Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Организация перевозок и управление движением на транспорте"

Бұйрық · № 751 · қабылданған 26.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-75787/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Организация перевозок и управление движением на транспорте" Күшін жойған Бұйрық ·№ 751 ·26.09.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Организация перевозок и управление движением на транспорте"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 751 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Организация перевозок и управление движением на транспорте"
Атауы (қаз.)
"Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
751
Қабылданған күні
26.09.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI75787_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008903
ЭКБ идентификаторы
75787
Редакция идентификаторы
AI75787_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14

0 "Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
Әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 9 қазан

8 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2013 жылғы
26 қыркүйектегі № 751
бұйрығымен бекітілген
«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;
қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;

2 2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.

3 3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;

4 4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

5 5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

6 6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

7 7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;

8 8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

11 11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

5 5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

КҚ – кәсіптік қызмет;
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;
ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;
ҮБС – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;
Ф – функциялар;
М – міндеттер.

2 2. КС паспорты

6 6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): «Көлік және жинақтау».

7 7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.

Кәсіби стандарт «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

8 8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.

Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор және метрополитен бойынша кезекші.

3 3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1 Параграф 1. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

9 9. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.

10 10. Мүмкін болатын лауазым атауы: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.

11

11. «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор» кәсібі субъектіні көлік құралдарының пайдалану қызметін жедел есепке алу бойынша жұмыстар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жоғалған жүктерді іздестіру, құжаттарды сату және ресімдеу сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.

12 12. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.

13 13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.

14 14. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторының орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.

15 15. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.

2 Параграф 2. Метрополитен бойынша кезекші

16 16. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.

17 17. Мүмкін болатын лауазым атауы: метрополитен бойынша кезекші.

18

18. «Метрополитен бойынша кезекші» кәсібі субъектіні поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, поездардың жүру кестесінің орындалуын жүзеге асыру және метрополитен станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.

19 19. Метрополитен бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.

20 20. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 3 Қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.

21 21. Метрополитен бойынша кезекшінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.

22 22. Метрополитен бойынша кезекшінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.

53 Тасымалдауды ұйымдастыру және

көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 1-қосымша
1-Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Рет­тік №
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның ба­ғыт­та­ры ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
01-2005 ҚР МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ сәй­кес бі­лік­ті­лік дең­гейі
1.
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ну қыз­ме­тін же­дел есеп­ке алу бой­ын­ша жұ­мыстар; жо­ғал­ған жүк­тер­ді із­де­сті­ру; құ­жат­тар­ды са­ту және ре­сім­деу
Та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын өң­деу жө­нін­де­гі опе­ра­тор
Та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын өң­деу жө­нін­де­гі опе­ра­тор
3
2.
По­ез­дар­ды қа­был­дау, жө­нел­ту және өт­кі­зу­ді, по­ез­дар­дың жү­ру кесте­сі­нің орын­да­луын жү­зе­ге асы­ра­ды және мет­ро­по­ли­тен стан­ци­я­ла­ры­ның үз­дік­сіз жұ­мысын қам­та­ма­сыз ете­ді
Мет­ро­по­ли­тен бой­ын­ша ке­зек­ші
Мет­ро­по­ли­тен бой­ын­ша ке­зек­ші
3

