Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по повышению качества юридической работы в местных исполнительных органах

Өзге акт · № 206 · қабылданған 24.11.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7578/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по повышению качества юридической работы в местных исполнительных органах Күшін жойған 24.11.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по повышению качества юридической работы в местных исполнительных органах

Күшін жойған Өзге акт № 206 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по повышению качества юридической работы в местных исполнительных органах
Атауы (қаз.)
Жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
206
Қабылданған күні
24.11.2000
Көрсетілген редакция
24.11.2000 7578_258777.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00Z0000616
ЭКБ идентификаторы
7578
Редакция идентификаторы
7578_258777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:09
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578 Заңының 28, 29, 32-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда Заң жұмысының сапасын арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы N 868 қаулысын орындау және облыс әкiмi, аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлердiң даярлану сапасын арттыру, олардың кезiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1. Облыс әкiмiнiң аппарат басшысы Е.Е. Серiкбаев 2001 жылдың әкiмi аппаратының штат құрамын қараған кезде мемлекеттiк-құқық жұмыстары бөлiмiне бас маманын енгiзудi қарастырсын, оған облыс әкiмi шығарған нормативтiк актiлердi құқықтық сараптама жасау жөнiндегi мiндетi жүктелсiн.

2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармасының департаменттердiң бастықтары штаттық кестеде қаралған бiрлiкте құқықтық мәселелер жөнiндегi мамандар жасақтауды қамтамасыз етсiн, ал аталған лауазым жоқ жерлерде бекiтiлген штат саны шегiнде заңгер лауазымын енгiзсiн.

3. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, басқармалардың департаменттердiң бастықтары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк басқару органдарында және оларға қарасты ведомстволық кәсiпорындардағы, ұйымдардағы Заң қызметi туралы Ереже талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсiн.

4. Облыстық әдiлет басқармасымен келiсiлген жергiлiктi атқарушы органдарда нормативтiк актiлердi әзiрлеу Ережесi бекiтiлсiн (тiркелдi).

5. Аудандардың, Орал қаласының әкiмдерi, облыс әкiмiнiң аппараты нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысын, бекiтiлген Ереженi қатаң басшылыққа алсын, қабылданған шешiмдердi де кезiнде тiркетiп, жариялауды қамтамасыз етсiн.

6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Е.Е. Серiкбаевке жүктелсiн.

7 Жергiлiктi атқарушы органдардың нормалық құқықтық актiлердi әзiрлеу ережесi

Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 24 қараша
N 206 шешiмiне қосымша
Жергiлiктi атқарушы органдардың нормалық құқықтық
актiлердi әзiрлеу ережесi

1. Жалпы ереже

1. Бұл Ереже (әрі қарай - Ереже) әзiрлеу тәртiбiн анықтайды, бекiтедi мемлекеттiк тiркеуге Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң нормалық актiлерiн жариялайды, сондай-ақ осы актiлерге мiндеттер жүктейдi.

2. Облыс әкiмi Конституцияны орындау негiзiнде, Заңдарды, Президент Жарлығы және Үкiмет қаулыларын өз компенсациясы көлемiнде шешiмдер мен өкiмдер алып отырады.

3. Облыс әкiмiнiң актiлерi, нормалары, құқықты сақтай, шешiм үлгiсiнде алынып отырылады. Басқалай үлгiде алынған актiлер (мысалы нұсқау түрiнде) нормативтiк құқықтық мәнде болмауы керек. Нормативтiк актiлер өкiм түрiнде болмауы, сол сияқты хат және телеграмма түрiнде де болмайды.

Облыс әкiмiнiң басқалай актiлерi өкiм түрiнде алынады.

4. Нормативтi құқықтық актiлердi облыс әкiмi немесе оның мiндетiн атқарушы бекiтедi.

5. Облыс әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзгi және қосымша түрлерi болып саналады.

