Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта"

Бұйрық · № 752 · қабылданған 26.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-76004/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта" Күшін жойған Бұйрық ·№ 752 ·26.09.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 752 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта"
Атауы (қаз.)
"Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
752
Қабылданған күні
26.09.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI76004_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008910
ЭКБ идентификаторы
76004
Редакция идентификаторы
AI76004_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14

0 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін 5 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсыну қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
______________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 9 қазан

0 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 752 бұйрығымен
бекітілген
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Кәсіби стандарт:

еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;
қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;

2 2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;

4 4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

5 5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

6 6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

7 7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;

8 8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

11 11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

5 5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

КҚ – кәсіптік қызмет;
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;
ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;
ҮБС - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;
Ф – функциялар;
М – Міндеттер.

2 2. Кәсіптік стандарттың паспорты

6 6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): Көлік және жинақтау.

7 7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.

Кәсіби стандарт «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

8 8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.

Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: автокөлік жүргізуші және автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.

3 3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкасы

1 Параграф 1. Автокөлік жүргізуші

9 9. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.

10 10. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөлік жүргізуші.

11 11. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік құралын басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.

12 12. Автокөлік жүргізушінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.

13 13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.

14 14. Автокөлік жүргізушінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.

15 15. Автокөлік жүргізушінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6 және 7-кестелеріңде көрсетілді.

2 Параграф 2. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір

15 15. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.

16 16. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.

17 17. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік жөндеу басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.

Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.

18 18. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.

19 19. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.

20 20. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.

21 21. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6 және 7-кестелерінде көрсетілді.

1 Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Автомобиль көлігіне
техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану
кәсіби стандартына 1-қосымша
Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Рет­тік №
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның ба­ғыт­та­ры ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
01-2005 ҚР МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ сәй­кес бі­лік­ті­лік дең­гейі
1
Әр түр­лі үл­гі­де­гі және мар­ка­да­ғы же­ңіл және жүк ав­то­кө­лік­те­рін бас­қа­ру
Ав­то­мо­биль жүр­гі­зу­ші­сі
Жүр­гі­зу­ші
2-4
2
Ав­то­кө­лік­тер­ге сле­сар­лық тех­ни­ка­лық қыз­мет жа­сау және жөн­деу жұ­мыста­ры
Ав­то­мо­биль жөн­деу жө­нін­де­гі сле­сарь
Ав­то­мо­биль жөн­деу жө­нін­де­гі сле­сарь
2-4

