Құжат мәтініне өту

Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

Бұйрық · № 560 · қабылданған 13.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77342/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера Күшін жойған Бұйрық ·№ 560 ·13.12.2013
20.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

Күшін жойған Бұйрық ·№ 560 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера
Атауы (қаз.)
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
560
Қабылданған күні
13.12.2013
Көрсетілген редакция
20.05.2015 AI77342_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009101
ЭКБ идентификаторы
77342
Редакция идентификаторы
AI77342_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:33

0 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.

4 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 560 бұйрығымен
бекітілген
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Заң газетінде 2012 жылғы 16 қарашада № 174 (2356), «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409(27227-27228) жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келеді.

2

2. СБШ біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шкаласын, біліктіліктердің сәйкестігін айқындайды және кәсіптік стандарттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандардың біліктілігін сәйкестікке растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.

3 3. СБШ әртүрлі топтағы пайдаланушыларға (жұмыс берушілерге, білім беру органдарға, азаматтарға) арналған және:

1 1) кәсіптік және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

2 2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандар мен білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін сәйкестікке растау мен оны берудің бағалау материалдарын және рәсімдерін әзірлеуге;

3 3) тиісті біліктілікке ие болуына алып келетін мансаптық өсуін, біліктілік деңгейінің артуын жоспарлауға мүмкіндік береді.

4 4. СБШ-да пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;

2 2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

3 3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институттық реттеу тетіктерінің жиынтығы;

4 4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік.

5 5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

6 6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

7 7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);

5 5. СБШ осы СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.

СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:

1 1) білім (қызметтің ғылымды қажет етуі) – білімге талаптарды айқындайтын кешенді көрсеткіш және келесі кәсіби қызмет ерекшеліктеріне байланысты:

пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
білімнің инновациялығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы).
Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

2 2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:

кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқалығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі.
Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

3 3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:

басшылықтың қол астындағы қызмет;
қызметті өз бетінше орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды(жұмыскерлерді, жұмысшыларды) ынталандыру).

6 6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.