Нормативтiк құқықтық актiлерге шешiмдер жатады.
Ал қосымша түрлерiне жататындар:

1) Нормативтiк құқықтық актiлер тәртiбi - iшкi мемлекеттiк ұйымдар реттеушi жұмыс қызметi және оның құрылымы болып саналады;

2) Нормативтiк құқылық актiлер - жағдайлары мемлекеттiк ұйымдар оның құрылымдары бөлiмдерi статусы мен өкiлеттiгiн анықтайды;

3) Нормативтiк құқықтық актiлер - ережесi мекеменiң жұмыс тәртiбiн, басқа да қызметiн анықтайды;

4) Нормативтiк құқық актiлерi - нұсқау заңдарды қолдану қоғамдық қатынастар сферасында анықтап талдап отырады.

6. Нормативтiк құқықтық актiлер көмекшi түрi, нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрi алынғаннан кейiн бекiтедi және олармен бiр мақсатты көздейдi.

7. Батыс Қазақстан облысы, нормативтiк құқықтық актiлерi халықтың мүддесiн, еркiндiк құқығын, ведомствоаралық мiндеттерiн, тiркелген, бекiген заңдарға сүйенедi, оның бәрiн Батыс Қазақстан облысы аймағындағы барлық жеке, заңды тұлғалар орындауға мiндеттi болады.

2. Әкiм аппараты шешiмдер жобасы мен өкiмдердi ресiмдеу түрлерi

8. Облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасы салынған арнаулы бланкiлерде (парақ) және актiлер түрiнде көрсетiлген нысанда болады.

9. Облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi атаулары болуы керек, негiзгi мәселелердi қамтып мазмұны қысқа жазылуы керек. Басты шешiм, өкiмнiң атаулары бөлшектелмей жазылуы керек. Атаулар қою әрiптермен жазылуы керек.

10. Шешiмдер атауларында өзгерiстер, қосымшалар, алдында алынған немесе күшiн жойған актiлер нысандары, алынған күнi, тiркеу номерi және атауы көрсетiлуi керек.

11. Егер алынған шешiмнiң мақсаты мiндеттерiн аздап қысқаша сөйлеген сөздерiнiң мазмұнын көрсетедi (преамбула).

Қысқаша сөзде Конституциядан, Қазақстан Республикасы, нормативтi құқықтық актiлерде Президент және Қазақстан Үкiметi қысқаша заңдарының мәндерi көрсетiледi.

12. Шешiмдер мен өкiмдерде түсiнiктi дәл бейнелеп қажет болса анықтап, түсiндiретiн бөлiкте (понятная часть) көрсетiп отырады.

13. Шешiм және өкiмнiң негiзгi құрылым бөлшегi тармақ болып саналады, құрамында құқық нормалары, болмаған сөз атаулары "тармақ" болмайды.

Құрамында жақын тармақтар бар сөздер нормалық құқықтық актiлер негiзгi тезиспен бiрiгiп кетуi мүмкiн. Бiрнеше мәндi бiр тезистер болса, нормалық құқықтық актiлер бөлiмi бiрiгiп жазылуы мүмкiн.
Үлкен бөлiмдерде нормативтi құқықты актiлер баптары, бөлiнiп көрсетiледi, ал үлкен бөлiмдерде керiсiнше кiшi бөлiмдерге бөлiнедi.
Тармақтар, негiзгi бас бөлiмдер, жеке кiшi бөлiмдер нормативтi құқылы актiлерде араб цифрлары мен жазылады. Тармақтарды сондай-ақ тарауларды және нормативтi құқықты актiлердi нөмірлеу түгелдей жүргiзiледi.
Тармақтарды және тармақшаларды араб сандарымен мына түрде жазады: 1), 2), 3) және әрі қарай. Техникалық заңдылыққа сәйкестi актiдегi мәтiнге белгiлеу көрсеткiшi сызықша немесе басқалай белгiлер қойылмайды.

14. Егер шешiм, өкiмдерде таблица, графалар, карта, схемелер болса, онда қосымша нысан үлгiсiнде, тармақтар осы қосымшаға қосылып жазылатын болады.