2 1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Автомобиль көлігіне
техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану
кәсіби стандартына 2-қосымша
1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-99 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші (ҚР МЖ 01-99)
Ба­за­лық топ
8322
ҚР Жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мыста­ры мен кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, та­ра­уы
52-шы­ға­ры­лым «Ав­то­мо­биль және қа­ла­лық электр кө­лі­гі» бө­лі­мі
БТ­БА бой­ын­ша ма­ман­дық
Ав­то­мо­биль жүр­гі­зу­ші­сі
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
2.1, 2.2
2
3.1, 3.2
3-4
4.1, 4.2
5-8
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры
Жаб­дық­тал­ған және ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Ауыр кө­те­ру, жо­ға­ры неме­се тө­мен ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы, зи­ян­ды заттар­дың неме­се га­з­дар­дың ШРК ық­ти­мал ар­туы.
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше та­лап­та­ры
ҚР Заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
2.1, 2.2
Жал­пы ор­та бі­лі­мі бар болған­да ав­то­мек­теп­те ұй­ым­да­сты­ры­л­ған кур­стар неме­се ти­іс­ті ли­цен­зи­я­сы бар ар­найы оқу ор­нын­да оқы­ту
Та­лап етіл­мей­ді
3.1, 3.2
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі неме­се прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз, тех­ни­ка­лық неме­се кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры­ла­ты­л­ған дең­гейі
2-дең­гей­де 1 жыл
4.1, 4.2
Тех­ни­ка­лық неме­се кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры­ла­ты­л­ған дең­гейі және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі неме­се неме­се прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз ор­та буын ма­ма­ны­ның бі­лік­ті­лі­гі
3-дең­гей­де 2 жыл
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі
(кәсіптің еңбек функциялары)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ато­кө­лік­ті рей­ске шы­ғар ал­дын­да тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кі­зу
2
Ав­то­кө­лік құ­ра­лын бас­қа­ру
3
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын тек­се­ру
4-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі
(функционалдық карта)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Кө­тер­гіш, қа­рау ала­ңы, көз­бен шо­лып қа­рау
1-1) Те­же­гіш жүй­е­сін тек­се­ру: пе­даль­дар­дың ер­кін ба­сы­луы, те­же­гіш сұй­ық­тығ­ы­ның дең­гейі, са­ңы­лау­сызды­ғы, те­же­гіш­тер­дің жұ­мысы; су бөл­гіш­тен және ауа бал­лон­да­ры­нан кон­лен­сат­ты тө­гу; кө­тер­гіш­те­гі ав­то­кө­лік­ті – руль­мен бас­қа­ру­ды; жү­ріс бө­лі­гін; ас­па­ны; сұй­ық­тық­тың ағуын және т.б. бол­мауын қа­рап тек­се­ру. Ав­то­кө­лік­ке жа­нар­май құю
