

Қолданыстағы