Қосымшаның оң жақ бұрышында алынған нормативтiк құқық актiлерiнiң нөмерi атауы алынған күнi көрсетiледi.
Егер шешiм, өкiмге бiрнеше қосымшалар қосылатын болса, оң жақ бұрышта қатар нөмерлерi, алынған күнi осы актiнiң нөмерi атауы көрсетiледi.
Мысалы:
Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Қазақстан Республикасы
___________________________
шешiмiне N 1, 2, қосымшалар
Егер осы шешiмде бекiтiлсiн деген ереже, нұсқаулар бұрыштамалар болса, былай жазылуы керек:
"Бекiтемiн"
Батыс Қазақстан облысының
әкiмi Қазақстан Республикасы
_________________№_______
шешiмi
Егер ереже, нұсқаулар, қосымшалар немесе басқалай актiлер, жеке қосымшалар толтырылғанда, онда оң жақ жоғары бұрышқа:
___________________________
1, 2 қосымша деп көрсетiледi
Қосымшаның басы осы мәтiнге (текстiге) қай актiге байланысты алынса соған сәйкес болуы керек.

15. Шешiмнiң және өкiмдер барлық нормаларды, әдеби тiлдi және заңдылық терминдердi сақтай жүргiзiлуi тиiс. Ескiрген көп мағына беретiн сөздер, метаформалық теңеулер, қысқарған сөздер болмауы керек.

Егер шешiмдер мен құқық актiлерiнде бiр сөз қайталана беретiн болса оның толық, атауы бiр рет көрсетiлiп жазылуы керек.

16. Облыс әкiмiнiң шешiмiмен комиссияның құрамы, жұмыс топтарын немесе уақытша органдарды құрған кезде фамилиясы аты, әкесiнiң аты толық жазылуы тиiс.

17. Шешiм алынғанда текстiң мәтiнi сөзбен және санмен жазылуы керек (2000 жыл 12 сәуiр).

18. Облыс әкiмi шешiм алғанда мiндеттi түрде мемлекеттiк құқық бөлiмi меңгерушiсiмен, штаттағы заң қызметтерi мен келiсiп отырады.

19. Шешiмнiң алғашқы жазылуында облыс әкiмiнiң орынбасары осы саланы басқаратын, және аппарат басшысы қол қоюы керек. Егер шешiмдерде бiрнеше мемлекеттiк ұйымдар қамтылса, олардың басшыларының қолы қойылуы керек.

20. Құжаттар дайындалып, тиiстi бланкада (парақ) көрсетiлген үлгiде мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде осы шешiмдерге қатысты мемлекеттiк ұйымдармен келiсiледi, сондай-ақ сол саланы басқаратын орынбасарлары, мемлекеттiк құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi қол қояды, аппарат басшысы арқылы облыс әкiмiне қол қоюға берiледi.

21. Кейбiр құжаттар жобалары қате дайындалса аппарат басшысы құжатты керi қайтарып түзетiп қайта жаздырады.

22. Облыс әкiмiнiң өкiмдер жобасы талдап, анықтап жазылады.

23. Қайда жiберiлетiнi көрсетiлiп облыс әкiмi қол қойғаннан кейiн, бөлiм меңгерушiлерi қол қойғасын аппарат басшысы мақұлдағаннан соң құжаттар тиiстi орындарға жiберiледi.

Құжаттарға тиiстi қолдар қойылғаннан кейiн түзетулер жасалынбайды.

24. Алынған шешiмдер мен өкiмдер (қосымша N 1) үлгiде есебi жүргiзiледi. Облыс әкiмiнiң актiлер нөмірлеудi жыл бойы жүргiзiледi. Жалпы бөлiм актiлердi қанша дана керегiне қарай дайындайды, облыс әкiмiнiң елтаңбалы мөрiмен шандырылады, содан кейiн адрестелген орындарға жiберiледi.