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­дің жүр­гі­зу­ші­нің сырт­қы тү­ріне қа­рап тек­се­руі.Қан қы­сы­мын тек­се­ре­тін ас­пап­тар және бас­қа­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық пункт (ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме)
1-2) Жүр­гі­зу­ші ден­са­улы­ғы­ның фи­зи­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру.
Жол қа­ға­з­да­ры­ның блан­кі­ле­рі, та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тар және өзге де құ­жат­тар
Нор­ма­тив­тік – тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма
1-3) Рей­ске шы­ға­тын құ­жат­тар­ды дай­ын­дау: жол қа­ға­зы, тап­сыр­ма алу, та­у­ар-кө­лік­тік жүк­қа­ға­з­ды және т.б. құ­жат­тар­ды алу
2
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы (ав­то­мо­биль)
Ав­то­кө­лік құ­ра­лын бас­қа­ру те­ті­гі (руль, ажы­ра­ту муф­та­сы­ның пе­да­лі, те­же­гіш, ак­сел­ле­ра­тор, жыл­дам­дық ко­рап­ша­сын, қол те­же­гі­шін бас­қа жыл­дам­дық­қа іс­ке қо­су). Фа­ра жа­ры­ғы­ның ре­те­уіш­те­рі, бұ­ры­лыс ай­ы­рып-қо­сқы­шта­ры, те­ре­зе та­зарт­қы­штар, ас­пап­тар тақ­та­сы­ның көр­сет­кіш­те­рі, борт­тық ком­пью­тер­дің си­гла­ни­за­тор­ла­ры. Сле­сар­лық және доң­ға­лақ жөн­деу құ­ра­лы, сүй­ре­ту­ге ар­нал­ған құ­рал­дар, өрт сөн­ді­ру­ге ар­нал­ған қоз­ғал­ма­лы құ­рал­дар (өрт сөн­дір­гіш), жүр­гі­зу­ші­нің дә­рі қо­ра­бы.
2-1) Бел­гі­лен­ген бағ­дар бой­ын­ша жол­ға шы­ғу, ав­то­кө­лік­ті жүк ти­е­у­ге дұ­рыс қою, жүк­тің дұ­рыс ти­е­лу­ін және жүк­тің ав­то­кө­лік­ке дұ­рыс бе­кі­ті­лу­ін ба­қы­лау
2-2) Ав­то­кө­лік­ті бел­гі­лен­ген ба­ғыт­та­ғы жол­мен жүр­гі­зу, жол жү­ру ере­же­ле­рін сақ­тау; қоз­ғал­ма­лы құ­рам­ның құ­рам­дас бө­лік­те­рін бөл­шек­те­уді та­лап ет­пей­тін туын­да­ған ақа­у­ла­рын жол үст­ін­де жою
2-3) Жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге жет­кі­зу және тап­сы­ру. Тап­сы­ру-қа­был­дау құ­жат­та­рын ре­сім­деу. Ав­то­кө­лік кә­сі­пор­ны­на қай­ту және ав­то­мо­биль­ді тұ­р­ақ­қа қою
3
Көз­бен шо­лу. Ав­то­кө­лік­ке жүк­ті ор­на­ла­сты­ру сыз­ба­сы­на және бе­кіт­пе­сіне сай. Ав­то­кө­лік­тің сал­ма­ғын өл­шеу және жүк сал­ма­ғын осі бой­ын­ша тек­се­ру.
Бе­кі­ту ар­қан­да­ры және те­мір ар­қан­дар, тент­тел­ген ку­зо­втар неме­се жүк­ті жап­қы­шпен жа­бу. Ав­то­кө­лік та­разысы.
3-1) Жүк­тің ав­то­кө­лік­ке дұ­рыс ти­е­лу­ін және дұ­рыс бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру, жүк­тің жол­да тү­гел­ді­гін және сақ­та­луын ба­қы­лау.
Жү­гі бар ав­то­кө­лік құ­ра­лы (ав­то­кө­лік).
Ав­то­кө­лік құ­ра­лын бас­қа­ру те­тікте­рі, қа­да­ға­лау ас­пап­та­ры, жол жү­ру ере­же­сі.
3-2) Ав­то­кө­лік­ті жол үст­ін­де өзді­гі­нен ба­қы­лау және ав­то­кө­лік­тің дұ­рыс бас­қа­ры­луын өзді­гі­нен тал­дау (жол жағ­дай­ы­на және та­би­ғат жағ­дай­ы­на қа­рай қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғын және жұ­мыс ре­жи­мін таң­дау), жол жү­ру ере­же­сін бұз­бау және бас­қа­ла­ры
