Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Летная эксплуатация воздушного судна"

Бұйрық · № 913 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77186/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Летная эксплуатация воздушного судна" Күшін жойған Бұйрық ·№ 913 ·20.11.2013
09.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Летная эксплуатация воздушного судна"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 913 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Летная эксплуатация воздушного судна"
Атауы (қаз.)
"Әуе кемесін ұшуда пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
913
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
09.12.2016 AI77186_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008992
ЭКБ идентификаторы
77186
Редакция идентификаторы
AI77186_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Әуе кемесін ұшуда пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Әуе кемесін ұшуда пайдалану" кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 04 қараша

0 "Әуе кемесін ұшу пайдалану" кәсіби стандарты

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы "20" қа­ра­ша­да­ғы
№ 913 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
"Әуе кемесін ұшу пайдалану" кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. "Әуе кемесін ұшу пайдалану" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) "Әуе кемесі саласындағы қызмет" кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) "51.10 Әуе жолаушылар көлігі";
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф "Коммерциялық пилот"

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 "Ұшақ командирлері, пилоттары және ұқсас кәсіптер мамандары";

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: пилот;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесін басқару процесін жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. "Коммерциялық пилоттың" еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 1-кестесінде келтірілген.

2 2-параграф "Желілік пилот"

7 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 "Ұшақ командирлері, пилоттары және ұқсас кәсіптер мамандары";

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: пилот;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесін басқару процесін жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. "Желілік пилоттың" еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" 2-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

8. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

"Ұшу пай­да­ла­ну"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
1-қо­сым­ша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның тен­ден­ци­я­ла­рын ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп­тің ата­уы
ҰБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1.
ӘК бас­қа­ру
Ком­мер­ци­я­лық пи­лот
Пи­лот
5
-
2.
Же­лі­лік пи­лот
Же­лі­лік пи­лот
Пи­лот
Аға пи­лот
Екін­ші пи­лот
5
-
Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
ӘК – әуе кемесі.

2 "Ұшу пай­да­ла­ну"

кә­сі­би стан­дар­ты­на
2-қо­сым­ша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Коммерциялық пилоттың еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры
Авиа­ци­я­лық са­ла ұй­ым­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі авиа­ци­я­лық шуыл­дар;
ді­ріл­дің жо­ға­ры дең­гейі;
ұшу, қо­ну, би­ік­тікке бет алу және қо­ну­ға тө­мен­деу ба­ры­сын­да­ғы ат­мо­сфе­ра­лық қы­сым­ның тер­бе­лі­сі;
АЖЖ – сәу­ле­ле­ну;
ра­ди­а­ци­я­лық (та­би­ғи) сәу­ле­лен­ді­ру;
түн­гі уа­қыт­та­ғы жұ­мыс;
ең­бек қа­уырт­тығы;
са­ғат­тық бел­де­удің күрт іл­ге­рі­ле­уі және кли­мат­тық ай­мақ­тар­дың тез ауы­суы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Жа­сы – 18 жастан кі­ші емес;
бiрiн­шi сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ның бо­луы;
пи­лот­тың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі (ATPL, CPL)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Кә­сі­би бі­лім
Ұшақ­та ке­мін­де 200 са­ғат ұшуы неме­се ұшақ пи­ло­ты ре­т­ін­де бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша дай­ын­дық кур­сы­нан өту ба­ры­сын­да ке­мін­де 150 са­ғат ұшуы бо­луы ти­іс.
Ті­кұ­шақ­та ке­мін­де 150 са­ғат ұшуы неме­се ті­кұ­шақ пи­ло­ты ре­т­ін­де бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша дай­ын­дық кур­сы­нан өту ба­ры­сын­да ке­мін­де 100 са­ғат ұшуы бо­луы ти­іс
2-кесте