54 Тасымалдауды ұйымдастыру және

көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 2-қосымша
1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-99 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші (ҚР МЖ 01-99)
Ба­за­лық топ
4133
Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның Үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (ҮБС)
ҮБС бой­ын­ша ла­у­а­зым
Та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын өң­деу жө­нін­де­гі опе­ра­тор
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
3
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Қыз­ме­ті кө­лік­пен және та­сы­мал­да­у­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Жоқ
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
Жоқ
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі
Та­лап етіл­мей­ді
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ақ­ша қа­ра­жа­ты­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар
2
Жол жү­ру және та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын ре­сім­деу және са­ту
3
Жүк­ті, ба­гаж­ды жө­нел­ту­ді ба­қы­лау
4-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Қар­жы­лық есеп­те­улер
Ақ­ша
1-1) Ақ­ша қа­ра­жа­тын қа­был­дау, есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
3
Жүк (жо­ла­у­шы­лар)
Кө­лік құ­ра­лы
3-1) Та­сы­мал­дау ке­зін­де жүк­тер­дің дұ­рыс бе­кі­ті­лу­ін және ор­на­ла­сты­ры­луын тек­се­ру
3-2) Жүк­тер­ді та­сы­мал­дау ке­зін­де ең­бек­ті қор­ғау та­лап­та­ры­ның орын­да­луын ба­қы­лау
2
Жүк (жо­ла­у­шы­лар)
Ком­пью­тер, прин­тер, блан­кі­лер және қа­ғаз
2-1) Те­мір­жол кө­лі­гіне жол жү­ру және та­сы­мал­дау құ­жат­та­рын ре­сім­деу және са­ту
2-2) Жүк­тер­ді сақ­тан­ды­ру­ды ре­сім­деу
5-Кесте. СБШ 3-деңгейі бойынша тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Ақ­ша ауда­рым­да­рын тек­се­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ақ­ша ауда­рым­да­ры­мен жұ­мыс жа­сау
Бух­гал­тер­лік есеп, жүк пен ба­гаж­ды ре­сім­деу ны­сан­да­ры
2-1)
2-2)
Та­сы­мал­дау және бас­қа қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ре­сім­де­лу­ін орын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Іс жүр­гі­зу
Қа­жет­ті құ­жат­та­ма­ны тол­ты­ру (ны­сан­дар бой­ын­ша)
3-1)
3-2)
Жүк­ті (жо­ла­у­шы­лар­ды) та­сы­мал­да­уды ба­қы­лау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Жүк­ті кө­лік­ке бе­кі­ту дағдысы
Жүк­ті кө­лік­пен та­сы­мал­дау ере­же­ле­рі (кө­лік түр­ле­рі бой­ын­ша)