Жүк­тің тұ­ты­ну­шы­сы­мен (тап­сы­рыс бе­ру­ші­мен) жа­са­ла­тын шарт; та­у­ра­лық-кө­лік­тік жүк­қа­ға­з­дар және бас­қа да құ­жат­тар
Орын­дал­ған жұ­мыс ак­ті­сіне және бас­қа да нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­ға қол қою.
3-3) Жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге шар­тта көр­се­ті­л­ген мер­зім­де тү­гел және бұз­бай жет­кі­зу. Тап­сы­рыс бе­ру­ші та­ра­бы­нан ша­ғым бол­мауы.
5-Кесте. СБШ 2-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Жол­ға шы­ғар ал­дын­да ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның те­же­гіш жүй­е­сін, руль­мен бас­қа­ру жүй­е­сін, жү­ріс бө­лі­гін, ас­па­ны, сұй­ық­тық­тың ағуы­ның бол­мауын тек­се­ру ба­ры­сын­да­ғы шек­те­улі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Жол­ға шы­ғар ал­дын­да ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның те­же­гіш жүй­е­сін, руль­мен бас­қа­ру жүй­е­сін, жү­ріс бө­лі­гін, ас­па және т.б. өмір­лік ма­ңы­зды то­рап­та­рын және бөл­шек­те­рін тек­се­ре бі­лу. Ав­то­кө­лік­ке жа­нар­май, май, сал­қын­дат­қыш сұй­ық­тық және бас­қа­ла­рын құя бі­лу.
Ав­то­кө­лік­тің, оның то­рап­та­ры­ның және аг­ре­гат­та­ры­ның құ­ры­лы­сын, ав­то­кө­лік құ­ра­лын бас­қа­ру қа­уіп­сіз­ді­гіне және жұ­мысқа жа­рам­ды­лы­ғы­на әсе­рін бі­лу
2-1)
Бел­гі­лен­ген бағ­дар бой­ын­ша жол­ға шы­ғу, ав­то­кө­лік­ті жүк ти­е­у­ге дұ­рыс қою ба­ры­сын­да­ғы шек­те­улі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жүк жет­кі­зе­тін орын­ға жү­ру ба­ғы­тын сақ­тай бі­лу. Ав­то­кө­лік­ке жүк­ті дұ­рыс ор­на­ла­сты­ру және бе­кі­те бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жүк тү­сі­ре­тін орын­ға ба­ра­тын жол ба­ғы­тын бі­лу. Ав­то­кө­лік­ке жүк ти­еу, ор­на­ла­сты­ру және оны бе­кі­ту ере­же­сін бі­лу
3-1)
Шек­те­улі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Жүк­ті ав­то­кө­лік­ке ти­еу, ор­на­ла­сты­ру және бе­кі­ту дағдыс­ын бі­лу. Жүк­тің жол­да тү­гел бо­луын және бұ­зыл­мауын ба­қы­лау дағдыс­ын бі­лу
Жүк­ті ав­то­кө­лік­ке ти­еу, ор­на­ла­сты­ру және бе­кі­ту ере­же­сін; жүк­тің жол­да тү­гел бо­луын және бұ­зыл­мауын ба­қы­лау ере­же­сін бі­лу
6-Кесте. СБШ 3-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-2)
Жүр­гі­зу­ші­нің фи­зи­ка­лық ден­са­улық жағ­дай­ын тек­се­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз ер­кі­мен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Өз ағ­за­сын «өмір сү­ру­ге қа­бі­лет­ті» етіп (сау, жұ­мысқа жа­рам­ды күй­де) ұстау, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын ұста­ну. Өзіне және ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға ал­ғаш­қы дә­рі­гер­лік кө­мек көр­се­ту бі­лу.
Ме­ди­ци­на негіз­де­рін бі­лу, ағ­за­ны сау, жұ­мысқа жа­рам­ды күй­де ұстау, өзіне және ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға ал­ғаш­қы дә­рі­гер­лік кө­мек көр­се­ту тә­сіл­де­рі мен амал­да­рын бі­лу
2-2)
