Құжат мәтініне өту

Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере геодезии и картографии, землеустройства, кадастра

Бұйрық · № 34/ОД · қабылданған 13.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78532/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере геодезии и картографии, землеустройства, кадастра Күшін жойған Бұйрық ·№ 34/ОД ·13.02.2014
08.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере геодезии и картографии, землеустройства, кадастра

Күшін жойған Бұйрық ·№ 34/ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении отраслевой рамки квалификации в сфере геодезии и картографии, землеустройства, кадастра
Атауы (қаз.)
Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34/ОД
Қабылданған күні
13.02.2014
Көрсетілген редакция
08.06.2015 AI78532_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009237
ЭКБ идентификаторы
78532
Редакция идентификаторы
AI78532_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:53

0 Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса ұсынылған Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.

2 2. Жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) осы бұйрықты заңнама түрінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізіп, ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 34/НҚ бұйрығымен
бекітілді
Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).

2 2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саламамандарының біліктілігінің сәйкестігі мен берілгендігін растайтын жүйеге негіз болып табылады.

3 3. СБШ-да салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық жағынан сипаттамасы келтіріледі.

4 4. СБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, азаматтарға, жұмысшыларға, қоғамдық ұйымдарға) арналған және:

1 1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

2 2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;

3 3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.

5 5. СБШ біліктіліктерінде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);

2 2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;

3 3) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

4 4) құзыреттер – белгіленген біліктілік деңгейінің кәсіби қызметінде міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін субъекті қызметінің сапасы;

5 5) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім және білік.

6 6. СБШ 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша рәсімделген шеңберлік құрылымды ұсынады.

СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларынан сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:

1 1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:

пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
білімнің инновациялығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірі (кез келгеннің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

2 2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:

кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дауының беймәлімдігі дәрежесі. Бұл көрсеткіш кешенді болып табылады. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгеннің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

3 3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметтердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және оның мынадай негізгі үш дәрежесі бар:

басшылықтың қолданыстағы қызметі;
қызметті өз бетінше орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).

7 7. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.

8 8. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және (немесе) практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.

Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелерінің ішінде жүргізілетін болады.
Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшада көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.