55 Тасымалдауды ұйымдастыру және

көліктегі қозғалысты басқару
кәсіби стандартына 3-қосымша
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Ба­за­лық топ
4133
Жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі­нің Бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­сы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, та­ра­уы
-
БТ­БА бой­ын­ша кә­сіп
Мет­ро­по­ли­тен бой­ын­ша ке­зек­ші
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
-
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
мет­ро­по­ли­тен
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Электр өрі­сі­нің жо­ғар­ғы кер­не­уі; ста­ти­ка­лық электр дең­гей­і­нің жо­ға­ры­лы­ғы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
жоқ
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі
Та­лап етіл­мей­ді
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы (кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Элек­тр­лік ор­та­лық­тан­ды­ру ап­па­ра­тын­да по­ез­дар­ды қа­был­дау, жө­нел­ту марш­рут­та­рын дай­ын­дау және тех­ни­ка­лық-бас­қа­ру ак­ті­сі­нің, стрел­ка­лар­дың өза­ра бірі­гіп жұ­мыс іс­теу кесте­сіне, сиг­нал­дар мен марш­рут­тар­ға және элек­тр­лік ор­та­лық­тан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы жер­гі­лік­ті нұс­қа­улық­қа сәй­кес ма­невр­лік жұ­мыстар­ды орын­дау бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды уа­қы­ты­лы орын­дай­ды.
2
Жа­рық­тық таб­ло мен бар­лық ба­қы­лау ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін, по­ез­дар­дың жө­нел­ті­лу­ін, ма­невр­лік құ­рам­дар­дың қоз­ға­лы­сын ба­қы­лай­ды.
3
По­ез­дар­ды қа­был­дау және жө­нел­ту жө­нін­де­гі ке­зек­ші­лер­дің, ав­то­мат­ты өт­кі­зу пункт­те­рі опе­ра­тор­ла­ры­ның, өн­ді­рі­стік жай­лар жи­на­у­шы­ла­ры­ның жұ­мыста­ры­на бас­шы­лық жа­сау.
4-кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
1
ДОБ құ­ры­л­ғы­ла­ры
Пульт - таб­ло
1-1) Стан­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры мен жабды­ғы­ның дұ­рыс жұ­мыс жа­са­уын ба­қы­лау (стрел­ка­лы ауы­сты­ру, ба­қы­лау ас­пап­та­ры және т.б.)
1-2) По­ез­дар­ды қа­был­дау мен жө­нел­ту марш­рут­та­рын дай­ын­дау бой­ын­ша элек­тр­лік ор­та­лық­тан­ды­ру ап­па­ра­тын­да жұ­мыс іс­теу
3
Жұ­мыс­шы­лар, жо­ла­у­шы­лар
Бай­ла­ныс және қат­ты да­уы­сты ха­бар­лан­ды­ру құ­ры­л­ғы­сы
3-1) Стан­ция бой­ын­ша ке­зек­ші­лер мен опе­ра­тор­лар­дың жұ­мысын бас­қа­ра­ды
3-2) Жо­ла­у­шы­лар­ға қат­ты да­уы­сты ха­бар­лан­ды­ру ар­қы­лы ақ­па­рат бе­ре­ді
3-3) Стан­ци­я­лар мен ара­лық­та тұр­ған­нан кей­ін құ­рам­дар­ды қа­был­да­у­ға ло­ко­мо­тив бри­га­да­ла­ры­ның (ма­ши­ни­стер­дің) уа­қы­ты­лы ке­лу­ін ба­қы­лай­ды
2
По­ез­дар
Пульт - таб­ло
2-1) Жа­рық­тық таб­ло мен бар­лық ба­қы­лау ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін, по­ез­дар­дың жө­нел­ті­лу­ін, ке­лу­ін ба­қы­лау
2-2) По­ез­дар­дың қоз­ға­лы­сы мен ма­невр­лар­дың үстел жур­на­лы­на ор­та­лық­тан­ды­ру бе­ке­ті опе­ра­то­ры­ның жа­з­ба­жа­зуын ба­қы­лай­ды және өзі жа­за­ды
2-3) По­езд дис­пет­че­рі­нің по­ез­дар­дың қоз­ға­лы­сын рет­тік бой­ын­ша нұс­қа­у­ла­рын орын­дай­ды, ма­ши­ни­стер­ге ес­кер­ту рә­сім­дей­ді және бе­ре­ді, дис­пет­чер­дің бұй­рық кө­шір­ме­ле­рін және бас­қа жол жү­ру құ­жат­та­рын рә­сім­дей­ді және бе­ре­ді
5-кесте. СБШ 3-деңгейінің метрополитен бойынша кезекшісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет шиф­ры
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
1-2)
Мет­ро­по­ли­тен­нің дұ­рыс жұ­мыс жа­са­уы үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ор­нық­ты­лық, ті­л­тап­қы­штық
Даб­ыл­да­ма, ор­та­лық­тан­ды­ру және бл­ок­тау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның жұ­мысын бі­лу
2-1)
2-2)
2-3)
Жо­ға­ры тұр­ған бас­шы­лық­тың нұс­қа­у­ла­ры мен бұй­рық­та­рын орын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Са­у­ат­ты сөй­лей бі­лу
Іс жүр­гі­зу
3-1)
3-2)
Мет­ро­по­ли­тен­де­гі по­ез­дар­дың қоз­ға­лу кесте­сін орын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ор­нық­ты­лық, тіл тап­қы­штық
Мет­ро­по­ли­тен бой­ын­ша по­ез­дар­дың қоз­ға­лу ере­же­ле­рі, стан­ция ТРА
4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері
5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер
PRC «Career-Holdings»
6. Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­сі­л­ген кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы кө­лік және ком­му­ни­ка­ци­я­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­ді және кадр­лар да­яр­ла­уды да­мы­ту бой­ын­ша са­ла­лық ке­ңес
7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі
Осы кәсіптік стандарт ________________ бекітілді және тіркелді.
Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
Хат (хаттама) № __________________ Күні _______________________

Қолданыстағы