Ав­то­кө­лік­ті бас­қа­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз ер­кі­мен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ав­то­кө­лік құ­ра­лын қа­уіп­сіз бас­қа­ру дағ­ды­ла­рын бі­лу, ав­то­кө­лік жол­да­ры және жер­гі­лік­ті жер бой­ын­ша оң­тай­лы жол ба­ғы­тын анық­тай алу. Жол жү­ру ере­же­ле­рін қол­да­на бі­лу. Жол­да туын­да­ған ақа­у­лар­ды жоя бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­ра­лын қа­уіп­сіз бас­қа­ру тә­сіл­де­рі мен амал­да­рын бі­лу, соң­ғы бел­гі­лен­ген пункт­қа ба­ру ағы­тын бі­лу. Жол жү­ру ере­же­сін мүл­тік­сіз бі­лу. Бөл­шек­те­уді та­лап ет­пей­тін ақа­у­лар­ды жою тә­сіл­де­рі мен амал­да­рын бі­лу
3-2)
Ав­то­кө­лік­ті жол үт­сін­де өзді­гі­нен ба­қы­лау және ав­то­кө­лік­тің дұ­рыс бас­қа­ры­луын өзді­гі­нен тал­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз ер­кі­мен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Әр түр­лі та­би­ғат жағ­дай­ын­да тұ­ман, көк­тай­ғақ, жа­уын-ша­шын, қар және т.б.) және әр түр­лі тө­се­ме­сі бар жол­дар­да қоз­ға­лу дағдыс­ын бі­лу
Әр түр­лі та­би­ғат жағ­дай­ын­да және әр түр­лі тө­се­ме­сі бар жол­дар­да қоз­ға­лу ере­же­сін бі­лу
7-Кесте. СБШ 4-деңгейі автомобиль жүргізушісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-3)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, рей­ске шы­ғу құ­жат­та­рын дай­ын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Нор­ма­тив­тік-
тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны тол­ты­ра бі­лу және олар­дың тол­ты­ры­луын тек­се­ру және олар бой­ын­ша есеп­ті­лік жүр­гі­зу.
Құ­жат жүр­гі­зу негіз­де­рін бі­лу, нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны және олар бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті бі­лу
2-3)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге жет­кі­зу және тап­сы­ру, ав­то­кө­лік­ті тұ­р­ақ­қа қою үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге жет­кіз­ген кез­де тап­сы­ру-қа­был­дау және бас­қа да құ­жат­тар­ды ре­сім­деу дағдыс­ын бі­лу
Жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге жет­кіз­ген кез­де тап­сы­ру-қа­был­дау және бас­қа да құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ере­же­сін бі­лу
3-3)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, жүк­ті тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге шар­тта көр­се­ті­л­ген мер­зім­де тү­гел және бұз­бай жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Кө­лік қыз­мет­те­ріне тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­сай бі­лу, тап­сы­ру-қа­был­дау құ­жат­та­рын, жүк­ті жет­кі­зу бой­ын­ша орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­сін ре­сім­дей алу
Тап­сы­ру-қа­был­дау құ­жат­та­рын, орын­дал­ған жұ­мыс ак­ті­сін, кө­лік қыз­мет­те­рін көр­се­ту бой­ын­ша шар­ттар­ды жа­сау бой­ын­ша ере­же­лер мен нұс­қа­улық­тар­ды бі­лу