1 Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

Геодезия және картография,
жерге орналастыру, кадастр
салаларындағы біліктілік
шеңберіне
1-қосымша
Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңбері
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
Бі­лім
Бі­лік пен дағ­ды­лар
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­тер
1
2
3
4
1
1) Нұс­қау неме­се жұ­мыс ор­нын­да оқы­ту үде­рі­сі ке­зін­де алын­ған гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр және нақ­ты құ­ры­лым­дық тар­мақ­ша са­ла­ла­рын­да­ғы ең­бек пәні ту­ра­лы ба­за­лық жал­пы бі­лі­мі.
2) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да бел­гі­лі бір қыз­мет ая­сын­да пай­да­ла­ны­ла­тын кей­бір қа­ра­пай­ым ас­пап­тар мен жаб­дық­тар, сон­дай-ақ олар­дың қол­да­ны­лу са­ла­сы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім.
1) Бел­гі­лі жағ­да­ят­та стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау.
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр қыз­ме­ті­нің бел­гі­лі бір са­ла­сын­да­ғы қа­ра­пай­ым мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған ба­за­лық дағ­ды­лар­дың шек­тел­ген кө­ле­мін пай­да­ла­нуы мүм­кін. Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен ден­са­улық­ты қор­ғау та­лап­та­рын, қа­ғи­да­ла­рын, нор­ма­ла­рын, сон­дай-ақ бел­гі­лі бір мін­дет­тер­ге қа­ты­сты құқық­тық мін­дет­тер­ді бі­лу.
2) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да­ғы қыз­ме­т­ін­де жұ­мыс жағ­да­ят­та­ры­ның шар­тта­ры­на сәй­кес өзі­нің іс-әре­ке­тін тү­зе­те бі­лу.
1) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын, оның ішін­де өзі­нің және бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау.
2) Ті­ке­лей ба­қы­ла­удың және/неме­се бас­қа­ру­дың астын­да тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау қа­жет­ті­лік­те­рін тү­сі­ну.
2
1) Кә­сі­би да­яр­лау про­це­сін­де және/ неме­се өз бе­тін­ше ал­ған бі­лі­мі.
2) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр және нақ­ты құ­ры­лым­дық тар­мақ­ша­лар­да­ғы негі­зі және қа­ра­пай­ым ас­пап­тар­ды, жаб­дық­тар­ды, жұ­мыс про­це­сте­рі­нің рә­сім­де­рін бі­лу.
1) Стан­дарт­ты және бір­тек­ті прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу және оның нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу.
2) Нұс­қа­улық­та бе­рі­л­ген ал­го­ритм бой­ын­ша іс-әре­кет тә­сі­лін таң­дау және жұ­мыс жағ­да­ят­та­ры­ның шар­тта­ры­на сәй­кес іс-әре­кет­ті тү­зе­ту.
Қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­да­ят­тар­да өзін-өзі ба­қы­лау, өзін-өзі тү­зе­ту іс-әре­ке­ті дағ­ды­ла­рын та­ны­сты­ра оты­рып, күр­де­лі емес прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін негіз­гі прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­на бі­лу.
1) Өз бе­тін­ше және /неме­се ті­ке­лей бас­шы­лық­пен негіз­гі прак­ти­ка­лық және та­ным­дық да­ғы­ды­лар­ды қол­да­ну­мен бір­ге стан­дарт­ты және бір­тек­ті прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу.
2) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да бел­гі­лі мін­дет­тер шең­бе­рін­де жұ­мыстың нәти­же­сі мен са­па­сын қам­та­ма­сыз ету.
3) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын, оның ішін­де өзі­нің және бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау, со­ны­мен қа­тар қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау.
3
1) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр­дың нақ­ты түр­ле­рі са­ла­ла­рын­да кә­сі­би да­яр­лау про­це­сін­де және өз бе­тін­ше ал­ған прак­ти­ка­ға бағ­дар­лан­ған кә­сі­би бі­лім.
2) Ең­бек қыз­ме­т­ін­де пай­да­ла­на­тын ас­пап­тар­ды, жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­ну­дың, олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­дің, ор­нын ауы­сты­ру­дың, сақ­та­удың және жи­на­удың негіз­гі қа­ғи­дат­та­рын бі­лу.
