Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения оценки степени рисков эксплуатируемых дорог на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 383 · қабылданған 26.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81826/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения оценки степени рисков эксплуатируемых дорог на территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 383 ·26.06.2014
07.10.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения оценки степени рисков эксплуатируемых дорог на территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 383 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения оценки степени рисков эксплуатируемых дорог на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
383
Қабылданған күні
26.06.2014
Көрсетілген редакция
07.10.2019 81826_423679.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009635
ЭКБ идентификаторы
81826
Редакция идентификаторы
81826_423679
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:18

0 Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

3-1 3-1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

1 1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

2 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 26 мау­сым­да­ғы
№ 383 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар пайдаланылатын жолдардың (бұдан әрі – автомобиль жолдары) тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау автомобиль жолдарын пайдалану тәуекелінің нақты деңгейі туралы ақпарат алу және бұл ақпаратты автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасын басқару үшін пайдалану мақсатында жүргізіледі.

3 3. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы (бұдан әрі – лауазымды адам) белгілейді.

4 4. Қағидалар пайдаланылатын автомобиль жолдарының мынадай тәуекел дәрежелерін белгілейді:

1

1) төменгі (5 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау автомобиль жолының тұтынушылық қасиеттерін ортадан жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Автомобиль жолы, оның әрбір конструктивтік элементі мен құрамдас бөліктері автокөлік құралдарының автомобиль жолын күтіп ұстаумен байланысты себептер бойынша көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге жол бермейтін, тәулік бойы, үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жай-күйде ұсталады. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты жол жағдайлары бойынша жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖЖ ЖКО) болмайды;

2

2) орташа (4 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау автомобиль жолының тұтынушылық қасиеттерін рұқсат етілгеннен жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Автомобиль жолы конструктивтік элементтерінің және оның құрамдас бөліктерінің күтіп ұстауға байланысты жай-күйі көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату қажеттілігін тудырмайды. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО болмайды;

3

3) рұқсат етілген (3 балл) – автомобиль жолын күтіп ұстау қозғалыс қауіпсіздігінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз етеді. Қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар кезінде оларды күтіп ұстау жағдайларына қарай жекелеген учаскелерде көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға жол беріледі. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО болмайды;

4

4) рұқсат етілмеген (2 балл) - автомобиль жолын күтіп ұстау қозғалыс қауіпсіздігінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз етпейді. Автомобиль жолдарының дефектілеріне байланысты ЖЖБ ЖКО тіркелген және (немесе) жекелеген учаскелерде көлік құралдарының қозғалысын тоқтатуға әкеп соғатын, автомобиль жолдарын күтіп ұстаудың рұқсат етілмеген деңгейі тіркелген.

5

5. Лауазымды адам пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды тәуліктің кез келген уақытында, бірақ автомобиль жолының барлық ұзындығы бойынша жылына кем дегенде екі рет тағайындайды, бұл туралы келісімшарттың негізінде автомобиль жолының осы учаскесіне қызмет көрсететін ұйымға (бұдан әрі – ұйым) хабарлама жібереді. Лауазымды адам пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды ұйым хабарлама алған сәттен бастап 72 сағат өткен соң жүргізеді.
Лауазымды адам автомобиль жолының жекелеген учаскелерінің тәуекел дәрежесін іріктеп бағалауды жүргізеді.

6 6. Жыл мезгіліне байланысты пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалаудың екі жүйелі кезеңі белгіленеді – қысқы және көктемгі-жазғы-күзгі.

7 7. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүргізілетін автомобиль жолының ең аз учаскесі бір километрге тең.

Автомобиль жолында километрлік белгі болмаған жағдайда учаскенің бір километр болатын ұзындығы көлік құралының одометрі бойынша қадағаланады.
Егер автомобиль жолының ұзындығы тұтас километрлер санын құрамаса, онда тұтас емес соңғы километр, егер оның ұзындығы бес жүз метрге тең немесе одан артық болса, өздігінен жеке километр болып бағаланады, егер оның ұзындығы бес жүз метрден аз болса, бағалау кезінде соңғы тұтас километрдің құрамына қосылады.
Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүзеге асырылып жатқан жасанды жол құрылыстарының ұзындығы олардың ұзына бойына байланысты айқындалады.