2 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Желілік пилоттың еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры
Авиа­ци­я­лық са­ла ұй­ым­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі авиа­ци­я­лық шуыл­дар;
ді­ріл­дің жо­ға­ры дең­гейі;
ұшу, қо­ну, би­ік­тікке бет алу және қо­ну­ға тө­мен­деу ба­ры­сын­да­ғы ат­мо­сфе­ра­лық қы­сым­ның тер­бе­лі­сі;
АЖЖ – сәу­ле­ле­ну;
ра­ди­а­ци­я­лық (та­би­ғи) сәу­ле­лен­ді­ру;
түн­гі уа­қыт­та­ғы жұ­мыс;
ең­бек қа­уырт­тығы;
са­ғат­тық бел­де­удің күрт іл­ге­рі­ле­уі және кли­мат­тық ай­мақ­тар­дың тез ауы­суы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Жа­сы – 21 жастан кі­ші емес;
бiрiн­шi сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ның бо­луы;
"ұшақ" әуе ке­ме­сі­нің тү­рі ту­ра­лы бі­лік­ті­лік бел­гі­сі бар же­лі­лік пи­лот (ATPL) ку­ә­лі­гі­нің бо­луы;
"ті­кұ­шақ" әуе ке­ме­сі­нің тү­рі ту­ра­лы бі­лік­ті­лік бел­гі­сі бар же­лі­лік пи­лот (ATPL) ку­ә­лі­гі­нің бо­луы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Кә­сі­би бі­лім
Тре­на­жер­де 100 са­ғат­тан ас­пай­тын ұшу­ды қо­са ал­ған­да, ұшақ пи­ло­ты ре­т­ін­де ұшақ­та ке­мін­де 1500 са­ғат ұшуы;
Тре­на­жер­де 100 са­ғат­тан ас­пай­тын ұшу­ды қо­са ал­ған­да, ті­кұ­шақ пи­ло­ты ре­т­ін­де ті­кұ­шақ­та ке­мін­де 1000 са­ғат ұшуы;

3 КС бірліктерінің тізімі

"Ұшу пай­да­ла­ну"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
3-қо­сым­ша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. "Коммерциялық пилот" еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
ӘК бас­қа­ру
2-кесте

2 2. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі "Желілік пилот"

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
ӘК бас­қа­ру
Ескертпе: Ф – функция.

4 КС бірліктерінің сипаты

"Ұшу пай­да­ла­ну"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
4-қо­сым­ша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте

1 1. "Коммерциялық пилот" еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф1
ӘК
ӘК бас­қа­ру­ға қа­ты­сты ере­же­лер мен қа­ғи­да­лар;
ӘК қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі;
ӘК, ти­іс­ті түр­де­гі әуе ке­ме­ле­рі­нің жүй­е­ле­рі мен қоз­ғалт­қы­шт ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­лар, ас­пап­тар және на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар;
М 1-1 ӘК бас­қа­ру
Жаб­дық­тың және әуе ке­ме­ле­рі­нің ти­іс­ті түр­ле­рі жүй­е­ле­рі­нің жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру ма­шық­та­ры;
Ұшу ал­ды дай­ын­дық жа­сау және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2010 жыл­дың 31 жел­тоқ­са­нын­да­ғы № 1512 "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әу­е­жай­ла­рын­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру ере­же­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы" Қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі" бой­ын­ша ұшу­лар­ды орын­дау ма­шық­та­ры,
Ұшу жос­пар­ла­рын дай­ын­дау әрі тол­ты­ру ба­ры­сын­да марш­рут бой­ын­ша ұшу­ды жос­пар­лау ма­шық­та­ры;
Пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да қа­уіп-қа­тер фак­тор­ла­ры мен қа­те­лер­ді анық­тау және ба­қы­лау ма­шық­та­ры;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2010 жыл­дың 15 шіл­де­сін­де­гі "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну және авиа­ция қыз­ме­ті ту­ра­лы" За­ңын бі­лу;
Ком­мер­ци­я­лық авиа­ция пи­ло­ты­на қа­ты­сты қа­ғи­да­лар мен ере­же­лер, пи­лот­тар және әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту қа­ғи­да­ла­рын бі­лу;
Қоз­ғалт­қы­штар­дың, жүй­е­лер­дің және ас­пап­тық жаб­дық­тар­дың пай­да­ла­ны­луы және жұ­мыс прин­ципте­рін бі­лу;
Әуе ке­ме­ле­рі­нің және қоз­ғалт­қы­штар­дың ти­іс­ті түр­ле­рі­нің пай­да­ла­ны­лу шек­те­уле­рін қам­ти­тын құ­жат­тар­ды бі­лу (ұшу пай­да­ла­нуы бой­ын­ша нұс­қау);
Әуе ке­ме­ле­ріне, әуе ке­ме­ле­рі­нің ти­іс­ті түр­ле­рі­нің жүй­е­ле­рі мен қоз­ғалт­қы­шта­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту қа­ғи­да­ла­рын бі­лу;
Бар­лық ма­невр­лер­ді бір қа­лып­ты және дәл орын­дау ма­шық­та­ры;
ұшу­да ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды бі­лік­ті жү­зе­ге асы­ру ма­шық­та­ры;
әуе ке­ме­сін бас­қа­ру­ды ұшу неме­се ма­невр жа­сау схе­ма­сын дәл орын­да­уды қам­та­ма­сыз ете­т­ін­дей түр­де үне­мі жү­зе­ге асы­ру;
авиа­ци­я­лық, ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­пар­лар­ды, кар­та­лар мен бо­лжам­дар­ды қол­да­ну;
аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­ты (AIP, NOTAM), авиа­ци­я­лық код­тар мен қы­сқар­ту­лар­ды қол­да­ну.
