Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О правилах подготовки нормативных правовых актов акима Костанайской области

Ереже · № 226 · қабылданған 07.12.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7806/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О правилах подготовки нормативных правовых актов акима Костанайской области Күшін жойған 07.12.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О правилах подготовки нормативных правовых актов акима Костанайской области

Күшін жойған Ереже № 226 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах подготовки нормативных правовых актов акима Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудын ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
226
Қабылданған күні
07.12.2000
Көрсетілген редакция
07.12.2000 7806_257959.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00N000535_
ЭКБ идентификаторы
7806
Редакция идентификаторы
7806_257959
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:08
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық

актілерін дайындаудын ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
"Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заңгерлік жұмыстарының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 қаулысының 2 тармағына сәйкес ШЕШТIМ:

1. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Б.Б. Баймагамбетоваға жүктелсін.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қостанай облысы әділет
басқармасының бастығы
____________С.Ж. Новикова

3 Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың ережелері

Бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 226 шешімімен
Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың
ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Осы ережелер (бұдан әрі ережелер) Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың, бекітудің және мемлекеттік тіркеуге беру мен жариялаудың тәртібін, сондай-ақ осы актілерге талаптарды анықтайды.

2. Қостанай облысының әкімі Конституцияның негізінде және Конституцияны, Президент заңдарын, Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын орындауда өз құзыры шеңберінде өкімдер қабылдайды.

3. Нормативтік құқықтық актілерді Қостанай облысының әкімі немесе оның орнында қалған адам бекітеді.

4. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері негізгілерге және өндірістегілерге бөлінеді.

Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің негізгі түріне шешімдер мен өкімдер жатқызылады.
Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің өндірістегі түрлеріне тәртібі, ережелер,нұсқаулықтар жатады.

1) Регламент - қандай да болмасын мемлекеттік органның және оның кұрылымдық бөлімшелерінің ішкі қызмет тәртібін ретке келтіретін нормативтік акт.

2) Ереже - қандай да болмасын мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен уәкілеттігін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;

3) Ережелер - қандай да болмасың қызмет түрін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;

4) Нұсқаулық - қандай да болмасын қоғамдық қатынастар саласында заңның қолдануын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

5) Өндірістік түрдегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастықты құрайды.

6. Жалпы міндетті мәні бар, азаматтардың кұқықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне қатысты немесе ведомствоаралық сипаттағы, занда белгіленген тәртіппен бекітілген және тіркелген Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері Қостанай облысының барлық аумағындағы барлық жеке және занды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілер жобаларының ресімделуі

7. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген арнаулы бланкіде актінің нысаны (шешім немесе өкім) көрсетіле отырылып басылады.

8. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің осы нормативтік актінің ерекше ретке келтіру мәнін көрсететін тақырыбында болуға тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің тақырыбында сөздерді тасымалдауға жол берілмейді, тақырыптар әдетте анық жазылады.

9. Бұрынғы қабылданған актіге өзгертулер, толықтырулар енгізу қарастырылған немесе оның күші жойылған деп танылған шешімдер жобаларының тақырыптарында актінің нысанына, қабылдау күніне, тіркеу нөмірі мен тақырыбына сілтеме болуға тиіс.

10. Шешімнің негізгі міндеттерін қабылдаудың мақсаттары мен мәнін түсіндіру қажет болған жағдайда өкім етуші бөлімнің алдында кіріспе бөлімі (преамбула) келеді. Преамбулаларда мәнін негіздеу мақсатында Конституцияға, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің зандарына, нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.

11. Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінде пайдаланылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болғанда оларда мағынасын түсіндіретін тармақ орналасады.

12. Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің негізгі құрылымдық элементі болып атауында "тармақ" сөзі жоқ, өз бойында құқық нормасы бар тармақ табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің көлемі бойынша мазмұны жағынан жақын тармақтардың тарауларға бірігуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімдерге, ал бөлімдер өз кезегінде нормативтік құқықтық актілердің бөліктеріне бірігуі мүмкін. Тармақтар мен тармақшалардың ішінде азат жолдармен бөліп көрсетілетін бөліктер болуы мүмкін.
Көлемі жағынан үлкен тарауларда нормативтік құқықтық актілердің параграфтары мен параграфтық бөліктері бөлініп көрсетілуі мүмкін, ал үлкен тарауларда сол сияқты бөлімдер бөлініп көрсетілуі мүмкін.
Нормативтік кұқықтық актінің әрбір тармағы, бөлімі мен бөліктері араб цифрімен нөмірленеді. Тармақтардың нөмірленуі барлық нормативтік құқықтық акт үшін толассыз болып табылады. Нормативтік құқыктық актінің тараулары мен бөліктерін нөмірлеу де дербес және толассыз болып табылады.
Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің тармақтарындағы тармақшаларда нөмірлеу де дербес болады. Әрбір тараудағы параграфтарды нөмірлеу және нормативтік құқықтық актінің әрбір бөліміндегі болімшелерді нөмірлеу де толассыз емес, дербес болып табылады.
Тармакшалардағы тармақтардың нөмірлері мынандай жағдайларда жақша арқылы араб цифрімен көрсетіледі:
1), 2), 3) және одан әрі кете береді.
заңгерлік техникаға сәйкес актінің мәтінін де азат жолды сызықшамен немесе басқа белгілермен белгілеуге жол берілмейтінін атап өту кажет.