7 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы

7. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар мекемелерде оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
Жеке білім беру траекториясының қалыптасуы қызметкердің білімі мен практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын есепке ала отырып жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ға 2-қосымшаға сәйкес біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
ҰБШ дең­гейі
СБШ дең­гейі
Кә­сі­би қыз­мет са­ла­сы:
Кә­сі­би қыз­мет са­ла­сы та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою, Аза­мат­тық қор­ға­ныс, өрт және өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік, мем­ле­кет­тік ма­те­ри­ал­дық ре­зерв, са­ла­ара­лық үй­ле­сті­ру, өрт және өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы, тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою бой­ын­ша, Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­ры­ның орын­да­луын мем­ле­кет­тік ба­қы­лау, өрт­тің ал­дын алу­ды және сөн­ді­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру, тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу­дың және олар­ды жо­ю­дың мем­ле­кет­тік жүй­е­сін құ­ру­ды және одан әрі да­мы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты қа­лып­та­сты­ру және іс­ке асы­ру.
Бі­лім­ге та­лап­тар
Бі­лік пен дағды­ға та­лап­тар
Же­ке­ле­ген және кә­сі­би құ­зы­рет­ке та­лап­тар
1
2
3
4
1.1
Дер­бес: ті­ке­лей бас­шы­лық­пен орын­да­у­шы­лық іс-әре­кет.
Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін орын­дау ке­зін­де қа­ра­пай­ым қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры­ның қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­рын сақ­та­у­ға, өз ден­са­улы­ғы­на, сон­дай-ақ бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне же­ке жа­у­ап­кер­ші­лік. Қа­ра­пай­ым жұ­мыс түр­ле­рін орын­дау, құ­рал-сай­ман­дар мен ке­рек-жа­рақ­тар­ды дай­ын­дау. Қиын­дық: нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс, қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Қол құ­рал-сай­ман­да­рын ба­сы­мы­рақ пай­да­ла­ну
Бел­гі­лі жағ­дай­лар­да стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау. Қа­ра­пай­ым тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін ба­за­лық дағ­ды­лар­дың шек­тел­ген кө­ле­мі пай­да­ла­ны­луы мүм­кін.
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­ның және ден­са­улық­ты сақ­та­удың қа­ғи­да­ла­рын, нор­ма­ла­рын, та­лап­та­рын, сон­дай-ақ нақ­ты бір тап­сыр­ма­лар­ға қа­ты­сты мін­дет­те­рін бі­ле­ді.
Нұс­қа­ма­дан өту неме­се жұ­мыс ор­нын­да оқу про­це­сін­де алын­ған та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы ең­бек пәні ту­ра­лы ба­за­лық жал­пы бі­лім.
1.2
Дер­бес: ті­ке­лей бас­шы­лық­пен орын­да­у­шы­лық іс-әре­кет.
Орын­дал­ған қа­ра­пай­ым тап­сыр­ма­лар­дың нәти­же­ле­ріне, өз ден­са­улы­ғы­на және қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Қиын­дық: нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс, қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Қол құ­рал-сай­ман­да­рын ба­сы­мы­рақ пай­да­ла­ну.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс шар­тта­ры­на сәй­кес өз іс-әре­кет­те­ріне тү­зе­те бі­ле­ді.
Қа­ра­пай­ым, құ­ры­лым­дық мін­дет­тер­ді орын­да­уда­ғы про­бле­ма­ны, оның се­беп­те­рін анық­тап, олар­ды ше­шу және аяқ­тау үшін уа­қыт­та бел­гі­ле­уі мүм­кін. Нақ­ты ай­қын­дал­ған қыз­мет шең­бе­рін­де то­лық бас­шы­лық­та қой­ы­л­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зі­луі мүм­кін.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да пай­да­ла­ны­ла­тын кей­бір қа­ра­пай­ым ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­ры мен жаб­дық­та­ры, сон­дай-ақ олар­ды қол­да­ну са­ла­сы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
1
2.1
Дер­бес: Бел­гі­лі бір дер­бес­тік дә­ре­же­сін бо­лжай­тын бас­шы­лық­пен тап­сыр­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет, бо­лжа­на­тын нақ­ты дер­бес­тік дә­ре­же­сі.
Тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау ке­зін­де өрт сөн­ді­ру-тех­ни­ка­лық қа­ру-жа­р­ақ­қа, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­рын, жаб­дық­тар мен жа­рақ­тар­ға, ар­найы аг­ре­гат­тар­ға, өз ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Стан­дарт­ты және бір­тек­ті тә­жі­ри­бе­лік мін­дет­тер­ді ше­шу және қой­ы­л­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу
Кә­сі­би да­яр­лау про­це­сін­де және (неме­се) өз бе­тін­ше ал­ған бі­лім.
2
2.2
Дер­бес:шек­те­улі жа­у­ап­кер­ші­лік­ті және бел­гі­лі бір дер­бес­тік дә­ре­же­сін бо­лжай­тын бас­шы­лық­пен тап­сыр­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет.
Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­тей бі­лу­ге – ко­ман­да­лық жұ­мыс про­це­сіне бел­сене қа­ты­су­ға, өз ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Нұс­қа­улық­та бе­рі­л­ген ал­ғы­шарт бой­ын­ша іс-әре­кет тә­сі­лін таң­дау және жұ­мыс жағ­дай­ла­ры­ның шар­тта­ры­на сәй­кес іс-әре­кет­ті тү­зе­ту.
Қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да өзін-өзі ба­қы­лау, іс-әре­ке­тін өзін­ше тү­зе­ту дағ­ды­ла­рын көр­се­те оты­рып, қиын емес прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау үшін негіз­гі прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­на бі­лу
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы негі­зі және қа­ра­пай­ым ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­рын, жаб­дық­та­рын, жұ­мыс про­це­сі­нің рә­сім­де­рін бі­лу.
3.1
Дер­бес: Бел­гі­лі бір дер­бес­тік дә­ре­же­сін бо­лжай­тын бас­шы­лық­пен тап­сыр­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет Өзін-өзі оқы­ту, жос­пар­лау. Нор­ма­дан ауыт­қы­ған жағ­дай­да кә­сі­би қыз­мет про­це­сте­рін жақ­сар­ту бой­ын­ша иде­я­лар ұсы­на­ды.
Қан­дай да бір тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау ке­зін­де өз ден­са­улы­ғы­на және қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Бас­шы­лық­пен ең­бек қа­ты­на­ста­рын қол­дай­ды және оған есеп­тік де­ректер­ді ұсы­на­ды.
Өрт сөн­ді­ру-тех­ни­ка­лық қа­ру-жа­р­ақ­қа, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­рын, жаб­дық­тар мен жа­рақ­тар­ға, ар­найы аг­ре­гат­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Стан­дарт­ты және қа­ра­пай­ым бір­тек­ті прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді, ең­бек про­це­сін және олар­дың нәти­же­ле­рін өзін­дік жос­пар­лау, орын­дау және ба­ға­лау кон­тек­сін­де­гі дағ­ды­лар­ды ше­ше бі­лу.
Жұ­мысты жос­пар­лар­мен са­лы­сты­ра ала­ды, жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­ді және алын­ған нәти­же­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін қам­та­ма­сыз ете ала­ды.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да кә­сі­би дай­ын­дық про­це­сін­де және (неме­се) өз бе­тін­ше алын­ған прак­ти­ка­ға ба­ғыт­тал­ған кә­сі­би бі­лім.
3.2
Дер­бес: Бел­гі­лі бір дер­бес­тік дәр­же­сін бо­лжай­тын бас­шы­лық­пен тап­сыр­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет. Кә­сі­би са­лад­а­ғы жа­ңа­лық­қа ал­ғыр­лық. Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың нәти­же­сіне, өз қа­уіп­сіз­ді­гі мен бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік. Өрт сөн­ді­ру-тех­ни­ка­лық қа­ру-жа­р­ақ­қа, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­ры­на, жаб­дық­тар мен жа­рақ­тар­ға, ар­найы аг­ре­гат­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту. Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс, қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну
Бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе негі­зін­де бел­гі­лі іс-әре­кет тә­сіл­де­рін таң­дау, сон­дай-ақ алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, қыз­мет­ті тү­зе­ту.
Қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да өзін-өзі ба­ға­лау, өзін-өзі аңық­тау, өзін-өзі ұй­ым­да­сты­ру және іс-әре­ке­тін тү­зеу дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді.
Ең­бек қыз­ме­т­ін­де пай­да­ла­ны­ла­тын құ­рал-сай­ман­дар мен жаб­дық­тар­ды, ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­ну­дың, олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің, ор­нын ауы­сты­ру­дың, сақ­та­удың және жи­на­удың негіз­гі қа­ғи­дат­та­рын бі­лу.
3
3.3
