Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Диагностика технического состояния автомобилей"

Бұйрық · № 906 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77269/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Диагностика технического состояния автомобилей" Күшін жойған Бұйрық ·№ 906 ·20.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Диагностика технического состояния автомобилей"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 906 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Диагностика технического состояния автомобилей"
Атауы (қаз.)
"Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
906
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77269_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008968
ЭКБ идентификаторы
77269
Редакция идентификаторы
AI77269_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 26 қараша

9 «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 20 қараша
№ 906 бұйрығымен
бекітілген
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауга қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызметтің түрін жалпы жіктеуші (бұдан әрі - ҚР МЖ 03-2007) «45.20 Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

автокөлік құралдарын келесі жөндеуге дейінгі ресурсын анықтау;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрілерінің (кәсіптің) карточкалары 1-параграф «Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженері»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, 5, СБШ бойынша – 4, 5;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 2145 «Машина жасаушы технологтар, инженер-механиктер»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: автомобильдерді диагностикалау постының инженері, автокөлікті диагностикалау инженері;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен келесі жөндеуге дейінгі техникалық жағдайын және қалған ресурсын бағалау үшін автокөлік техникасын диагностикалау бойынша шараларды ұйымдастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

7 7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8 8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9 9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

10 10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

11 11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

12 12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның про­це­сте­рін ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
ҚР 01-2005 МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау және ба­ға­лау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­і­нің ди­а­гно­сти­ка­сы ин­же­не­рі
Ин­же­нер-ме­ха­ник
4-5
-
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

2 Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры ( ұй­ым­дар)
Жүк­тер және жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау бой­ын­ша ав­то­кө­лік ұй­ым­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
-
СБШ
бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу
және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
(ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­і­нің ди­а­гно­сти­ка­сы ин­же­нер)
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сіп­тік) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 3-дең­гей­ін­де 3 жыл
5
(ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­і­нің ди­а­гно­сти­ка­сы II са­нат­ты ин­же­нер )
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сіп­тік) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 4-дең­гей­ін­де 3 жыл
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (жо­ға­ры неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіз
5
(ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­і­нің ди­а­гно­сти­ка­сы бой­ын­ша I са­нат­ты ин­же­нер)
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (жо­ға­ры неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 5 дең­гей­ін­де 2 жыл

3 КС бірліктерінің тізімі

«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженері» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­уын та­бу бой­ын­ша күр­де­лі тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға қа­ты­су
Ф 2
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­рын мон­таж бен бап­та­у­ға қа­ты­су
Ф 3
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау тех­но­ло­ги­я­сын сақ­та­уын ба­қы­лау
Ф 4
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­рын тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын және жи­нақ­та­уын ба­қы­лау
Ф 5
Ди­а­гно­сти­ка­лау нәти­же­ле­рі мен қал­ған жұ­мыс ре­сур­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді бел­гі­лей оты­рып және кә­сі­по­рын­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бас­шы­лы­ғы­на ха­бар­лай оты­рып ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау құ­жат­та­ма­ла­рын жүр­гі­зу
Ф 6
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау бой­ын­ша жос­пар­лық тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­луын ба­қы­лау
Ф 7
Ав­та­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лы және жы­л­жы­ма­лы ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­дар­дың ти­ім­ді пай­да­ла­ны­луын қам­та­ма­сыз ету
Ф 8
Кә­сі­по­рын­дар­дың ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­да­ры­ның пер­со­на­лын бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту үшін бі­лім бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру
Ф 9
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­де­удің бар­лық түр­ле­рін­де­гі ди­а­гно­сти­ка­лық жұ­мыс тіз­бе­сін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ке­ле­сі жөн­де­у­ге дей­ін ре­сур­сын анық­тау
Ф10
Ди­а­гно­сти­ка­ла­удың ал­дың­ғы қа­тар­лы тех­но­ло­ги­я­ла­рын және ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­рын неғұр­лым орын­ды пай­да­ла­ну әді­сте­рін ен­гі­зу
Ф 11
Ди­а­гно­сти­ка­лау по­ст­та­рын жо­ба­ла­у­ға және ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның, аг­ре­гат­тар мен то­рап­тар­дың тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­ла­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сте­рін әзір­ле­у­ге қа­ты­су
Ф 12
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лан­ған са­ны және оның анық­тал­ған қал­ған ре­сур­сы ту­ра­лы есе­бін кә­сі­по­рын­да­ғы тех­ни­ка­лық қыз­мет бас­шы­лы­ғы­на ұсы­ну
Ескертпе: Ф – функция.