3. Облыс әкiмi шешiмдерi жобасын әзiрлеу әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткiзу тәртiбi

25. Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабына сәйкестi "Нормативтi құқылық актiлер туралы" облыс әкiмiнiң нормативтiк құқылық актiлерi жалпы мiндеттердiң мағыналарын, ведомостоаралық мiнездер құқықтары, азаматтардың еркiндiк мiндеттерi Қазақстан Республикасы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге жатады.
Мұндай тiркеулер мiндеттi болады. Олардың iске асу жағдайларының жүргiзiлуi қажет. Тiркелмеген нормативтiк құқылық актiлердiң заңды күшi болмайды.

26. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк тiркеу Ережелерiн бекiту нормативтiк құқылық актiлер және басқалай мемлекеттiк орталық органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн, сол сияқты құрамға кiрмейтiн, Қазақстан Республикасы жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары" қаулылары, облыс әкiмiнiң әзiрленген шешiмдерi мемлекеттiк тiркеуге сәйкестi жүргiзiлiп отырылады. Осымен қатар Мемлекеттiк кепiлдеменi Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнде әзiрленген нормативтiк құқылық актiлерiн орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдары басшылыққа алып отырулары қажет.

27. Нормативтi құқылық актiлер әдiлет басқармасында бекiгеннен екi жұма кейiн (қол қойылғаннан соң) 3 данамен қол жазбаны қоса есептегенде (оригинальный текст) мемлекеттiк және орыс тiлiнде қағазда, дискетада берiледi (құжаттар "құпия" деген белгiмен бiр данамен мемлекеттiк және орыс тiлiнде қағазда, дискетада берiледi).
Нормативтi құқықтық актiлерде мiндеттi түрде барлық деректемелерi (реквизит) болуы керек:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
- актiнiң үлгi нұсқауы: шешiм;
- атауы (актiнiң атауы);
- актiнiң орны және күнi;
- әкiмнiң қолы;
- елтаңбалы мөр;
- актiнiң тiркеу номерi.

28. Әкiм шешiмiнде мемлекеттiк органдар жағдайларын, нормативтiк және тапсырмалар мүдделерiне қатысты басқалай органдармен де келiсе отырып жүргiзедi.

Келiсiм деректемелерi толтырылғанда келiсушi органдар басшыларымен немесе орынбасарларымен келiсе отырып толтырылады. Деректемелерде мемлекеттiк органның атауы және лауазымы, жеке қолы, қолының мағынасы (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты), күнi және елтаңбалы мөрi болады.

29. Мемлекеттiк тiркеуге облыс әкiмiнiң шешiмiн бергенде әкiм аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiм меңгерушiсiнiң қолымен, ол жоқ болған кезде штаттағы заң қызметкерiнiң әрбiр бетке жеке қол қоюымен жүргiзiледi. Егер нормаланған құқықтық актiлер бiрнеше мемлекеттiк органдарға берiлсе, әрбiр мемлекеттiк органдардың заң қызметкерiнiң басшысы әрбiр бетке қол қояды.

30. Нормалық құқықтық актiлерге қосымша негiздеу-анықтамаларды, онда нормалық құқықтық актiлер негiзi жан-жақты көрсетiлген мемлекеттiк-құқықтық бөлiм меңгерушiсi, ол болмағанда штаттағы заң қызметкерi қол қояды.

31. Нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн облыс әкiмi аппаратының пресс-орталығы әдейi жариялайды.

46 Батыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерінің тізімі ____ 200 ___ ж.

N 1 қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерінің тізімі ____ 200 ___ ж.

күні
Атауы
күшін жойғаны
Жарияланымдардың атаулары мен күні
бет саны
қол қоюшы
орындаушының фамилиясы, аты, әкесінің аты

47 Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімдерінің тізімі ______ 200 ___ ж.

N 2 қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімдерінің тізімі ______ 200 ___ ж.

күні
Атауы
бет саны
қол қоюшы
күшін жойғаны
орындаушының фамилиясы, аты, әкесінің аты