3) Ең­бек қыз­ме­ті өнім­де­рі және бас­қа да ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс іс­теу ере­же­ле­рін және та­лап­та­рын бі­лу. Ең­бек­ті жос­пар­лау мен ұй­ым­да­сты­ру, затты қай­та өң­деу тех­но­ло­ги­я­сын бі­лу. Са­па­ға ба­қы­лау жа­сау рә­сім­де­рін және құ­жат­тар­ды жүр­гі­зу рә­сім­де­рін бі­лу.
1) Өз бе­тін­ше ең­бек қыз­ме­ті­нің бел­гі­лі бір са­ла­сын­да же­ке жос­пар­лау, оның нәти­же­ле­рін орын­дау және ба­ға­лау кон­текст­ін­де стан­дарт­ты және бір­тек­ті прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу.
Жұ­мысты жос­пар­лар­мен са­лы­сты­ра алу, жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­ді және алын­ған нәти­же­сі­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін қам­та­ма­сыз ете алу.
2) Бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе негі­зін­де бел­гі­лі іс-әре­кет тә­сіл­де­рін таң­дау және алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, қыз­мет­ті тү­зе­ту.
Қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да өзін-өзі ба­ға­лау, анық­тау, ұй­ым­да­сты­ру және әсер­лер­дің тү­зе­уіне қа­ты­сты дағ­ды­лар­ды көр­се­ту. Өз бе­тін­ше өл­шем­дер әді­стер, ба­ға­лау прин­циптер, ең­бек за­ты және құ­рал­дар, қой­ы­л­ған мін­дет­ті орын­дау әді­сте­рін анық­тау.
1) Бел­гі­лен­ген нәти­же­лер­ге өз бе­тін­ше қол жет­кі­зу үшін қа­жет­ті ре­сур­стар­ды, уа­қыт­ты ба­ға­лау мен анық­тау.
2) Жұ­мыс про­це­сін жос­пар­ла­уды қам­ти­тын орын­да­у­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну.
Нор­ма­дан ауыт­қу жағ­дай­ын­да кә­сі­би қыз­мет про­цес­сте­рін жақ­сар­ту үшін иде­я­лар ұсы­ну.
Бас­шы­лық­пен ең­бек­тік қа­ты­на­стар­ды қол­дау және оған есеп­тік де­ректер­ді ұсы­ну.
3) Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын, оның ішін­де өзі­нің және бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау, со­ны­мен қа­тар қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау.
4
1) Кә­сі­би дай­ын­дық про­це­сін­де және/неме­се өз бе­тін­ше ал­ған прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған бі­лім.
Кә­сі­би дай­ын­дық үде­рі­сі неме­се өз бе­тін­ше ал­ған прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де­гі іс-әре­ке­тін­нің жү­зе­ге асы­ры­луы, бі­лі­мі
2) Гео­де­зия және кар­то­гр­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да­ғы кең кон­текст­ін­де пай­да­ла­ны­ла­тын негіз­гі жаб­дық, ма­те­ри­ал­дар, олар­ды қол­да­ну­ды үй­ле­сті­ру­ді қо­са ал­ған­да, құ­рал-сай­ман­дар мен жаб­дық­ты пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, ор­нын ауы­сты­ру және сақ­тау қа­ғи­дат­та­рын бі­лу.
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру­да, ка­дастр­де­гі пай­да­ла­ну прин­ципте­рін­де, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­де қол­да­ны­ла­тын негіз­гі құ­рал мен сай­ман­дар­ды бі­лу және құ­рал-жаб­дық­тар­ды және ма­те­ри­ал­дар­ды ауы­сты­рып, пай­да­ла­на алу.
Жұ­мыс үде­рі­сте­рі, ша­ра­лар­ды ба­қы­лау, құ­жат­та­ма са­па­сы мен есеп­ке алу бой­ын­ша бі­лім­нің кең спек­тріне ие.
3) Кә­сі­би мә­се­ле­лер­дің прин­ципте­рі мен оны қою, ше­ші­мін та­бу жол­да­рын, эти­ка мен пси­хо­ло­гия қа­рым-қа­ты­на­сын­да­ғы нор­ма­лар­ды, ең­бек ету­ге мо­ти­ва­ция жа­сау және ын­та­лан­ды­ру жол­да­рын, заң нор­ма­ла­рын бі­лу.
1) Жұ­мыс жағ­дай­ын және оның ық­ти­мал өзге­рі­сте­рін өз бе­тін­ше тал­да­уды та­лап ете­тін әр­түр­лі тип­те­гі прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу. Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уда, орын­да­уда және жұ­мыс про­це­сте­рі мен жұ­мыс нәти­же­ле­рін ба­ға­ла­уда бір­қа­тар прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­на алу.
2) Қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық жол­да­рын таң­дау. Ал­ған тап­сыр­ма­ны нақ­ты­лау, жұ­мыс ба­ры­сын ес­ке­ру және жос­пар­мен са­лы­сты­ру, жұ­мыс нәти­же­ле­рі­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін ба­қы­лау, бі­лім мен дағ­ды­лар­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гін анық­тау, кә­сі­би ше­бер­лік­ті арт­ты­ру­ға ын­та­лан­ды­ру.
3) Ағым­да­ғы қо­ры­тын­ды ба­қы­лау және қыз­мет­ті тү­зе­ту. Бел­гі­лі қыз­мет­тің әр түр­лі жұ­мыс фа­за­ла­рын ай­қын­дау, мо­ни­то­ринг про­це­сі, са­па­ны анық­тау және ба­ға­лау бой­ын­ша көз­де­ле­тін нәти­же­лер­ге қол жет­кізу­ге, та­лап еті­ле­тін ре­сур­стар­ды та­бу­ға және то­лық жұ­мыс про­цес­сі­нің жұ­мыста­рын орын­дау үшін қа­жет­ті уа­қыт­ты есеп­те­у­ге қа­бі­лет­ті. Бі­лім­ді бе­ру­ді қол­да­ну­ға негіз­дел­ген стан­дарт­ты рә­сім­дер­ден ауыт­қу ке­зін­де пай­да бо­ла­тын про­бле­ма­лар­ды ше­шу.
1) Ал­ға қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып мін­дет­тер­ді ай­қын­дау және қыз­мет­ті жос­пар­лау.
Бел­гі­лі мін­дет­тер­ді өз бе­тін­ше қа­рас­ты­ру.
Ал­дын-ала бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес өн­ді­рі­стік де­ректер­ді бас­шы­лық­қа құ­жат ре­т­ін­де ұсы­на оты­рып, жұ­мыс про­це­сте­рі­нің нәти­же­ле­рін ба­ға­лай­ды.
Бел­гі­лен­ген са­ла дең­гей­ін­де ең­бек қыз­ме­тін анық­тай­ды және жағ­дай та­лап етіп отыр­ған­дық­тан бас­қа да жұ­мыс­шы­лар­мен ба­ла­ма­лы іс-әре­кет­ті және өза­ра іс-қи­мыл­ды ті­ке­лей бас­шы­лық­пен ке­лі­се­ді.
2) Бас­қа­лар­дың іс-әре­ке­ті­нің нәти­же­сіне, бас­қа жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мысы­на бас­шы­лық ету. Жал­пы жұ­мыстар жос­па­рын негіз­ге ала оты­рып, жұ­мыс­шы­лар топ­та­ры­на ар­нал­ған қы­сқа мер­зім­ді жұ­мыс жос­пар­ла­рын әзір­ле­у­ге қа­бі­лет­ті. Өз бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру және бас­қа жұ­мыс­шы­лар­ды оқы­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру.
Бас­шы­лық­пен жұ­мыстың ба­ры­сы мен нәти­же­сін қам­та­ма­сыз ету. Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын сақ­тау, со­ны­мен қа­тар қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау.
5
1) Кә­сі­би (прак­ти­ка­лық және тео­ри­я­лық) бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе (неме­се кә­сі­би са­лад­а­ғы прак­ти­ка­лық және тео­ри­я­лық бі­лім диа­па­зо­ны­ның кең­ді­гі). Кә­сі­би қыз­мет­тің шең­бе­рін­де жүй­е­лі тал­дау және кә­сі­би жағ­да­ят­тар­ды жо­ба­лау әдіс­на­ма­сы, бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі, ада­ми ре­сур­стар­ды бас­қа­ру, нәти­же­лер­ді стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау ту­ра­лы жан-жақ­ты бі­лім­ді иге­ру.
2) Кә­сі­би мін­дет­тер­ді ше­шу үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты өз бе­тін­ше із­деу.
Бір­қа­тар мін­дет­тер­ді анық­тау және жос­пар­ла­удың негіз­гі про­це­сте­рін ес­ке­ру, және жұ­мыс про­цес­сте­рін­де­гі жос­пар­лар­ды өзгер­ту.
1) Әр­түр­лі ше­шу тә­сіл­де­рін бо­лжай­тын прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу және таң­дау. Ұжым­дық жұ­мыс кон­тек­сін­де стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уда прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­на алу, жұ­мысты ба­ға­лау, жағ­да­ят­ты тал­дау, өз бе­тін­ше тал­дау, ше­шім қа­был­дау және оны іс­ке асы­ру үшін жағ­дай жа­сау, қыз­мет­ті ба­қы­лау және тү­зеу. Кә­сіп­тік қыз­мет шең­бе­рің­де құ­жат­тау рә­сі­мін жүр­гі­зу және есеп­ке алу.
2) Шы­ғар­ма­шы­лық тә­сіл (неме­се бі­лік пен дағ­ды) тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­ді пай­да­ла­на оты­рып, оның ішін­де тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­ді қол­да­на оты­рып, кә­сі­би про­бле­ма­лар­ды ше­шу­дің ба­ла­ма­лы нұс­қа­ла­рын өз бе­тін­ше әзір­леу.
Өн­ді­рі­стік про­цес­ке, жұ­мыс про­це­сі мен са­па­ны ба­қы­ла­у­ға, шы­ғы­стар­ды бюд­жет­те­уді өт­кі­зу­де, құ­жат­та­ма­лар мен бух­гал­тер­лік есеп­ті жүр­гі­зу­де бас­қа­ру­шы­лық жос­пар­ла­рын ше­шу­дің әр­түр­лі ба­ла­ма­лы нұс­қа­ла­рын әзір­леу және ұсы­ну.