4 КС бірліктерінің сипаты

«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
«Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лім
Ф 1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жаб­дық­та­ры, то­рап­та­ры және аг­ре­гат­та­ры
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар
М 1-1 Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­ды ірік­теу
Ди­а­гно­сти­ка­ла­удың қа­жет­ті тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын таң­дау дағ­ды­ла­ры
Бар ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық ас­пап­тар­дың ар­на­луын және олар­дың жұ­мыс прин­ципте­рін, ең­бек­ті қор­ғау ере­же­ле­рі мен нор­ма­ла­рын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ны­сты бі­лу
М 1-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­у­ла­рын та­бу бой­ын­ша күр­де­лі тех­ни­ка­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улы­ғын та­бу бой­ын­ша қа­жет­ті тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды таң­дау дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улы­ғын та­бу бой­ын­ша күр­де­лі опе­ра­ци­я­лар­дың орын­да­лу тә­сіл­де­рін бі­лу
Ф 2
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­дың бап­тау ас­пап­та­ры мен құ­рал­да­ры
М 2-1 Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­ды мон­таж бен бап­та­уды орын­дау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­рын мон­таж­дау, пай­да­ла­ну және қыз­мет көр­се­ту дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық ди­а­гно­сти­ка­сын жүр­гі­зу тех­но­ло­ги­я­ла­рын, лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тың пай­да­ла­ны­луы және жөн­де­луі бой­ын­ша нұс­қа­у­ла­рын бі­лу
М 2-2 Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­ры жұ­мыста­ры дұ­ры­стығ­ын ка­либр­леу және тек­се­ру
Ф 3
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сі
Ди­а­гно­сти­ка­ла­уды өт­кі­зу тех­но­ло­ги­я­сын ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар
М 3-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау жұ­мысын жүр­гі­зу­ді ба­қы­лау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау
құ­ра­лын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну дағ­ды­ла­ры
Ди­а­гно­сти­ка­ла­уды жүр­гі­зі­лу­ін ре­гла­мен­тей­тін нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны бі­лу
М 3-2 Тех­ни­ка­лық стан­дарт­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру
Тех­ни­ка­лық стан­дарт­тар­ды және ре­гла­мент­тер­ді бі­лу
Ф 4
Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар
Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­дың күй­ін тех­ни­ка­лық тек­се­ру құ­рал­да­ры
М 4-1 Ба­қы­лау- диа­го­сти­ка­лық жаб­дық­тар­дың дұ­ры­стығ­ын және тех­ни­ка­лық күй­ін ба­қы­лау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Бар ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын және нор­ма­тив­тік көр­сет­кіш­те­рін бі­лу
М 4-2 Ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­дың жи­нақ­та­луын тек­се­ру
Ас­пап­тар­ды, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар мен жаб­дық­тар­ды тү­ген­деу бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Бар ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­ты жет­кі­зіп тұ­ру­дың жи­нақ­та­луын және ди­а­гно­сти­ка­лау жүр­гі­зу ке­зін­де ма­те­ри­ал­дар мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің шы­ғыс нор­ма­ла­рын бі­лу
Ф 5
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау бой­ын­ша құ­жат­та­ма
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 5-1 Ди­а­гно­сти­ка­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күйі ту­ра­лы, жөн­де­у­ге дей­ін­гі қал­ған жұ­мыс ре­сур­сы ту­ра­лы де­ректер­ді тір­кеу
Ста­ти­сти­ка­лық де­ректер­мен жұ­мыс жа­сау және есеп­те­уіш тех­ни­ка құ­рал­да­ры­ның кө­ме­гі­мен де­ректер­ді өң­деу дағ­ды­ла­ры
Ди­а­гно­сти­ка­лау де­ректе­рі­нің негі­зін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қал­ған жұ­мыс ре­сур­сын анық­тау тә­сіл­де­рін, ең­бек­ті қор­ғау нор­ма­ла­рын қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ны­сты бі­лу