3 1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысты

Автомобиль көлігіне
техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану
кәсіби стандартына 3-қосымша
1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысты
"Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші" 01-99 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші (ҚР МЖ 01-99)
Ба­за­лық топ
7231
ҚР Жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мыста­ры мен кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы,
та­ра­уы
2-шы­ға­ры­лым, «Сле­сар­лық және сле­сар­лық-құ­ра­с­ты­ру жұ­мыста­ры»
БТ­БА бой­ын­ша ма­ман­дық
Ав­то­мо­биль жөн­деу жө­нін­де­гі сле­сарь
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
2.1, 2.2
1-2
3.1, 3.2
3-4
4.1, 4.2
5-6
2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Жаб­дық­тал­ған және ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Ав­то­кө­лік кө­тер­гі­ші­нің астын­да жұ­мыс іс­теу, ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка­лық стенд­тер­мен жұ­мыс іс­теу, зи­ян­ды заттар­дың неме­се га­з­дың ШРК ық­ти­мал ар­туы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
ҚР Заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
2.1, 2.2
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі
Та­лап етіл­мей­ді
3.1, 3.2
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі неме­се прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз тех­ни­ка­лық неме­се кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры­ла­ты­л­ған дең­гейі
2-дең­гей­де 1 жыл
4.1, 4.2
Тех­ни­ка­лық неме­се кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры­ла­ты­л­ған дең­гейі және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі неме­се неме­се прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз ор­та буын ма­ма­ны­ның бі­лік­ті­лі­гі
3-дең­гей­де 2 жыл
3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі
(кәсіптің еңбек функциялары)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жұ­мыс ор­нын, кө­тер­гіш-кө­лік­тік және ба­қы­лау-сы­нау жаб­дық­та­ры дай­ын­дау,
2
Ав­то­кө­лік­ті жөн­деу
3
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау
4-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі
(функционалдық карта)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Тех­ни­ка­лық бұ­зы­л­ған ав­то­кө­лік, же­ке қор­ға­ныс затта­ры
Жуу және та­зар­ту құ­рал­да­ры, қа­уіп­сіз жа­рық­тан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры
1-1). Құ­рал­дар мен ас­пап­тар­ды ірік­теу және дай­ын­дау
Жүк кө­тер­гіш­тер және стен­ді­лер
Нұс­қа­улық­тар, ере­же­лер, ре­жим­дер
1-2) жаб­дық­тың (стен­ді­лер­дің) оң­тай­лы жұ­мыс іс­теу ре­жи­мін ірік­теу, ор­на­ту және пай­да­ла­ну (стен­дов)
Электр және пнев­мо құ­рал, ар­найы құ­рал­дар
Құ­рал-сай­ман­дар
1-3) жаб­дық­тың ақа­у­ла­рын жою
2
Ав­то­кө­лік­тің ұсақ жөн­де­уі
Ав­то­кө­тер­гіш, сле­сар­лық құ­рал­дар жи­на­ғы
2-1) ав­то­кө­лік­ті көз­бен шо­лып тек­се­ру. Жуу және та­за­лау, тә­жі­ри­бе­лі ма­ман­ның ба­қы­ла­у­ы­мен қа­ра­пай­ым жұ­мыстар­ды және тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер­ді орын­дау
Ав­то­кө­лік­тің ор­та­ша жөн­де­уі
Ав­то­кө­тер­гіш, ар­найы сле­сар­лық құ­рал­дар жи­на­ғы
2-2) ав­то­кө­лік то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­на ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка жа­сау. Тоз­ған де­таль­дар мен то­рап­тар­ды ал­ма­сты­ру
Ав­то­кө­лік­тің күр­де­лі жөн­де­уі
Ав­то­кө­тер­гіш, ар­найы сле­сар­лық құ­рал­дар жи­на­ғы, стенд­тер
2-3) ав­то­кө­лік то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­на ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка жа­сау. То­рап­тар мен аг­ре­гат­тар­ды бөл­шек­теу, кем­ші­лік­те­рін анық­тау және жөн­деу. Ав­то­кө­лік­ті жи­нау
3
Ав­то­кө­лік­тің де­таль­да­ры және то­рап­та­ры
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры және құ­рал­дар
3-1) ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның кө­ме­гі­мен жұ­мыстар­ды сырт­қы тү­рі бой­ын­ша тек­се­ру
Ав­то­кө­лік­тің то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры
Ди­а­гно­сти­ка­лық және сы­нақ стен­ді­ле­рі, ба­қы­лау өл­шеу ас­пап­та­ры
