О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары

О страховой деятельности · № 126

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:
1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
2) кәсіби әдеп кодексін;
3) дауларды шешу тәртібін;
4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды. Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-10-2/