М 5-2 Ав­то­кө­лік кә­сі­по­рын­да­ры­ның тех­ни­ка­лық қыз­ме­тіне есеп бе­ру тү­рін­де алын­ған де­ректер­ге қол қою және тап­сы­ру
Кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­сы­на әсер ете­тін де­ректе­рі бар тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны дай­ын­дау дағ­ды­ла­ры
Ф 6
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сі
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лау бой­ын­ша жос­пар­лық тап­сыр­ма­лар, есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 6-1 Кә­сі­по­рын­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­удың жос­пар­лық тап­сыр­ма­ла­рын құ­ру және бе­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­уда іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­лау дағ­ды­ла­ры
Өн­ді­рі­сті жос­пар­лау мен бас­қа­ру әді­сте­рін және ең­бек­ті нор­ма­лау прин­ципте­рін, ең­бек­ті нор­ма­лау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны бі­лу
М 6-2 Жос­пар­лық тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­лу жағ­дай­ын тек­се­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сін бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру, ба­қы­лау және же­дел бас­қа­ру әді­сте­рін бі­лу
Ф 7
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­ла­уда­ғы ста­ци­о­нар­лы және жы­л­жы­ма­лы ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­да­ры
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры,ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­удан өт­кіз­ген нәти­же­ле­рін қам­ти­тын құ­жат­та­ма
М 7-1 Ста­ци­о­нар­лы және жы­л­жы­ма­лы ба­қы­лау- ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­дар жұ­мысын тал­дау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ы­ның өн­ді­рі­стік көр­сет­кіш­те­рін тал­дау дағ­ды­ла­ры
Ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­да­рын ти­ім­ді пай­да­ла­ны­луын қам­та­ма­сыз ету әді­сте­рін бі­лу
М 7-2 Кә­сі­по­рын­ның ста­ци­о­нар­лы және жы­л­жы­ма­лы ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­да­рын қол­да­ну ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды әзір­леу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі­нің ра­ци­о­на­ли­за­ция мен жа­ңар­ту дағ­ды­ла­ры
Ба­қы­лау -ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­дар­дың ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да олар­ды жа­ңар­ту тә­сіл­де­рін бі­лу
Ф 8
Кә­сі­по­рын­дар­дың ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық құ­рал­да­ры пер­со­на­лы­ның бі­лік­ті­лік дең­гейі
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 8-1 Пер­со­нал­дың бі­лік­ті­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту іс-ша­ра­ла­рын өт­кі­зу
Кә­сі­по­рын қыз­мет­кер­ле­рін тех­ни­ка­лық оқы­туын жос­пар­лау, ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу дағ­ды­ла­ры
Пер­со­нал­дың үз­дік­сіз бі­лім алу әді­сте­рін және тех­ни­ка­лық оқы­ту прин­ципте­рін, ең­бек­ті қор­ғау ере­же­ле­рін және нор­ма­ла­рын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс ере­же­ле­рін бі­лу
М 8-2 Өт­кі­зі­л­ген іс-ша­ра­лар­дың нәти­же­ле­рін тек­се­ру
Пер­со­нал­ды ба­ға­лау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­лау, ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу дағ­ды­ла­ры
Пер­со­нал­ды ба­ға­лау әді­сте­рі және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру амал­да­рын бі­лу
Ф 9
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сі
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның өт­кі­зі­л­ген ди­а­гно­сти­ка нәти­же­ле­рін қам­ти­тын құ­жат­та­ма
М 9-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның өт­кі­зі­л­ген ди­а­гно­сти­ка нәти­же­ле­рін тал­дау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау нәти­же­ле­рін өң­деу про­цес­сін ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Ди­а­гно­сти­ка­лау де­ректе­рі негі­зін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қал­ған жұ­мыс ре­сур­сын анық­тау про­це­сін бас­қа­ру әді­сте­рін же­тік бі­лу