Дер­бес: Кә­сі­би са­лад­а­ғы жа­ңа­лық­қа ал­ғыр­лық, соң­ғы нәти­же­ге бағ­т­та­у­шы­лық. Өз жұ­мысын неме­се ко­ман­да­да мақ­сат­ты ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­ле­ті­нің да­муы. Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың нәти­же­сіне, өз қа­уіп­сіз­ді­гі мен бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік. Өрт сөн­ді­ру-тех­ни­ка­лық қа­ру-жа­р­ақ­қа, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал-сай­ман­да­рын, жаб­дық­тар мен жа­рақ­тар­ға, ар­найы аг­ре­гат­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту. Қиын­дық: ты­ныс алу­ға қо­лай­сыз жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы жұ­мыс, қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­ты пай­да­ла­ну.
Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­да­удың дер­бес тә­сіл­де­рін, ең­бек пәнін және құ­рал­да­рын, ба­ға­лау қа­ғи­дат­та­рын, өл­шеу әді­сте­рін ай­қын­дай­ды.
Ең­бек қыз­ме­т­ін­де­гі өнім­дер­ді және бас­қа да ма­те­ри­ал­дар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры мен та­лап­та­рын бі­лу. Ең­бек­тің жос­пар­ла­уды және ұй­ым­да­сты­ру­ды, заттың өр­нек­те­уле­рі тех­но­ло­ги­я­ла­рын бі­лу.
Құ­жат­та­ма­ның са­па­сы­на және жүр­гі­зі­лу­іне ба­қы­лау жүр­гі­зу рә­сі­мін бі­ле­ді.
4
4.1
Дер­бес: бас­шы­лық­пен тап­сыр­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет. Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­тей бі­лу.
Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер шең­бе­рін­де қа­жет­ті ре­сур­стар­ды, бел­гі­лен­ген нәти­же­лер­ге дер­бес же­ту­ге ар­нал­ған уа­қыт­ты ба­ға­ла­у­ға және ай­қын­да­у­ға, өз ден­са­улы­ғы мен бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Жұ­мыс жағ­дай­ын және оның ық­ти­мал өзге­рі­сте­рін дер­бес тал­да­уды та­лап ете­тін әр­түр­лі прак­ти­ка­лық үл­гі­лер­ді ше­шу.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да бас­шы­лық­пен дер­бес жос­пар­ла­уда, жұ­мыстар­ды орын­да­уда және жұ­мыс про­це­сте­рі мен жұ­мыс нәти­же­ле­рін ба­ға­ла­уда прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­дың кең қа­та­рын қол­да­на­ды.
Кә­сі­би бі­лім про­це­сін­де және (неме­се) өз бе­тін­ше ал­ған прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған бі­лім.
4.2
Дер­бес: Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді есеп­ке ала оты­рып, қыз­мет мін­дет­те­рін ай­қын­дау және жос­пар­лау. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­да­ғы жұ­мыс ке­зін­де туын­да­ған мін­дет­тер­ді ше­шу.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: Ық­ти­мал тө­тен­ше жағ­дай­лар­да­ғы жұ­мыс ке­зін­де ті­ке­лей бас­шы­лық­пен ба­ла­ма іс-әре­кет пен өза­ра іс-әре­кет­ті ай­қын­дай­ды және ке­лі­се­ді.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық жол­да­рын таң­дау.
Алын­ған тап­сыр­ма­ны нақ­ты­лай­ды, жұ­мыс ба­ры­сын жос­пар­мен са­лы­сты­ра­ды және есеп­ке ала­ды, жұ­мыс нәти­же­ле­рі­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін ба­қы­лай­ды, бі­лім мен дағ­ды­лар­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гін ай­қын­дай­ды, кә­сі­би дең­гей­ін арт­ты­ру­ға же­тек­ші­лік ете­ді.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да пай­да­ла­ны­ла­тын негіз­гі құ­рал-сай­ман­дар мен жаб­дық­тар­ды, құ­рал-сай­ман­дар мен жаб­дық­тар­ға, ма­те­ри­ал­дар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ор­нын ауы­сты­ру­дың және сақ­та­удың қа­ғи­дат­та­рын бі­ле­ді. Жұ­мыс про­це­сі, рә­сім­дер­ді ба­қы­лау, са­па­сы, құ­жат­тау және есеп­ке алу бой­ын­ша бі­лім­нің кең спек­то­рын мең­гер­ген.
4.3
Дер­бес: жұ­мыс про­це­сін бас­қа­ра бі­лу, ло­ги­ка­лық ой­лау қа­бі­ле­тін пай­да­ла­на оты­рып, про­бле­ма­лар­дың ше­ші­мін та­бу.
Өз жұ­мысы­на, өзі­нің және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың және өн­ді­рі­стің қа­уіп­ті фак­тор­ла­ры­ның ық­па­лы.
Қыз­мет­ке ағым­да­ғы және қо­ры­тын­ды ба­қы­лау және тү­зе­ту.
Са­па мо­ни­то­рин­гін және ба­ға­сын есеп­ке ала оты­рып, жос­пар бой­ын­ша нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу мақ­са­тын­да, жұ­мысты орын­дау үшін қа­жет­ті кә­сі­би қыз­мет­тің жұ­мыс фа­за­ла­рын, та­лап еті­ле­тін ре­сур­стар мен уа­қыт­ты ай­қын­дай­ды.
Бі­лім­дер бе­ру­ді қол­да­ну­ға негіз­дел­ген стан­дарт­ты рә­сім­дер­ден ауыт­қу ке­зін­де пай­да бо­ла­тын про­бле­ма­лар­ды ше­ше­ді.