Жүк­те­менiң және сал­мақ­ты бө­лу­дiң ұшу-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар­ға және әуе ке­месiн бас­қа­ру си­патта­ма­ла­ры­на, сал­мақ пен ор­та­лық­тың есеп­те­удiң орын­да­луы­на әсер етуiн бі­лу;
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рін бі­лу;
Би­ік­тік өл­ше­уіш­ті ор­на­ту тәр­ті­бін бі­лу;
Қа­уiп-қа­тер­лер мен қа­те­лер фак­тор­ла­рын ба­қы­лау прин­ципте­рін қо­са ал­ған­да­ғы адам­ның мүм­кiн­дiк­терiн бі­лу;
Авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­гия; тиiстi аудан­дар­дың кли­ма­то­ло­ги­я­сы және оның авиа­ци­я­ға, тө­мен және жо­ға­ры қы­сым аудан­да­ры­ның ауы­суы­на, ат­мо­сфе­ра­лық фронт­тар­дың құ­ры­лы­мы­на, марш­рут бой­ын­ша ұшу, ұшып шы­ғу және қо­ну шар­тта­ры­на әсер ететiн ерекше ауа райы құ­бы­лы­ста­ры­ның туын­да­уы мен си­патта­ма­ла­ры­на тигі­зе­тін әсе­рін бі­лу;
Мұз ба­су се­беп­терi, та­ну және сал­дар­ла­ры, фрон­таль­ды ай­м­ақ­қа кi­ру тәр­тiбi, қа­уiп­тi ме­те­ожағ­дай­ла­ры бар аудан­ды ай­на­лып өту­ді бі­лу;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­лар, ас­пап­тар және на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар, ти­іс­ті на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер­дің, борт­тық қыз­мет көр­се­ту жабды­ғы жұ­мыста­ры­ның прин­ципте­рі мен си­патта­ма­ла­рын бі­лу; Пай­да­ла­ны­лу жағ­дай­ын­да қа­уiп-қа­тер
фак­тор­ла­рын және қа­те­лер­ді ба­қы­лау әді­сте­рін бі­лу;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат (AIP, NOTAM), авиа­ци­я­лық код­тар және қы­сқар­ту­лар­ды бі­лу;
Сақ­тық ша­ра­ла­ры және ава­ри­я­лық жағ­дай­да­ғы іс-қи­мыл­дар­ды бі­лу;
Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­удың пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі, қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­удың ық­ти­мал қа­тер­ле­рін бі­лу;
Әуе ке­ме­сіне отыр­ғы­зу және одан тү­сі­ру ба­ры­сын­да­ғы сақ­тық ша­ра­ла­рын қо­са ал­ған­да, жо­ла­у­шы­лар­ға қой­ы­ла­тын қа­уіп­сіз­дік бой­ын­ша та­лап­тар және нұс­қа­улық тә­жі­ри­бе­сін бі­лу;
Ұшу негіз­де­рін бі­лу;
Шо­лып ұшу ба­ры­сын­да бай­ла­ныс жа­сау және фра­зео­ло­гия жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры, бай­ла­ныс іс­тен шық­қан кез­де­гі іс-қи­мыл­дар;
Ті­кұ­шақ­тар үшін – сырт­қы ас­па­да­ғы жүк­тер­дің әсе­рі;
Тiкұ­шақ­тар үшiн – құй­ын­ды шең­бер ре­жи­мi, жер ре­зо­нан­сы, шы­ғып кет­кен қал­қан­да­ғы ақау, сер­пiн­дi лақ­ты­ру және бас­қа да қа­уiп­тi жағ­дай­лар транс­мис­си­я­ла­ры, шо­лып қа­рау ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­рын­да ұшу кезiн­де қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету.
2-кесте

