Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче республиканского имущества в имущественный наем (аренду)

Бұйрық · № 236 · қабылданған 20.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81056/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче республиканского имущества в имущественный наем (аренду) Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 ·20.05.2014
29.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче республиканского имущества в имущественный наем (аренду)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче республиканского имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
20.05.2014
Көрсетілген редакция
29.01.2016 AI81056_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009534
ЭКБ идентификаторы
81056
Редакция идентификаторы
AI81056_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:39

0 Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437 тіркелген, 2012 жылғы 4 мамырдағы № 64 (2072) «Заң газеті» газетінде жарияланған);

2

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 365 «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7848 тіркелген, 2012 жылғы 26 қазандағы № 162 (2170) «Заң газеті» газетінде жарияланған).

3 3. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануға жатады.

0 Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

1

1. Осы Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.

2

2. Республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;

3 3. Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = С х Nam/100 х Кп
мұнда:
Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).

4 4. Республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысы есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Ач=Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач – сағатына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап – жылына республикалық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

1 Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

Республикалық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидаларына
қосымша
Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­лер
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік
Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­нің мөл­ше­рі
1.
Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен бел­гі­лен­ген 2,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
2.
Об­лы­стар мен Бай­қо­ңыр қа­ла­сы
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен бел­гі­лен­ген 1,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш

Ко­эф­фи­ци­ент­тер тү­рі
Ко­эф­фи­ци­ент мөл­ше­рі
1
Құ­ры­лыс үл­гі­сін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кт):
1.1 кең­се­лік
1
1.2 өн­ді­рі­стік
0,8
1.3 қой­ма, га­раж, қа­зан­дық
0,6
1.4 спорт­тық ғи­ма­рат­тар (ста­ди­он­дар, спорт­тық зал­дар)
0,7
2
Тұр­ғын емес үй-жай­дың тү­рін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кк)
2.1 же­ке тұр­ған құ­ры­лыс
1
2.2 жап­сар­лас-жа­на­са са­лын­ған бө­лі­гі
0,9
2.3 астың­ғы (жар­ты­лай жер­тө­ле) бө­лі­гі
0,7
2.4 жер­тө­ле бө­лі­гі
0,6
3
Қо­лай­лы­лық дә­ре­же­сін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кск)
3.1 бар­лық ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ла­ры бар үй-жай­лар үшін (электр энер­ги­я­сы, кә­різ, су­мен қам­та­ма­сыздан­ды­ру, жы­лу) ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың қан­дай да бір түр­ле­рі жоқ бол­са, әр­бір түр­ге 0,1-ге аза­яды
1,0
4
Аумақ­тық ор­на­ла­суын ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кр):
4.1 Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры үшін
3
4.2 об­лы­стық ор­та­лық­тар және Бай­қо­ңыр қа­ла­сы үшін
2
4.3 об­лы­стық мәні бар қа­ла­лар үшін
1,5
4.4 аудан­дық ор­та­лық­тар үшін
1
4.5 кент, ауыл
0,5
5
Жал­да­у­шы­ның қыз­мет тү­рін ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Квд):
5.1 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған банк­тер­дің, «Қаз­по­шта» Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның есеп ай­ы­ры­су-кас­са­лық ор­та­лық­та­ры үшін (қол же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұ­лға­лар­дың ғи­ма­рат­та­рын­да 0,5-ке тө­мен­де­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті қол­да­ны­ла­ды): Аста­на, Ал­ма­ты, Ақ­тө­бе, Қа­ра­ған­ды, Пет­ро­павл, Қо­ста­най, Та­раз, Шым­кент қа­ла­ла­ры, қал­ған ел­ді ме­кен­дер
2,5
2,0
5.2 бро­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру және ке­ден қыз­мет­те­рін көр­се­ту, ай­ыр­ба­стау пункт­те­рі және қыз­ме­ті ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғы­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар, сақ­тан­ды­ру, ин­ве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар, но­та­ри­ал­дық кең­се­лер, ад­во­кат­тық кең­се­лер үшін
3,0
5.3. са­уда, қо­нақ үй қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру үшін қыл­мыстық-ат­қа­ру­шы­лық жүй­е­нің ғи­ма­рат­та­рын­да және оқу орын­да­ры­ның жа­тақ­ха­на­ла­рын­да са­уда қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру үшін
2,5
1,9
5.4 қо­ғам­дық та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,5
5.5 мы­на­дай са­ла­лар­да қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін:
ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім бе­ру
ор­та бі­лім бе­ру
мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру
1,1
0,9
0,8
5.6 ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт са­ла­ла­рын­да қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,0
5.7 өт­кі­зу жүй­е­сі бар (қол же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі) рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұ­лға­лар­дың ғи­ма­рат­та­рын­да қыз­мет­кер­лер­дің та­мақ­та­нуын ұй­ым­да­сты­ру, тұр­мыстық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту, сон­дай-ақ оқу орын­да­рын­да­ғы және оқу орын­дар­дың жа­тақ­ха­на­ла­рын­да­ғы ас­ха­на мен бу­фет­тер үшін
0,5
5.8. 5.1-5.7-тар­мақ­тар­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет түр­ле­рін қо­с­па­ған­да, қыз­мет түр­ле­рі үшін
1,9
6
Жал­да­у­шы­ның ұй­ым­да­сты­ру-құқық­тық ны­са­нын ес­ке­ре­тін ко­эф­фи­ци­ент (Копф):
6.1 са­уда-са­тып алу (дел­дал­дық) қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да, өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру және ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын да­мы­ту үшін ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі үшін
0,9
6.2 ак­ци­я­ла­ры­ның (қа­ты­су үле­сте­рі­нің) елу және одан да көп пай­ы­зда­ры неме­се ак­ци­я­ла­ры­ның ба­қы­лау па­кет­те­рі мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі және та­бысы­ның ке­мін­де 90 пай­ы­зын бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удан ала­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар (жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер) үшін
0,8
6.3 қай­ы­рым­ды­лық және қо­ғам­дық бір­ле­стіктер, ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар үшін
0,5
6.4 қал­ған­да­ры үшін
1,0

Қолданыстағы