Кә­сі­би мін­дет­тер­ді, эти­ка нор­ма­ла­рын және пси­хо­ло­ги­я­лық қа­рым-қа­ты­на­стың әді­сте­рін, қа­ғи­дат­та­ры мен тә­сіл­де­рін, ең­бек мо­ти­ва­ци­я­сы мен ын­та­лан­ды­ру тә­сіл­де­рін, заң­на­ма­лық нор­ма­лар­ды бі­ле­ді
5
5.1
Дер­бес: Нақ­ты жұ­мыс учас­ке­сін­де қыз­мет­кер­лер то­бы­ның іс-әре­ке­ті нәти­же­сіне жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, олар­ға бас­шы­лық ету. Жұ­мыс ба­ры­сын қа­да­ға­лап, нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­ма бе­ре­ді.
Жұ­мыс­шы­лар­дың тех­ни­ка­лық дай­ынды­ғы­на, ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луы­на жа­у­ап­кер­ші­лік.
Ең­бек және оқу қыз­ме­т­ін­де­гі про­це­сті дер­бес бас­қа­ру және ба­қы­лау қа­бі­ле­ті.
Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың және өн­ді­рі­стің қа­уіп­ті фак­тор­ла­ры­ның ық­па­лы. Ар­найы жаб­дық­тар мен құ­рал­дар­ды, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Әр­түр­лі ше­шу тә­сіл­де­рін бо­лжай­тын прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу және таң­дау.
Ко­ман­да­лық жұ­мыс кон­тек­сін­де қыз­мет­ті стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уда, жұ­мысын ба­ға­ла­уда, жағ­дай­ды тал­да­уда, өзін-өзі тал­да­уда, ше­шім қа­был­да­уда және олар­дың іс­ке асуы үшін жағ­дай жа­са­уда, қыз­мет­ті ба­қы­лау және тү­зе­ту­де прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.
Кә­сі­би қыз­мет шең­бе­рін­де құ­жат­тай­ды және есеп­ке ала­ды.
Кә­сі­би (прак­ти­ка­лық және тео­ри­я­лық) бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе (неме­се кә­сі­би са­лад­а­ғы прак­ти­ка­лық және тео­ри­я­лық бі­лім диа­па­зо­ны­ның кең­ді­гі).
Кә­сі­би жағ­дай­лар­ды жүй­е­лі тал­дау және жо­ба­лау әді­сте­ме­сі, бас­қа­ру­шы ше­шім­дер­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі, адам­зат ре­сур­ста­рын бас­қа­ру, кә­сі­би қыз­мет шең­бе­рін­де нәти­же­лер­ді стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау ту­ра­лы жан-жақ­ты бі­лім игер­ген.
5.2
Дер­бес: тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі жағ­дай­ды тал­дау әр­түр­лі фак­тор­лар­ды те­ре­ңі­нен ба­ға­ла­уды та­лап ете­тін, қиын тап­сыр­ма­лар­мен жұ­мыс іс­те­уді бо­лжай­тын орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру қыз­ме­ті.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: жұ­мыс­шы­лар­дың тех­ни­ка­лық дай­ынды­ғы­на, ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луы­на то­лық кө­лем­де жа­у­ап­кер­ші­лік­те бо­ла­ды.
Қиын­дық: ты­ныс алу­ға қо­лай­сыз  қа­уіп­ті ай­мақ­тар­да­ғы жұ­мыс.
Шы­ғар­ма­шы­лық тә­сіл (неме­се бі­лу және дағ­ды) тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­ді қол­да­на оты­рып, кә­сі­би про­бле­ма­лар­ды ше­шу­дің әр­түр­лі, оның ішін­де ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын өз бе­тін­ше әзір­леу және ұсы­ну.
Өн­ді­рі­стік про­цес­ке, жұ­мыс про­це­сін ба­қы­ла­у­ға және са­па­сы­на, шы­ғын­дар­ға бюд­жет­теу жүр­гізу­ге, құ­жат­та­ма­ны жүр­гізу­ге және бух­гал­тер­лік есеп­ке бас­қа­ру­шы­лық жос­пар­лар­ды әзір­леу және әр­түр­лі ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын көр­се­ту
Кә­сі­би мін­дет­тер­ді ше­шу үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты өз бе­тін­ше із­деу.
Жұ­мыс про­це­сін­де бір­қа­тар мін­дет­тер­ді ай­қын­дай­ды және негіз­гі жос­пар­лау про­це­сте­рін және жос­пар­дың өзге­ру­ін есеп­ке ала­ды.
5.3
Дер­бес: Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді есеп­ке ала оты­рып, дер­бес жос­пар­лау және ор­та­ның кей­бір бо­лжап бол­май­тын ор­та­сын­да­ғы құ­ры­лым­дық туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шу. Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді ше­шу­де­гі дер­бес­тік.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: тех­ни­ка­лық дай­ын­дық­қа, ар­найы ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жаб­дық­та­ры­ның жағ­дай­ы­на, жұ­мыс­шы­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луы­на то­лық кө­лем­де жа­у­ап­кер­ші­лік­те бо­ла­ды.
Қиын­дық: Ты­ныс алу­ға жа­рам­сыз қа­уіп­ті ай­мақ­тар­да, жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы жұ­мыс.
Ағым­да­ғы және қо­ры­тын­ды ба­қы­лау, қыз­мет­ті ба­ға­лау және тү­зе­ту.
Мұ­қи­ят ре­сур­стық жос­пар­лау, мо­ни­то­ринг про­це­сі, са­па­ны анық­тау және ба­ға­лау жо­лы­мен бо­лжа­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе­ді.