3) Ағым­да­ғы және қо­ры­тын­ды ба­қы­лау, қыз­мет­ті ба­ға­лау және тү­зе­ту. Мұ­қи­ят ре­сур­стық жос­пар­лау, мо­ни­то­рин­гі­леу, са­па­ны анық­тау және ба­ға­лау жо­лы­мен бо­лжам­ды нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе алу. Тап­сы­ры­л­ған нор­ма­дан ауыт­қы­ған жағ­дай­да ше­шім қа­был­дау; өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру, про­бле­ма­ны ше­шу және ба­ла­ма ше­шім­дер­ді та­бу мақ­са­тын­да жұ­мысты қай­та ұй­ым­да­сты­ра алу.
1) Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің нақ­ты учас­ке­сін­де олар­дың әре­ке­ті­нің нәти­же­сін қам­та­ма­сыз ету және бір топ қыз­мет­кер­лер­ді бас­қа­ру. Жұ­мыс ба­ры­сын ба­қы­лай оты­рып, ең­бек ре­сур­ста­рын бө­лу, нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­у­лар бе­ру.
Ал­дын ала әзір­лен­ген жос­пар­лар­ға, са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін, жұ­мысты орын­дау кесте­сін және қар­жы­лық сме­та­сын жос­пар­мен са­лы­сты­ру, жұ­мыстың ба­ры­сын тек­се­ру. Жұ­мыс­шы­лар­дың тех­ни­ка­лық дай­ынды­ғы­на қа­ты­су.
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын сақ­тау, со­ны­мен қа­тар қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау.
Ба­ла­ма­лы жос­пар­лар­ды қол­да­ну және егер нәти­же­лер алу үшін бұл та­лап еті­ле­тін бол­са, бас­қа өн­ді­рі­стік бө­лім­дер­мен ке­лі­су.
2) Стра­те­гия, са­я­сат және ұй­ым­да­сты­ру мақ­са­ты шең­бе­рін­де ең­бек және оқу қыз­ме­ті үде­рі­сін өз бе­тін­ше бас­қа­ру және ба­қы­лау, про­бле­ма­лар­ды тал­қы­лау, қо­ры­тын­ды­лар­ды дәлел­деу және ақ­па­рат­ты са­у­ат­ты бас­қа­ру мүм­кін­ді­гі. Қо­ры­тын­ды­лар­ды дәлел­дей оты­рып, ең­бек қыз­ме­ті про­це­сте­рін бас­қа­ру және ба­қы­лау.
Кә­сі­би қыз­мет­тер рә­сім­де­рін құ­жат­тау және тап­сы­рыс бе­ру­ші мен мүд­де­лі тұл­ға­ның та­лап­та­рын на­зар­ға ала оты­рып, ал­дын ала бел­гі­лен­ген нор­ма­лар­ға сәй­кес нәти­же­лер­ді ба­ға­лау. Жо­ға­ры тұр­ған бас­шы­лық­қа өн­ді­рі­стік де­ректер мен шы­ғын­дар­ды ұсы­ну және тү­сін­ді­ру.
6
1) Ар­найы (тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық) бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­нің (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) син­те­зін та­лап ете­тін қыз­мет. Жо­ба­ла­уды тал­дау және би­ік екі­ұшты­лық­та кә­сіп­тік жағ­дай­лар­да ше­шім­дер қа­был­да­уды ба­ға­лау. Ком­му­ни­ка­ци­я­лар тә­сіл­де­рін анық­тау және көз­қа­ра­сын ке­лі­су. Кә­сі­би қыз­мет­тің бел­гі­лі бір са­ла­сын­да ең­бек қыз­ме­тін орын­дау үшін та­лап еті­ле­тін та­би­ғат­ты, қол­да­ну­шы­лық­ты қар­жы­лық сал­дар­лар­ды, тех­но­ло­го­ги­я­лық, ма­те­ри­ал­дық және ада­ми ре­сур­стар­ды тү­сі­ну қа­жет. Қыз­мет­тің осы тү­ріне тән тәу­е­кел­ді тү­сі­ну, олар­ды ба­қы­лай және мей­і­лін­ше азай­та алуы мүм­кін.
1) Ше­шу­дің әр­түр­лі тә­сіл­де­рін және таң­да­уды бо­лжай­тын бел­гі­лі бір бі­лім са­ла­сы­на жа­та­тын тех­но­ло­ги­я­лық неме­се әді­сте­ме­лік си­патта­ғы про­бле­ма­лар­ды ше­шу;
2) Тех­но­ло­ги­я­лық үр­ді­стер­дің ком­по­нент­те­рін әзір­леу, ен­гі­зу, ба­қы­лау, ба­ға­лау және тү­зе­ту. Жо­ба­ла­удың дағ­ды­ла­ры мен бі­лім­де­рін көр­се­те оты­рып, ке­шен­ді тех­ни­ка­лық және кә­сі­би тап­сыр­ма­лар­ды неме­се жо­ба­лар­ды орын­дау, жо­ға­ры бел­гі­сіз­дік­тің әле­умет­тік кә­сі­би жағ­да­ят­та­рын­да ше­шім­дер қа­был­дау, өзін-өзі бас­қа­ру мә­де­ни­е­ті, ре­сім­деу, нәти­же­лер­дің та­ны­сты­ры­лы­мы, за­ма­на­уи бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер мен тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну.
3) Жа­ңа бі­лім­ді да­мы­ту және түр­лі са­лад­а­ғы бі­лім­ді кі­рік­ті­ру рә­сі­мі бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру дағ­ды­ла­ры мен бі­лі­гі, өз ой­ын жа­з­ба­ша және ауыз­ша түр­де дұ­рыс және қи­сын­ды ре­сім­деу, нақ­ты са­лад­а­ғы тео­ри­я­лық бі­лі­мін іс жү­зін­де пай­да­ла­ну.
