Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Қаулы · № 193 · қабылданған 23.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81710/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 193 ·23.06.2014
01.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 193 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
193
Қабылданған күні
23.06.2014
Қолданысқа енгізілген күні
18.08.2014
Көрсетілген редакция
01.07.2015 81710_17980.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14U0002743
ЭКБ идентификаторы
81710
Редакция идентификаторы
81710_17980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:21

0 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.

Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
А. Бектаев
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева

7 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 193 қаулысына
қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары және қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық).

3 3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі хабарламаны алу үшін өтініш берген жағдайда хабарлама электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және Орталық қызметкерінің қолымен және мөрмен расталады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.

5 5. Қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңдері:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркейді және қызмет алушыға сұраудың нөмірі және қабылданған күні, сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттарды беру күні (уақыты) және орны,қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіп, өтініштің қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 15-минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады. Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;

4 4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;

5 5) сол жұмыс күні ішінде басшылық көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды;

6 6) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

7 7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Орталыққа немесе портал арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

10 10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа Стандарттың 9-тармағында сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, қолхатта мыналар:

құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орны;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты,байланыс деректері көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);
Орталық қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3 3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) орындаушы құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

8 8) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9 9) Орталық қызметкері хабарламаны тіркейді және хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

11 11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық–цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш пен Стандарттың 9-тармағында сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) «жеке кабинетіне» құжаттардың қабылданғаны және қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама-есеп жолданады (он бес минуттан аспайды);

3 3) электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы осы регламенттің 5-тармағының 4) – 5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады (бес жұмыс күні ішінде);

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке «кабинетіне» жолдайды (он бес минуттан аспайды).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
Веб-портал арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен Орталықтың немесе өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық және схемалық түрде сипатталуы осы регламенттің 4 және 5 қосымшаларында бейнеленген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларында көрсетілген.

48 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
Іс-қимыл нөмірі (іс-әрекет, жұмыс ағымы)
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құры-
лымдық бөлім-шелердің атауы
Орталық
қызметкері
Орта-
лықтың жинақ-
тау бөлімі-
нің қызмет-
кері
Көрсе-
тілетін қыз-метті беру-
шінің кеңсе қызмет-
кері
Көрсеті-
летін қыз-
метті беру-шінің бас-шысы
Орын-
даушы
Көрсеті-летін қыз-метті беру-шінің басшы-
сы
Көрсеті-
летін қыз-метті беру-шінің кеңсе қызмет-
кері
Орта-
лық қызмет-
кері
3
Іс-әре-
кеттердің (үде-
рістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипат-
тамасы
Құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжат-тардың қабылдан-
ғандығы не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Құжат-
тарды көрсеті-летін қызметті берушіге қайта жол-дайды
Құжат-
тарды тіркей-ді
Құжат-
тарды қарай-
ды
Құжат-
тарды қарайды, хабар-
ламаны дайын-дайды
Хабарла-
маға қол қояды
Хабар-ламаны тіркей-
ді
Хабар-
ламаны
тіркей-
ді
4
Аяқталу нысаны (дерек-
тер, құжат, ұйымдас-
тыру-өкімдік шешiм)
Құжаттарды Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкеріне ұсынады
Құжат-
тарды көрсеті-
летін қыз-метті беру-шінің басшы-сына ұсына-
ды
Құжат-
тарды орындау-шыға жолдай-ды
Хабар-ламаны көрсеті-
летін қызметті беру-шінің басшы-сына ұсы-нады
Хабарла-маны кеңсе қызмет-керіне жолдай-ды
Хабар-ламаны Орта-лыққа жол-дайды
Хабар-
ламаны көрсеті-
летін қызмет-
ті алушыға (не сенім-
хат бойын-ша оның өкіліне) береді
5
Орын-
далу мерзімі
15 минуттан аспайды
1 жұмыс күні ішінде (мемле-
кеттік қызмет көрсету мерзі-
міне кірмей-ді)
15 минут-
тан аспай-
ды
15 минут-тан аспай-
ды
5 жұмыс күні ішінде
15 минут-тан аспай-ды
1 жұмыс күні ішінде
15 минут-
тан аспай-
ды

49 Шартты белгілер:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:

50 Шартты белгілер:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:

51 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша
Орталық пен қызмет берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің схемалық түрдегі сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

52 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 5-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталығы мен қызмет берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
8
Орталық-
тың жұмыс-
шысы
Орталық жұмысшысы
Орта-лықтың жинақ-
тау секторы
Қызмет беру-шінің кеңсе қызмет-
кері
Қызмет беру-шінің басшы-лығы
Жауапты орын-даушы
Қызмет беру-
шінің басшы-лығы
Қызмет беру-
шінің кеңсе қызмет-кері
Орта-
лықтың жинақ-
таушы секторы-
ның жұмыс-
шысы
Өтінішті
тіркейді, құжаттарды қабылда-ғаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және қабыл-
данған құжаттарды Орта-лықтың жинақтау секторына табыстайды
Қызмет алушы Стандарттың 9-тар-
мағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Сол жұмыс күні ішінде құжат-тарды қызмет беру-
шіге жол-дайды
Келген құжат-тарды ақпарат-тық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 15-минут ішінде құжат-
тарды басшы-лыққа ұсынады
30-минут ішінде жауапты орындау-шыны айқындап, құжат-тарды қарауға жолдайды
Құжат-
тардың толықты-лығын тексеріп, Стандарт-
тың 4-тармағы-мен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшы-лыққа ұсынады
Сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтиже-сіне қол қояды
Сол жұмыс күні ішінде қызмет нәти-
жесін ақпарат-тық жүйеде белгілей отырып, Орта-лыққа жолдай-ды
Құжат-
тарды сканерлі штрих-кодтың көмегімен ақпарат-тық жүйеде белгі соғады да, сол күні құжат-
тарды беру секто-рының жұмыс-шысына қызмет алушыға беру үшін жолдайды
9
Орталықтың құжаттарды беру секторының жұмысшысы
Қызмет алушыға қызметтің нәтижесін береді

Қолданыстағы