Тап­сы­ры­л­ған нор­ма­дан ауыт­қы­ған жағ­дай­да ше­шім қа­был­дай­ды; өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру, про­бле­ма­ны ше­шу және ба­ла­ма ше­шім­дер­ді та­бу мақ­са­тын­да объ­ек­ті­де жұ­мысты қай­та ұй­ым­да­сты­ра ала­ды.
Кә­сі­би жағ­дай­лар­ды жүй­е­лі тал­дау және жо­ба­лау әді­сте­ме­сі, бас­қа­ру­шы ше­шім­дер­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі, адам­зат ре­сур­ста­рын бас­қа­ру, кә­сі­би қыз­мет шең­бе­рін­де нәти­же­лер­ді стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау ту­ра­лы жан-жақ­ты бі­лім игер­ген
6
6.1
Дер­бес: бө­лім­ше­нің нақ­ты жұ­мыс учас­ке­сін­де­гі нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, қыз­мет­кер­лер­ге (топ­қа) бас­шы­лық.
Қыз­мет­кер­лер­ді бас­қа­ра­ды және же­ке­ле­ген жұ­мыс­шы­лар мен ко­ман­да­лар­дың мін­дет­тер­ді орын­да­уын қа­да­ға­лай­ды.Тө­тен­ше жағ­дай­лар­да сөн­ді­ру және адам­дар­ды құт­қа­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу про­це­ст­те­рін ба­қы­лай­ды.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­да ар­найы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­кер­ші­лік. Пер­со­нал­дың кә­сі­би ше­бер­лі­гін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды. Қиын­дық: қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы ұзақ жұ­мыс. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың және өн­ді­рі­стің қа­уіп­ті фак­тор­ла­ры­ның ық­па­лы. Қол және ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­ды, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Ше­шу­дің әр­түр­лі тә­сіл­де­рін және таң­да­уды бо­лжай­тын бел­гі­лі бі­лім са­ла­сы­на жа­та­тын тех­но­ло­ги­я­лық неме­се әді­сте­ме­лік си­патта­ғы про­бле­ма­лар­ды ше­шу.
Ар­найы (прак­ти­ка­лық және (тео­ри­я­лық) бі­лім (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­нің син­те­зін та­лап ете­тін қыз­мет. Көз­қа­рас­тар ком­му­ни­ка­ци­я­ла­рын және ке­лі­су әді­сте­рін ай­қын­дай­ды.
Бел­гі­лі бір кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да ең­бек қыз­ме­тін орын­дау үшін та­лап еті­ле­тін тех­но­ло­ги­я­лық, ма­те­ри­ал­дық және адам ре­сур­ста­ры­ның та­би­ға­тын, қол­да­ны­луын және қар­жы­лық за­рдап­та­рын тү­сі­не­ді.
7
7.1
Дер­бес: бө­лім­ше неме­се ұй­ым дең­гей­ін­де­гі нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, қыз­мет­кер­лер­дің (топ­тың) қыз­ме­тіне бас­шы­лық. Пер­со­нал­дың кә­сі­би ше­бер­лі­гін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды.
Қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету­ге және ден­са­улық­ты сақ­та­у­ға жа­у­ап­кер­ші­лік.
Соң­ғы нәти­же­ге ба­ғыт­тал­ған жұ­мыс әді­сте­рін ен­гі­зу. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­да ар­найы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету.Пер­со­нал­дың ше­бер­лі­гін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды
Қиын­дық: тө­тен­ше жағ­дай­лар­да­ғы жұ­мыс, қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы жұ­мыс әді­сте­рін же­ті­лі­ді­ру бой­ын­ша ше­шім­дер­ді тал­дау және пы­сық­тау. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Бай­ла­ныс пен бас­қа­ру­дың ар­найы жаб­дық­та­ры мен құ­рал­да­рын, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­ле­уді, әр­түр­лі әді­стер­ді (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) пай­да­ла­ну­ды та­лап ете­тін тех­но­ло­ги­я­лық және әді­сте­ме­лік си­патта­ғы про­бле­ма­лар­ды ше­шу.
Кә­сі­би неме­се ғы­лы­ми бі­лім­ді (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) және бел­гі­лі са­ла­да және/неме­се об­лыс және са­ла то­ра­бын­да­ғы тә­жі­ри­бе­ні син­тез­деу.
7.2
Дер­бес: ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың сәу­лет ерекше­лік­те­рін бі­лу­ді бо­лжай­тын орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет. Пер­со­нал­дың кә­сі­би ше­бер­лі­гін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: тө­тен­ше жағ­дай­лар­да ар­найы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап бе­ре­ді.