2 2. "Желілік пилот" еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
ӘК
ӘК бас­қа­ру­ға қа­ты­сты ере­же­лер мен қа­ғи­да­лар;
ӘК қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі;
ӘК, ти­іс­ті түр­де­гі әуе ке­ме­ле­рі­нің жүй­е­ле­рі мен қоз­ғалт­қы­шта­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­лар, спап­тар және на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар;
М 1-1 ӘК бас­қа­ру
Жаб­дық­тың және әуе ке­ме­ле­рі­нің ти­іс­ті түр­ле­рі жүй­е­ле­рі­нің жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру ма­шық­та­ры;
Ұшу­дың пай­да­ла­ну жос­па­рын әзір­леу және ӘҚҚ ұшу жос­па­рын тап­сы­ру ма­шық­та­ры;
Ұшу­дың бар­лық ке­зең­де­рін­де ұшу­лар мен ма­невр­лер­ді орын­дау ма­шық­та­ры;
Ерекше және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­да іс-қи­мыл­дар әрі жаб­дық­тың іс­тен шы­ғуы­мен және жа­рам­сыздық­та­ры­мен бай­ла­ны­сты ма­невр­лер­ді орын­дау ма­шық­та­ры;
ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­па­рат алу және пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры; биiк­тiк­тi өл­шеу; ұшу ал­дын­да және ұшу ке­зін­де пи­лот­тық ету­ді, эки­паж мү­ше­ле­рі­нің іс-әре­кет­те­рін үй­ле­сті­ру бой­ын­ша мін­дет­тер­ді бө­лу­ді және ба­қы­лау кар­та­ла­рын пай­да­ла­ну­ды қо­сқан­да, эки­паж­да өза­ра әре­кет­те­су ма­шық­та­ры;
Қа­уiп-қа­тер фак­тор­ла­рын мен
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2010 жыл­дың 15 шіл­де­сін­де­гі "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну және авиа­ция қыз­ме­ті ту­ра­лы" За­ңын бі­лу;
Элек­тр­лік, гид­рав­ли­ка­лық жүй­е­лер­дің, ауа үр­леу жүй­е­ле­рі­нің және әуе ке­ме­сі­нің бас­қа жүй­е­ле­рі­нің, жал­пы си­патта­ма­ла­ры және шек­те­уле­рін бі­лу, ав­то­пи­лот және ав­то­тұ­рақ­тан­ды­ру­ды қо­са ал­ған­да, ұшу­ды бас­қа­ру жүй­е­ле­рі;
Әуе ке­ме­ле­рі қоз­ғалт­қы­шта­ры­ның жұ­мыс прин­ципте­рі, пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі және шек­те­уле­рін бі­лу;
Ат­мо­сфе­ра­лық жағ­дай­лар­дың қоз­ғалт­қы­штар­дың си­патта­ма­ла­ры­на тигі­зе­тін әсе­рін бі­лу;
Пи­ло­таж­дық ас­пап­тар, ком­пас­тар, бұ­ры­лыс қа­те­лі­гі және же­дел­де­ту әсе­рі­нің сал­да­ры­нан жі­бе­рі­л­ген қа­те­лік­тер; ги­ро­ско­пи­я­лық ас­пап­тар, пай­да­ла­ну шек­те­уле­рі және пре­цес­си­я­ның әсер ету­ін бі­лу;
Түр­лi пи­ло­таж­дық ас­пап­тар мен элек­трон­дық ин­ди­ка­тор­лар iстен
қа­те­лер­ді анық­тау және ба­қы­лау;
Ұшақ­ты қол­мен бас­қа­ру­ды бір­қа­лып­ты әрі мүл­тік­сіз жү­зе­ге асы­ру ма­шық­та­ры;
Ұшақ­ты ұшу­дың ти­іс­ті ке­зе­ңіне сәй­кес ав­то­мат­тан­ды­ру ре­жи­мін­де жүр­гі­зу ма­шық­та­ры;
Ұшу­дың бар­лық ке­зең­де­рін­де әуе ке­ме­сін қа­лып­ты, ерекше және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­да жүр­гі­зу ма­шық­та­ры;
авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жиын­тық­тар­ды, кар­та­лар мен бо­лжам­дар­ды түсi­ну және қол­да­ну ма­шық­та­ры; ұшу ал­дын­да және ұшу уа­қы­тын­да ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тар алу және пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры;
аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­ты пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры;
Ұшу, қо­ну па­ра­метр­ле­рін және бас­қа си­патта­ма­лар­ды пай­да­ла­ну және іс жү­зін­де қол­да­ну ма­шық­та­ры;
Ұшу ал­дын­да ұшу­ды жос­пар­лау және марш­рут бой­ын­ша же­дел жос­пар­лау, ұшу жос­пар­ла­рын дай­ын­дау және тап­сы­ру ма­шық­та­ры;
Әуе ке­ме­сін және на­ви­га­ци­я­ны
шық­қан кез­де­гі ере­же­лер мен iс-қи­мыл­дар тәр­тiбiн бі­лу;
Жүк­те­менiң және сал­мақ­ты бө­лу­дiң ұшу-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар­ға және әуе ке­месiн бас­қа­ру си­патта­ма­ла­ры­на, сал­мақ пен ор­та­лық­тың есеп­те­удiң орын­да­луы­на әсер етуiн бі­лу;