М 9-2 Тал­дау негі­зін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу ке­зін­де­гі ди­а­гно­сти­ка­лық жұ­мыстар тіз­бе­сін әзір­леу және ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қал­ған жұ­мыс ре­сур­сын анық­тау
Кә­сі­по­рын­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу ке­зін­де ди­а­гно­сти­ка­лық жұ­мыста­рын ірік­теу дағ­ды­ла­ры
Кә­сі­по­рын­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу про­цес­сте­рін және осы про­цес­стің шең­бе­рін­де қа­жет­ті ди­а­гно­сти­ка­лық жұ­мысты же­тік бі­лу
М 9-3 Нәти­же­лер­ді кә­сі­по­рын­ның іш­кі бас­шы­лық құ­жат­та­ры тү­рін­де ре­сім­деу және олар­ға қол қою
Кә­сі­по­рын­да­ғы іш­кі бас­қа­ру­шы құ­жат­та­ры тү­рін­де нәти­же­лер­ді рә­сім­деу дағ­ды­ла­ры
Ф 10
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сі
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 10-1 Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ақ­па­рат­тар­ды тал­дау, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­рын да­мы­ту үр­ді­сін зерт­теу
Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ақ­па­рат­тар­ды тал­дау, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­рын да­мы­ту үр­ді­сін анық­тау бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ақ­па­рат­тар­ды қа­зір­гі за­ман­ғы тал­дау әді­сте­рін бі­лу
М 10-2 Кә­сі­по­рын­ның ди­а­гно­сти­ка­лау жаб­дық­та­рын ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­ры­ның қа­зір­гі за­ман­ғы да­мы­ту дең­гей­іне және бә­се­ке­ле­стікке қа­бі­лет­ті­лік дең­гей­іне сәй­кест­ікті тал­дау
Кә­сі­по­рын­ның ди­а­гно­сти­ка­лау жаб­дық­та­рын ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­ры­ның қа­зір­гі за­ман­ғы да­мы­ту дең­гей­іне және бә­се­ке­ле­стікке қа­бі­лет­ті­лік дең­гей­іне сәй­кест­і­гін анық­тау дағ­ды­ла­ры
Қа­зір­гі за­ман­ғы тен­ден­ци­я­ның есе­бі­мен ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау құ­ра­лын жаң­ғыр­ту және жа­ңар­ту прин­ципте­рін бі­лу
Ф 11
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­цес­сі
Есеп­теу тех­ни­ка­сы­ның, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 11-1 Кә­сі­по­рын­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау по­ст­та­рын жо­ба­лау
Кә­сі­по­рын­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау по­ст­та­рын жо­ба­лау бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ын өт­кізу­ге жа­у­ап­ты кә­сі­по­рын­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық объ­ек­ті­ле­рін жо­ба­лау әді­сте­рін бі­лу
М 11-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның, аг­ре­гат­тар мен то­рап­тар­дың тех­ни­ка­лық күй­ін ди­а­гно­сти­ка­ла­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сте­рін әзір­леу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын ди­а­гно­сти­ка­ла­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­сте­рін әзір­леу бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын ди­а­гно­сти­ка­ла­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­сте­рін әзір­леу әді­сте­рін бі­лу
Ф 12
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ди­а­гно­сти­ка­лау про­це­сі
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның өт­кі­зі­л­ген ди­а­гно­сти­ка­лау нәти­же­ле­рін қам­ти­тын құ­жат­та­ма
М 12-1 Ди­а­гно­сти­ка­дан өт­кен ав­то­кө­лік құ­рал­дар­дың са­ны­ның және олар­дың қор­да­ғы қал­дық­та­рын та­бу есе­бін құ­ру
Кә­сі­по­рын қыз­мет стра­те­ги­я­сы­на әсер ете­тін де­ректер­ді қам­ти­тын тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар­ды жа­са­уды бас­қа­ру мен қа­да­ға­лау бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры
Ди­а­гно­сти­ка­лан­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның есе­бін ұй­ым­да­сты­ру әді­сте­рін және ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қал­ған жұ­мыс ре­сур­сын бі­лу
М 12-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­лан­ған са­ны және оның анық­тал­ған қал­ған ре­сур­сы ту­ра­лы есе­біне қол қою
Ескертпе: М – міндет.

5 Келісу парағы

«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № ______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні _________________________

Қолданыстағы