3-2) ком­пью­тер­лер­дің және ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның кө­ме­гі­мен стен­ді­де­гі жұ­мыстар­ды тек­се­ру.
Жи­нал­ған ав­то­кө­лік
3-3) ав­то­кө­лік­ті бос жүрі­спен және стен­ді­де­гі жұ­мыс ре­жи­мін­де тек­се­ру
5-Кесте. СБШ 2-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Ма­те­ри­ал­ды таң­дау және дай­ын­дау ба­ры­сын­да­ғы шек­те­улі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кес ав­то­кө­лік­тің тех­ни­ка­лық күй­ін тек­се­ре бі­лу, нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ба­ян­дау
Ав­то­кө­лік құ­ры­лы­сы ту­ра­лы негіз­гі мә­лі­мет­тер; өң­де­ле­тін ма­те­ри­ал­дар­дың негіз­гі ме­ха­ни­ка­лық ерекше­лік­те­рі. Әм­бе­бап және ар­найы құ­рал-сай­ман­дар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­да­ры мен ас­пап­та­ры­ның құ­ры­лы­сы
2-1)
Ав­то­кө­лік­ті көз­бен шо­лып тек­се­ру, жуу және та­за­лау ке­зін­де­гі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ка­би­на, ку­зов, жү­ріс бө­лі­гі және ас­па­ның дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру. Қа­ра­пай­ым аг­ре­гат­тар, то­рап­тар және де­таль­дар­дың ТҚ. Қа­ра­пай­ым ақа­у­лар­ды жо­ю­ға бай­ла­ны­сты бе­кі­ту жұ­мыста­ры. Электр жаб­дық­та­ры­ның қа­ра­пай­ым ас­пап­та­рын жөн­деу және ТҚ, 4-7 дәл­дік кла­сы­мен (сле­сар­лық ас­пап­тар­ды және ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын қол­да­на оты­рып) сле­сар­лық өң­деу ав­то­кө­лік­ке ТҚ ке­зін­де қа­ра­пай­ым жаб­дық­ты және ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын қол­да­ну
Ав­то­кө­лік құ­ры­лы­сын бі­лу, ав­то­кө­лік­тер­дің ТО-1 және ТО-2 ауқы­мын­да жұ­мыстар­ды орын­дау тә­сіл­де­рін, күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша ар­найы құ­рал­дар мен құ­рал-сай­ман­дар­ды, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын қол­да­ну ере­же­сін, өң­де­ле­тін ма­те­ри­ал­дар­дың ерекше­лік­те­рін бі­лу. Сал­қын­дат­қыш сұй­ық­тық­тар, май­лар және отын­ның мін­де­ті және қол­да­ны­лу ере­же­сі, электр тех­ни­ка­сы және элек­тро­ни­ка бой­ын­ша негіз­гі мә­лі­мет­тер, ме­талл тех­но­ло­ги­я­сы
3-1)
Қа­ра­пай­ым жөн­деу жұ­мыста­рын және ТҚ жүр­гі­зу ке­зін­де­гі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дең­гей­ін бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның кө­ме­гі­мен орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын тек­се­ре бі­лу
Ав­то­кө­лік­ке қа­ра­пай­ым жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу және тех­ни­ка­лық қыз­мет жа­са­удың тех­ни­ка­лық шар­тта­рын және та­лап­та­рын, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын бі­лу
6-Кесте. СБШ 3-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-2)
Жаб­дық жұ­мысы­ның ти­ім­ді ре­жім­де­рін, таң­дау, ор­на­ту және пай­да­ла­ну үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кес ав­то­кө­лік­тің тех­ни­ка­лық күй­ін тек­се­ре бі­лу, нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ба­ян­дау
Ав­то­кө­лік құ­ры­лы­сы ту­ра­лы негіз­гі мә­лі­мет­тер; өң­де­ле­тін ма­те­ри­ал­дар­дың негіз­гі ме­ха­ни­ка­лық ерекше­лік­те­рі. Әм­бе­бап және ар­найы құ­рал-сай­ман­дар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­да­ры мен ас­пап­та­ры­ның құ­ры­лы­сы
2-2)
Ав­то­кө­лік то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­на ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка жа­сау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ав­то­кө­лік құ­ры­лы­сын, ав­то­кө­лік­ке тех­ни­ка­лық қыз­мет жа­сау әді­сте­рі мен тә­сіл­де­рін, пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­рын, ав­то­кө­лік­тер­дің элек­тро­ни­ка негіз­де­рі бар электр жаб­дық­та­рын, ди­а­гно­сти­ка жа­сау құ­рал­да­ры мен тех­но­ло­ги­я­сын бі­лу
Қоз­ғалт­қы­штың және қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нің, тарнс­мис­си­я­ның то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­ның, руль­мен бас­қа­ру­дың және те­же­гіш­тің жай-күй­ін тек­се­ру. Жа­у­ап­ты аг­ре­гат­тар, то­рап­тар және ас­пап­тар­ды бөл­шек­теу, жөн­деу және жи­нау. Күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша аг­ре­гат­тар, то­рап­тар және де­таль­дар­ға ТҚ. Қа­ра­пай­ым аг­ре­гат­тар, то­рап­тар мен ас­пап­тар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу. 3-4 дәл­дік кла­сы­мен сле­сар­лық өң­деу жа­сау. Күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша ав­то­кө­лік­тер­ге ТҚ жа­сау үшін ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка және жаб­дық қол­да­ну