Кә­сі­би қыз­мет­те жан-жақ­ты бі­лі­мін, тех­ни­ка­лық және құқық­тық прин­ципте­рін, сон­дай-ақ бір­қа­тар бас­қа­ру­шы­лық әді­сте­рі мен прин­ципте­рін қол­да­на алу.
1) Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің нақ­ты учас­ке­сін­де неме­се бө­лім­ше дей­гей­ін­де нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, қыз­мет­кер­лер­ді (топ­ты) бас­қа­ру. Же­ке­ле­ген қыз­мет­кер­лер неме­се ко­ман­да­ның кә­сі­би да­муын бас­қа­ру.
2) Тап­сы­ры­л­ған учас­ке­де­гі жұ­мысты бас­қа учас­ке­лер­дің қыз­ме­ті­мен ке­лі­су. Бө­лім­ше­нің қыз­мет­тік стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де жа­ңа фор­ма­ла­рын ен­гі­зу. Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­рын­да жұ­мыстар­ды өн­ді­ру ке­зін­де, қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын сақ­тау, со­ны­мен қа­тар қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау.
3) Кә­сі­би қыз­мет­те шы­ғар­ма­шы­лық­қа, бас­қа­ру­да­ғы ба­ста­ма­шы­лық­қа қа­бі­лет­ті­лік, кә­сі­би бі­лім­ді да­мы­ту­ға және кә­сі­би қыз­мет нәти­же­сі үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дау. Іс­кер­лік жос­пар­ла­уды өт­кі­зу және кә­сі­би қыз­мет­ті бас­қа­ру және ұй­ым­да­сты­ру үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дық және ада­ми ре­сур­стар­ды бө­лу.
Қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би дең­гей­ін және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дау. Түп­кі нәти­же­ге бағ­дар­лан­ған жа­ңа әді­стер­мен тә­сіл­дер­ді мең­ге­ру.
7
1) Кә­сі­би неме­се ғы­лы­ми бі­лім­ді (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) және бел­гі­лі са­ла­да және/неме­се са­ла то­ра­бын­да­ғы тә­жі­ри­бе­ні син­тез­деу. Орын­да­у­ға тар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­би қыз­мет­тер ти­іс­ті тех­но­ло­ги­я­лық, заттық және адам­гер­ші­лік қор­лар­дың та­би­ғат қол­да­ны­сын­да­ғы қар­жы за­рдап­та­рын тү­сі­ну. Кә­сі­би ақ­па­рат­тар­ды ба­ға­лау және ірік­теу, бел­гі­лі бір са­ла­да қол­дан­ба­лы си­патта­ғы жа­ңа бі­лім­ді қа­лып­та­сты­ру. Қа­лай өл­ше­уді, мей­і­лін­ше азай­ту­ды және тәу­е­кел­ді қа­лай бас­қа­ру­ды тү­сі­ну.
1) Жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­ле­уді, әр­түр­лі әді­стер­ді (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық) пай­да­ла­ну­ды та­лап ете­тін тех­но­ло­ги­я­лық және әді­сте­ме­лік си­патта­ғы про­бле­ма­лар­ды ше­шу.
2) Бө­лім­ші ұй­ы­мы­ның қыз­ме­тін тү­зе­ту. Гео­де­зия және кар­то­гра­фия, жер­ге ор­на­ла­сты­ру, ка­дастр са­ла­ла­ры­ның мін­дет­те­рін орын­дау үшін ағым­да­ғы зерт­те­улер және әзір­ле­улер орын­да­у­ға қа­бі­лет­ті.
3) Мақ­сат қо­ю­ды ғы­лы­ми негіз­деу және олар­ға қол жет­кі­зу­дің әдіс-тә­сіл­де­рін таң­дау бі­лі­гі мен дағдысы. Шар­ттар­ды ұй­ым­да­сты­ру, са­ла құ­ры­лым­да­рын да­мы­ту және стра­те­ги­я­ла­рын жа­са­уды бо­лжа­уда және нәти­же же­ті­сті­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік.
1) Бө­лім­ше неме­се ұй­ым дең­гей­ін­де олар­дың әре­ке­ті­нің нәти­же­сіне жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дай оты­рып, қыз­мет­кер­лер­ді топ­ты бас­қа­ру.
2) Бө­лім­ше неме­се ұй­ым қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­сын ай­қын­дау. Ин­сти­ту­ци­ял­дық құ­ры­лым бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру. Бас­қа­ру рә­сім­де­рін, са­ла­ның да­муын және жа­ңа әдіс-тә­сіл­де­рін әзір­леу. Қыз­мет стра­те­ги­я­ла­рын тұ­жы­рым­да­ма­лар­ды құ­ра­с­ты­ру әді­сте­рін, ин­но­ва­ци­я­лық амал­дар­ды қол­да­ну мә­се­ле­сін және есеп­тер­ді анық­тау.
8
1) Ғы­лы­ми неме­се кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да ең озық дең­гей­де­гі бі­лім. Кә­сі­би қыз­мет­те ғы­лы­ми ру­бе­жі бой­ын­ша атал­ған са­ла­ның озық ме­же­сін­де­гі жа­ңа күр­де­лі иде­я­лар­ды өл­шем­ді тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу үшін ар­найы бі­лім­ді пай­да­ла­ну.