Қиын­дық: тө­тен­ше жағ­дай­лар­да­ғы жұ­мыс, қор­ша­ған ор­та­ның жо­ға­ры және тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­сын­да­ғы жұ­мыс әді­сте­рін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ше­шім­дер­ді пы­сық­тау. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Бай­ла­ныс пен бас­қа­ру­дың ар­найы жаб­дық­та­ры мен құ­рал­да­рын, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну.
Бө­лім­ше­нің неме­се ұй­ым­ның қыз­ме­тін тү­зе­ту.
Бас­қа­ру мін­дет­те­рін орын­дау үшін ағым­да­ғы зерт­те­улер және әзір­ле­ме­лер жа­сай­ды.
Тар шең­бер­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­би қыз­мет­тер­ді орын­дау үшін та­лап еті­ле­тін тех­но­ло­ги­я­лық, заттық және адам­зат ре­сур­ста­ры­ның та­би­ға­тын, қол­да­ны­сын және қар­жы­лық сал­да­рын тү­сі­не­ді.
7.3
Дер­бес: Құ­ры­лым­сыз, бо­лжап бол­май­тын ор­та­да бө­лім­ше­лер неме­се ұй­ым­дар дең­гей­ін­де нәти­же­ге де­ген жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, бө­лім­ше­лер­дің неме­се ұй­ым­дар­дың бо­лжа­на­тын және ай­қын­да­ла­тын ұй­ым қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: тө­тен­ше жағ­дай­лар­да ар­найы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету­ге, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­ның жағ­дай­ы­на жа­у­ап бе­ре­ді.
Қиын­дық: тө­тен­ше жағ­дай­лар­да жұ­мыс әді­сте­рін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ше­шім­дер­ді тал­дай­ды және пы­сық­тай­ды. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­да­ғы қа­уіп­ті фак­тор­лар ық­па­лы.
Мақ­сат қо­ю­ды ғы­лы­ми негіз­деу және олар­ға қол жет­кі­зу­дің әді­сте­рі мен құ­рал­да­рын таң­дау бі­лі­гі мен дағдысы.
Са­ла құ­ры­лы­мы­ның жұ­мыс іс­теу және да­му стра­те­ги­я­сын құ­ру, нәти­же­ге қол жет­кізу­ге шар­ттар мен жа­у­ап­кер­ші­лік­ті ұй­ым­да­сты­ру бо­лжа­на­ды.
Стра­те­ги­я­лық тә­сіл­дер­ді қол­да­на оты­рып, мін­дет­тер мен про­бле­ма­лар­ды ше­шу тә­сіл­де­рін ай­қын­дай­ды Қа­лай өл­ше­уді, қа­лай мей­лін­ше азай­ту­ды және тәу­е­кел­ді қа­лай бас­қа­ру­ды тү­сі­не­ді.
8
8.1
Дер­бес: стра­те­ги­я­ны ай­қын­дау, ірі тө­тен­ше жағ­дай­лар дең­гей­ін­де ше­шім қа­был­да­у­мен және жа­у­ап­кер­ші­лік­пен қыз­мет­ті бас­қа­ру.
Жа­у­ап­кер­ші­лік:
Са­лад­а­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою ке­зін­де ин­но­ва­ци­я­лық әді­стер­ді жос­пар­лап, әзір­лей­ді, тө­тен­ше жағ­дай­лар­да ар­найы жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік­ті, адам­дар­дың ден­са­улы­ғын қам­та­ма­сыз ету.
Қиын­дық: жа­ңа және қиын иде­я­лар­ды сы­ни тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу және стра­те­ги­я­лық ше­шім­дер қа­был­дау.
Жа­ңа бі­лім мен жа­ңа ше­шім­дер алу­ға же­те­лей­тін жо­ба­лар­ды зерт­теу, әзір­леу, іс­ке асы­ру және бей­ім­деу.
Іл­ге­рі зерт­те­улер орын­дай­ды және нәти­же­ге ба­ғыт­тал­ған өза­ра ти­ім­ді ше­шім­дер анық­тау және қа­был­дау үшін да­мы­ған ма­ман­дан­дыр­ған тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­на­ды.
Ғы­лым және кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да ең озық дең­гей­де­гі бі­лім.
Кә­сі­би қыз­ме­т­ін­де ғы­лым ру­бе­жі бой­ын­ша атал­ған са­ла­ның ең озық ме­же­сін­де­гі жа­ңа күр­де­лі иде­я­лар­ды өл­шем­ді тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу үшін ар­найы бі­лім­ді қол­да­на­ды.
8.2
Дер­бес: Бо­лжап бол­май­тын және құ­ры­лым­сыз ор­та шар­тта­рын­да­ғы ірі тө­тен­ше жағ­дай­лар дең­гей­ін­де ше­шім мен жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, про­це­стер­ді және қыз­мет­ті бас­қа­ру стра­те­ги­я­сын ай­қын­да­уды бо­лжай­тын бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Пер­со­нал­дың кә­сі­би ше­бер­лі­гін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу бой­ын­ша нақ­ты ше­шім­дер қа­был­дай­ды.
Қиын­дық: жа­ңа және қиын иде­я­лар­ды тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу және стра­те­ги­я­лық ше­шім­дер қа­был­дау.
Син­тез­деу мен ба­ға­ла­уды қо­са ал­ған­да, зерт­те­улер­де­гі және/неме­се жа­ңа­лық­тар­да­ғы сы­ни про­бле­ма­лар­ды ше­шу үшін та­лап еті­ле­тін және бар бі­лім­ді неме­се кә­сі­би тә­жі­ри­бе­ні қай­та қа­ра­у­ға және жа­ңар­ту­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін дағ­ды мен бі­лім.
Стра­те­ги­я­лық ой­ла­уды, ло­ги­ка­лық әді­стер­ді, өза­ра ти­ім­ді ше­шім­дер ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­ла­рын пай­да­лан оты­рып, ауқым­ды бі­лім­дер және дағ­ды­лар қол­да­на­ды.