3-2)
Ав­то­кө­лік­тің то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­на ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка кө­ме­гі­мен жүр­гі­зі­л­ген жөн­деу жұ­мыста­рын тек­се­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды бо­лжам­дай­тын, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Ба­қы­лау стенд­те­рі мен ас­пап­тар­дың
кө­ме­гі­мен орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын тек­се­ре бі­лу.
Ав­то­кө­лік­тің то­рап­та­ры мен аг­ре­гат­та­ры­на жөн­деу жүр­гі­зу­дің тех­ни­ка­лық шар­тта­ры мен та­лап­та­рын, ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка тә­сіл­де­рін бі­лу
7-Кесте. СБШ 4-деңгейі автомобиль жөндеу жөніндегі слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет
шиф­ры
Же­ке және кә­сіп­тік құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-3)
Ди­а­гно­сти­ка­лық, ба­қы­лау-өл­шеу жабды­ғын бап­тау үшін ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­уы үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Ди­а­гно­сти­ка­лық, ба­қы­лау-өл­шеу және жөн­деу жабды­ғы­ның жұ­мысын­да­ғы ақа­у­ла­рын уақ­ты­лы жоя бі­лу
Ди­а­гно­сти­ка­лық, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның мін­де­ті мен құ­ры­лы­сын бі­лу және олар­дың жұ­мысын­да­ғы ақа­у­лар­ды жою әді­сте­рі
2-3)
То­рап­тар мен аг­ре­гат­тар­ды бөл­шек­теу, ақа­у­ла­рын анық­тау және жөн­деу үшін ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­уы үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Ди­а­гно­сти­ка жүр­гі­зу және ІЖҚ, электр жаб­дық жүй­е­ле­рі­нің, қо­рек­тен­ді­ру, жаб­дық­тау жүй­е­ле­рі­нің анық­тал­ған ақа­у­ла­рын жою. Ав­то­кө­лік­тің жү­ріс бө­лі­гіне ди­а­гно­сти­ка жа­сау және анық­тал­ған ақа­у­ла­рын жою. Ди­а­гно­сти­ка және ав­то­кө­лік ку­зо­вы­ның анық­тал­ған ақа­у­ла­рын жою. Ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка­лық стен­ді­лер мен ке­шен­дер­ді БҚ (бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ру) қам­та­ма­сыз ету. Алын­ған нәти­же­лер­ді тү­сін­ді­ру және тех­ни­ка­лық си­паттау
Күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша то­рап­тар мен аг­ре­гат­тар­дың құ­ры­лы­сын, жұ­мыс іс­теу қа­ғи­да­тын, мін­де­тін; ав­то­кө­лік­тер­ді жи­нау, де­таль­дар­ды, то­рап­тар­ды, аг­ре­гат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу ере­же­сін, бөл­шек­теу және жи­на­удың негіз­гі амал­да­рын, жа­у­ап­ты рет­те­у­ші және бе­кі­ту­ші жұ­мыстар­ды, ме­тал­дың негіз­гі қа­си­ет­те­рін, де­таль­дар­ды тер­мо­өң­деу мін­дет­те­рін, әм­бе­бап және ар­найы құ­рал-сай­ман­дар­дың құ­ры­лы­сын, ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка стен­ді­ле­рін және ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын бі­лу
3-3)
Ав­то­кө­лік­ке ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка және ба­қы­лау-өл­шеу стенд­тер­дің кө­ме­гі­мен күр­де­лі жөн­деу жүр­гі­зу үшін ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­уы үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­ның бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Ба­қы­лау сы­нау стенд­те­рі мен ком­пью­тер­лік бағ­дар­ла­ма­лар­дың кө­ме­гі­мен күр­де­лі жөн­де­уден өт­кен, жи­нал­ған ав­то­кө­лік­ке ке­шен­ді тек­се­ру жүр­гі­зе бі­лу
Ав­то­кө­лік­ке күр­де­лі жөн­деу жүр­гі­зу­дің тех­ни­ка­лық шар­тта­ры мен та­лап­та­рын бі­лу, ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка жаб­дық­та­рын мүл­тік­сіз бі­лу

4 4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер

PRC «Career-Holdings»

6 6. Келісу парағы

Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­сі­л­ген кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы кө­лік және ком­му­ни­ка­ци­я­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­ді және кадр­лар да­яр­ла­уды да­мы­ту бой­ын­ша са­ла­лық ке­ңес

7 7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі

Осы кәсіптік стандарт ____________________ бекітілді және тіркелді.
Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________

Қолданыстағы