2) Қыз­мет­тің да­муы­на қа­жет ақ­па­рат­тар­ды ба­ға­лау және ірік­теу. Ин­но­ва­ци­я­лық кә­сі­би қыз­мет са­ла­сын­да­ғы әді­сте­ме­лік бі­лім. Әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық жағ­дай жүй­е­ле­рі­мен қыз­мет­тер және өза­ра әре­кет­те­су­лер, пі­шін­деу және бас­қа­ру ко­опе­ра­тив­тік жүй­е­лер құ­ра­с­ты­ру­ла­ры­ның та­би­ға­тын тү­сі­ну.
1) Жа­ңа бі­лім мен ше­шім­дер алу­ға же­те­лей­тін жо­ба­лар­ды зерт­теу, әзір­леу, бей­ім­деу және іс­ке асы­ру. Ал­ға бас­қан зерт­те­улер­ді қол­да­ну, орын­дау және соң­ғы нәти­же­ге бағ­дар­лан­ған өза­ра ти­ім­ді ше­шім­дер­ді анық­тау және қа­был­дау үшін ма­ман­дан­ды­ры­л­ған тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну.
2) Син­тез­деу мен ба­ға­ла­уды қо­са ал­ған­да, зер­те­улер­де­гі жа­ңа­лық­тар­ды, сы­ни про­бле­ма­лар­ды ше­шу үшін қа­жет­ті кә­сіп­тік бі­лім, кә­сіп­тік тә­жри­бе­ні қай­та қа­рай­тын оны жаң­ғыр­ту­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін озық дағды­мен бі­лім. Те­рең бі­лім мен дағ­ды­лар қол­да­ны­ла­ды, өза­ра ти­ім­ді ше­шім­дер стра­те­ги­я­лық ой­лау, ло­ги­ка­лық әді­стер, ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар қол­да­ну.
3) Ауыз­ша неме­се жа­з­ба­ша түр­де кә­сі­би дис­кус­си­я­лар­ға қа­ты­су, сон­дай-ақ ха­лы­қа­ра­лық ака­де­ми­я­лық ба­сы­лым­дар­да зерт­те­улер­дің ба­стап­қы нәти­же­ле­рін жи­нақ­тау. Са­ла­да ше­бер­лер өза­ра әре­кет­те­су­лер үл­гі­ле­рін құ­ра­с­ты­ру­лар­ды жү­зе­ге асы­ру неме­се ха­лы­қа­ра­лық ин­но­ва­ци­я­лық стан­дарт­тар­дан бас­қа са­ла­лар­мен қол­да­ну.
4) Иде­я­лар ой­лап та­бу, ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін бо­лжау, кә­сі­би және әле­умет­тік са­ла­да кең ауқым­ды өзге­рі­стер­ді жү­зе­ге асы­ру, күр­де­лі өн­дір­стік және ғы­лы­ми про­цес­стер­ді бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры. Кә­сі­би және әле­умет­тік са­ла­да ірі кө­лем­ді өзге­рі­стер жү­зе­ге асы­ры­лып жа­тыр және күр­де­лі өн­ді­рі­стік және ғы­лы­ми про­цес­стер­мен бас­қа­ры­лып жа­тыр.
1) Ірі ин­сти­ту­ци­ял­дық құ­ры­лым дең­гей­ін­де қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру, стра­те­ги­я­ны ай­қын­дау, үде­рі­сті және қыз­мет­ті бас­қа­ру (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық бас­қа­ру). Мем­ле­кет­тік мас­штаб са­ла­ла­ры, ин­сти­ту­ци­ял­дық құ­ры­лым­дар­дың жұ­мыста­ры және да­му стра­те­ги­я­ла­ры­ның жа­са­луы бо­лжа­ну­да.
2) Стра­те­ги­я­ны ай­қын­дау, күр­де­лі әле­умет­тік, өн­ді­рі­стік, ғы­лы­ми про­цес­стер­ді бас­қа­ру. Са­лад­а­ғы ұй­ым­дар­ға бас­қа­ру­ға және да­мы­ту­ға ин­но­ва­ци­я­лық тұр­ғы­лар­дың стра­те­ги­я­лық сұ­рақ­тар­дың әзір­ле­нуі жүй­е­лі түр­де жос­пар­ла­нып жа­тыр. Ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де мем­ле­кет, са­ла мас­шта­бы ше­ші­мін қам­та­ма­сыз ету. Өза­ра бай­ла­ны­ста про­бле­ма­лар­ды ше­шу­ді та­лап ете­тін жа­ңа кон­тек­с­тер­де ең­бек және оқу қыз­мет­те­рін­де жа­ңа­шыл­дық­пен дер­бес­тік, ма­ңы­зды көш­бас­шы­лық қа­си­ет­ті көр­се­ту.
4) Жа­ңа және күр­де­лі иде­я­лар­ды сы­ни тал­дау, ба­ға­лау және син­тез­деу және осы про­цес­стер негі­зін­де стра­те­ги­я­лық ше­шім­дір қа­был­дау.
5) Күр­де­лі ор­та­да стра­те­ги­я­лық ше­шім­дер қа­был­дау қа­бі­ле­ті­мен опе­ра­ци­я­лық әре­кет­те­стік тә­жі­ри­бе­сін көр­се­ту.
6) Сы­ни диа­лог шең­бе­рін­де мәр­те­бе­сі бой­ын­ша тең ма­ман­дар­мен бе­дел­ді ара­ла­су. Са­ла­да ха­лы­қа­ра­лық кө­лем­де ұй­ым­дар­ға стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тау ту­ра­лы ше­шім­дер қа­был­дау ке­рек. Нәти­же­ге же­ту үшін жағ­дай жа­сау, ұзақ мер­зім­ді стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уды және ұй­ым­ды бас­қа­ру­ды қам­та­ма­сыз ету.