13. Егер әкімнің нормативтік актілерінде таблицалар, графиктер, карталар, схемалар келтірілетін болса, олар әдетте, қосымшалар түрінде.

Әкімнің нормативтік құқықтық актілеріне бірнеше қосымша берілген жағдайда оң жақ жоғарғы бұрышында олардың реттік нөмірлері, сондай-ақ тиісті актінің қабылданған күні, нөмірі және атауы көрсетіледі.
Мысалы:
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы ________№__ шешіміне
1, 2 қосымшалар
Егер шешімнің мәтінінде (қоса беріліп отырған) ереже, нұсқаулық не тағы басқалар бекітілсін деген сілтеме болса, қосымшаның оң жақ бұрышына былайша жазылады:
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы_______ № _шешімімен
бекітілген
Егер ереже, нұсқаулыққа және жеке қосымшамен ресімделетін басқа өндірістік актілерге қосымшалар бар болса ол жоғарғы оң жақ бұрышында былай көрсетіледі:
1,2 ....қосымшалар
Қосымшаның тақырыбы оны қабылдаған негізгі актінің мәтініне сәйкес болуға тиіс.

14. Әкімнің нормативтік кұқықтық актілерінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологиялық нормаларын сақтай отырып жазылады. Ескірген және көп мағына беретін сөздер мен ұғымдарды, эпитеттерді, метафораларды пайдалануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып берілмейді. Егер шешім жобасының мәтінінде сол бір құқықтық актіге бірнеше сілтемелер келтірілер болса, актінің толық атауы, оған сілтеме беріле отырып, бір рет көрсетіледі.

15. Қостанай облысы әкімінің шешімімен комиссияның, жұмысшы тобының немесе басқа уақытша органның жеке кұрамы бекітілген жағдайда адамдардың тегі (алфавиттік тәртіппен); аты, әкесінің аты және лауазымы толық келтіріледі.

16. Шешімнің мәтінінде күшін көрсеткен кезде ресімдеудің сөздік- цифрлық әдісі қолданылады(мысалы, 2000 жылғы 12 қыркүйек).

17. Қостанай облысы әкімі шешімдерінің жобалары бас маман - Қостанай облысы әкімі аппаратының заң кеңесшісімен міндетті түрде келісіледі.

18. Шешім жобасының түп нұсқасына Қостанай облысы әкімінің осы саланы басқаратын орынбасары және аппарат басшысы бұрыштама қояды.

Құжат жобасының мазмұны бірнеше мемлекеттік органдардың мүддесін қамтитын болса, олардың басшыларының бұрыштамалары болуға тиіс.

19. Құжат түзетілгеннен, белгіленген үлгідегі бланкіде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылғаннан, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен, орындаушы, облыс әкімінің осы саланы басқаратын орынбасары, облыс әкімі аппаратының заң кеңесшісі бұрыштама соққаннан кейін жалпы болімнің меңгерушісі арқылы облыс әкіміне қол қоюға беріледі.

20. Құжат жобасының кемшіліктері болған жағдайда жалпы бөлімнің меңгерушісі оны жетілдіру үшін кейін қайтарады.

21. Қостанай облысы әкімінің өкімдерінің жобалары осы сияқты ресімделеді.

22. Қостанай облысының әкімі қол қойғаннан кейін бөлім меңгерушісінің қолы бар тарату көрсеткішімен құжат шығарылу үшін жалпы бөлімнің бас маманына (хаттама бөлімі) беріледі. Құжат тұпнұсқасына қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.

23. Облыс әкімі аппаратының жалпы бөлімі актілердің қажетті даналарын көбейтуді, олардың Қостанай облысы әкімінің елтаңбалық мөрімен куәландырылуын және тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға таратылуын қамтамасыз етеді.

3. Әділет баскармасына тіркеуге жіберілетін Қостанай облысы әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау тәртібі

24. "Нормативтік құқыктық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес Қостанай облысы әкімінің жалпы міндетті мәні бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысы бар нормативтік құқықтық актілері Қостанай облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.
Мұндай тіркеу оларды іске енгізудің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заң күші болмайды.

25. Қостанай облысы әкімінің шешімдерін мемлекеттік тіркеуге ұсыну "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін

орталық атқарушы және басқа орталық органдарының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеуге алу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар Казақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау және оларды мемлекеттік тіркеуге алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады.

26. Нормативтік құқықтық акт тіркелгеннен кейін ол таратылады және ресми жариялау үшін Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне беріледі.