Қыз­мет­ті да­мы­ту үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты ба­ға­лау және ірік­теу. Ин­но­ва­ци­я­лық-кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да­ғы әді­сте­ме­лік бі­лім.
8.3
Дер­бес: өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру қа­бі­ле­ті­нің да­мы­ғанды­ғы, бел­гі­сіз жағ­дай­лар­да жұ­мыс іс­теу, қиын ше­шім­дер­ді, сон­дай-ақ де­ректер­ді жет­кі­лік­сіз кез­де ше­шім­дер­ді жыл­дам қа­был­дау, тұ­рақ­ты көш­бас­шы­лық­ты көр­се­ту.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу бой­ын­ша нақ­ты ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Қиын­дық: жа­ңа және қиын иде­я­лар­ды тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу және стра­те­ги­я­лық ше­шім­дер қа­был­дау.
Ауыз­ша неме­се жа­з­ба­ша түр­де кә­сі­би дис­кус­си­я­лар­ға қа­ты­су, соң­дай-ақ ха­лы­қа­ра­лық ака­де­ми­я­лық ба­сы­лым­дар­да зерт­те­улер­дің ба­стап­қы нәти­же­ле­рін жа­ри­я­лау.
Са­ла­да шең­бер­лер­де өза­ра әре­кет­те­су­лер үл­гі­ле­рі құ­ра­с­ты­руы жү­зе­ге асы­рып жа­тыр неме­се ха­лы­қа­ра­лық ин­но­ва­ци­я­лық стан­дарт­тар­дан бас­қа са­ла­лар­мен қол­да­на­ды.
Кор­по­ра­тив­тік жүй­е­лер­дің қа­лып­та­су та­би­ға­тын тү­сі­не­ді және әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық жүй­е­лер­мен өза­ра іс-қи­мыл­ды, мо­дель­де­уді және бас­қа­ру­ды тү­сі­не­ді
8.4
Дер­бес: ұзақ мер­зім­ді және қиын­дық кел­ті­ре­тін мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу, әр­түр­лі ақ­па­рат­ты тал­дау, мо­ти­ва­ци­я­ны жо­ғалт­пай және са­па­ға зиын кел­тір­мей қа­уіп-қа­тер­ді та­ра­зы­лау. Әр­түр­лі дең­гей­де­гі ко­ман­да­лар­ды қа­лып­ты­сты­рып, да­мы­та бі­лу.
Жа­у­ап­кер­ші­лік: ко­ман­да­ның дай­ын­дық дең­гей­ін арт­ты­ру, тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де қиын және ма­ңы­зды ше­шім­дер қа­был­дау.
Қиын­дық: жа­ңа және қиын иде­я­лар­ды тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу және стра­те­ги­я­лық ше­шім­дер қа­был­дау
Иде­я­лар ой­лап та­бу, ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­тiң нәти­же­лерiн бо­лжау, кәс­i­би және әле­умет­тiк са­ла­да кең ауқым­ды өзгерiстер­дi жү­зе­ге асы­ру, күр­делi өн­дiрiстiк және ғы­лы­ми про­це­стер­дi бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры.
Кә­сі­би және әле­умет­тік са­ла­да кең ауқым­ды өзге­рі­стер­ді жү­зе­ге асы­ра­ды және күр­де­лі өн­ді­рі­стік және ғы­лы­ми про­цес­стер­ді бас­қа­ра­ды.
Кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да­ғы те­рең және то­лық бі­лім
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
Бі­лік­ті­лік­тің ти­іс­ті дең­гей­іне же­ту жол­да­ры
1
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се жұ­мыс ор­нын­да қы­сқа мер­зім­ді оқы­ту (нұс­қау) және/неме­се ба­ста­уы­штан кем емес ор­та бі­лі­мі болған кез­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар.
2
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се негіз­гі ор­та бі­лім­нен кем емес жал­пы ор­та бі­лі­мі болған кез­де кә­сі­би да­яр­лау (бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі негі­зін­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар неме­се кор­по­ра­тив­ті бі­лім бе­ру)
3
Негіз­гі ор­та­ша бі­лім бе­ру ба­за­сын­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та­ша бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім болған кез­де кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін неме­се кә­сі­по­рын­да оқу).
4
Жал­пы ор­та бі­лім, жо­ға­ры дә­ре­же­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық)6 прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та­дан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім.
6
Жо­ға­ры бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
7
Жо­ға­ры бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
8
Осы бі­лік­ті­лік дең­гей­ін­де жо­ға­ры бі­лім «Бі­лім ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жы­л­ғы 27 шіл­де­де­гі За­ңы қа­был­дан­ған­ға дей­ін алын­ған жо­ға­ры бі­лім­ді, сон­дай-ақ осы заң­да бел­гі­лен­ген бі­лім дең­гей­іне сәй­кес ай­қын­дал­ған жо­ға­ры бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­ді қам­ти­ды.

Қолданыстағы