2 Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Геодезия және картография,
жерге орналастыру, кадастр
салаларындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
Ти­іс­ті дең­гей­де­гі бі­лік­ті­лік­ке қол жет­кі­зу жол­да­ры
1
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се жұ­мыс ор­нын­да қы­сқа мер­зім­ді кур­ста оқы­ту (нұс­қау) неме­се ба­ста­уыш бі­лім­нен тө­мен емес ор­та бі­лі­мі болған кез­де­гі қы­сқа мер­зім­ді кур­стар
2
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се ор­та бі­лім­нен тө­мен емес жал­пы ор­та бі­лі­мі бар ере­сек­тер­ді кә­сі­би дяр­лау (бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның негі­зін­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар­мен неме­се кор­по­ра­тив­ті қай­та да­яр­лау.
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се ор­та бі­лім неме­се ор­та бі­лім негі­зін­де тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі бар ере­сек­тер­ді кә­сі­би дяр­лау (бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның негі­зін­де бір жы­л­ға дей­ін­гі кә­сіп­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кур­стар неме­се кор­по­ра­тив­ті оқы­ту).
4
Жо­ға­ры дә­ре­же­лі тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық) және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік ор­та бі­лім (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ғар­ғы бі­лім.
6
Жо­ғар­ғы бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
7
Жо­ғар­ғы бі­лім (ма­ги­стра­ту­ра), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
8
Жо­ғар­ғы бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Осы бі­лік­ті­лік дең­гей­ін­де жо­ға­ры бі­лім 2007 жы­л­ғы 27 шіл­де­де­гі «Бі­лім ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы қа­был­дан­ға дей­ін алын­ған жо­ға­ры бі­лім­ді, сон­дай-ақ осы заң­да бел­гі­лен­ген бі­лім дең­гей­іне сәй­кес ай­қын­дал­ған жо­ға­ры бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­ді қам­ти­ды.

Қолданыстағы