Ұшып кө­те­рі­лу, қо­ну және бас­қа си­патта­ма­лар­дың па­ра­метр­ле­рі;
Қа­уiп-қа­тер­лер мен қа­те­лер фак­тор­ла­рын ба­қы­лау қа­ғи­дат­та­рын қо­са ал­ған­да адам­ның мүм­кiн­дiк­терi; Авиа­ци­я­лық мет­ро­ло­гия, кли­ма­то­ло­гия,тө­мен және жо­ға­ры қы­сым­ды аудан­дар­ды, ағын­дар­дың құ­ры­лым­да­рын ара­ла­сты­ру, кө­терiлiп ұшу, марш­рут бой­ын­ша ұшу және қо­ну жағ­дай­ла­ры­на әсер ететiн ауа рай­ы­ның ерекше құ­бы­лы­ста­ры­ның туын­да­уы және олар­дың си­патта­ма­ла­рын бі­лу;
Мұз ба­су се­беп­терi, та­ну және сал­дар­ла­ры, фрон­таль­ды ай­м­ақ­қа кi­ру тәр­тiбi, қа­уiп­тi ме­те­ожағ­дай­ла­ры бар аудан­ды ай­на­лып өту;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­лар­ды, ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар­ды және ай­мақ­тық на­ви­га­ция жүй­е­лер­дi, ұз­ақ­тығы үл­кен марш­рут­тар бой­ын­ша ұшу­ға қа­ты­сты ерекше на­ви­га­ци­я­лық та­лап­тар,
бас­қа­ру­ға қа­жет­ті авиа­ци­я­лық элек­трон­дық және ас­пап­тық жаб­дық­ты пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры;
Ұшу, марш­рут бой­ын­ша ұшу, қо­ну­ға тө­мен­деу және қо­ну ке­зе­ңін­де қол­да­ны­ла­тын на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер­ді пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық құ­жат­та­ма­ны (AIP, NOTAM), авиа­ци­я­лық код­тар­ды және қы­сқар­ту­лар­ды тү­сі­ну және пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры.
Әуе ке­ме­сін және на­ви­га­ци­я­ны бас­қа­ру үшін қа­жет­ті авиа­ци­я­лық элек­трон­дық және ас­пап­тық жаб­дық­тың пай­да­ла­ны­лу се­нім­ді­лі­гі;
Ұшып кө­те­рі­лу, марш­рут бой­ын­ша ұшу, қо­ну­ға тө­мен­деу және қо­ну ке­зе­ңін­де қол­да­ны­ла­тын на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер­дің дәл­ді­гі және се­нім­ді­лі­гі;
Ав­то­ном­ды на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер­дiң және сырт­қы құ­рал­дар­ға бағ­дар­лан­ған жүй­е­лер­дiң қа­ғи­дат­та­ры мен си­патта­ма­ла­ры, борт­тық жаб­дық­тар­дың жұ­мыста­ры;
Пай­да­ла­ны­лу жағ­дай­ын­да­ғы қа­уiп-қа­тер фак­тор­ла­ры мен қа­те­лер­ді ба­қы­лау әді­сте­рі;
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат (AIP, NOTAM), авиа­ци­я­лық код­тар және қы­сқар­ту­лар;
Сақ­тық ша­ра­ла­ры және ава­ри­я­лық жағ­дай­да­ғы іс-қи­мыл­дар, ұшу­дың қа­уіп­сіз­дік ере­же­ле­рі;
Жүк та­сы­мал­да­ры­ның және қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­удың пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі;
Әуе ке­ме­сіне отыр­ғы­зу және одан тү­сі­ру ба­ры­сын­да­ғы сақ­тық ша­ра­ла­рын қо­са ал­ған­да, жо­ла­у­шы­лар­ға қой­ы­ла­тын қа­уіп­сіз­дік бой­ын­ша та­лап­тар және нұс­қа­улық тә­жі­ри­бе­сі;
Тiкұ­шақ­тар үшiн – "құй­ын­ды шең­бер"
ре­жи­мi, жер ре­зо­нан­сы, шы­ғып кет­кен қал­қан­да­ғы ақау, сер­пiн­дi лақ­ты­ру және бас­қа да қа­уiп­тi жағ­дай­лар транс­мис­си­я­ла­ры, шо­лып қа­рау ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­рын­да ұшу кезiн­де қа­уiп­сiздiк­тi қам­та­ма­сыз ету;
Сырт­қы iлi­ну­де­гi жүк­тер­дiң бас­қа­ру си­патта­ма­сы­на әсерi;
Ұшу негіз­де­рі;
Бай­ла­ныс жа­сау және фра­зео­ло­гия жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры, бай­ла­ныс бұ­зы­л­ған кез­де­гі іс-қи­мыл­дар;
Эки­паж мү­ше­ле­рі­нің ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лі­гін жо­ғал­ту жағ­дай­ын­да­ғы іс-қи­мыл­дар.
Ескертпе: М – міндет.

5 Келісу парағы

"Ұшу пай­да­ла­ну"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
5-қо­сым­ша
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Ке­лі­сі­л­ген мер­зі­мі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________

Қолданыстағы