8 8. Тәуекел дәрежесін бағалауға (жол жүрісін ұйымдастырудың тиісті құралдарын қолданған жағдайда):

1 1) табиғи апатқа немесе оған теңестірілуі мүмкін өзге де оқиғаларға тап болған автомобиль жолдарының учаскелері салдарын жою үшін тиісті органдар белгілеген мерзім ішінде;

2 2) күтіп ұстау деңгейін бағалауды жүргізу сәтінде автомобиль жолдарын қайта жөндеу, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстар атқарылып жатқан, оның ішінде осындай учаскелермен қосылатын және қиылысатын жолдар салынып жатқан учаскелер жатпайды.

9 9. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесі әрбір шағын учаскеде автомобиль жолдарын пайдаланудың барлық бағаланатын көрсеткіштері тәуекелінің нақты дәрежесін автомобиль жолдарына қызмет көрсету келісімшартының шарттарына сәйкес берілгендермен салыстыру арқылы айқындалады.

10 10. Пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекелдер дәрежесін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталған дефектілер түрлерінің негізінде жүргізіледі.

11 11. Ұйым лауазымды адамға пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мынадай құжаттарды:

1 1) алдын ала толтырылған шығыс деректері (автомобиль жолының атауы, санаты, учаскенің мекенжайы, талап етілетін күтіп ұстау деңгейі) бар пайдаланылатын автомобиль жолының жұмыстарын қабылдау актілерін;

2 2) көпір құрылыстарын, көпірлерді тексеру журналдарын, жасанды құрылыстарды ағымдық тексеру журналдарын;

3 3) жұмыстарды жүргізу журналдарын және автомобиль жолдарын тексеру журналдарын ұсынады.

12

12. Лауазымды адам осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау мәніне автомобиль жолының учаскесіне тексеріс жүргізгенге дейін есеп беру кезеңінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау дефектілерін уақылы жоймау жағдайларына жол берілген автомобиль жолының учаскелерін және есеп беру кезеңінің алдындағы ЖКО-ларды анықтайды.
Есеп беру кезеңінде ЖЖ ЖКО-ның болуы мәніне тәуекелдер дәрежесін бағалауды айқындау кезінде лауазымды адам ЖЖ ЖКО-ға жүргізілген талдау материалдарын пайдаланады.

13 13. Есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдары тәуекелінің дәрежесін бағалау кезіндегі ЖЖ ЖКО туралы мәліметтер есеп беру кезеңінің алдындағы мәліметтерге сәйкес ескеріледі.

14

14. Автомобиль жолының пайдаланылатын учаскесінің тәуекел дәрежесі автомобиль жолын, әрбір конструктивтік элементін және автомобиль жолы конструктивтік элементінің құрамдас бөліктерін визуалдық тексеру арқылы айқындалады. Тексеріс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль жолын тексеру актісі жасалады. Тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу кезінде лауазымды адам мен автомобиль жолы иесінің өкілі арасында келіспеушіліктер болған жағдайда анықталған дефектілерді тіркей отырып, аспаптық өлшеу жұмыстары атқарылады.

15

15. Пайдаланылатын өлшеу жабдығының, аспаптардың, пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізуге арналған жылжымалы зертханалардың тексеруден өткені туралы куәлігі болуы тиіс. Бұл жабдық Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі не метрологиялық тұрғыдан аттестатталуы тиіс.

16 16. Бағалау процесінде лауазымды адам автомобиль жолының әрбір километрінде осы дефектілердің параметрлерін көрсете отырып, конструктивтік элементтер мен олардың құрамдас бөліктері бойынша күтіп ұстау дефектілерін тіркейді.

17 17. Автомобиль жолының учаскесін пайдаланудың тәуекел дәрежесі:

1 1) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда оннан астам дефекті болса, екі баллмен;

2 2) егер автомобиль жолының он километрі бойында топырақ жабыны, жол киімі мен төсемі, жасанды жол құрылыстары, автомобиль жолдарын жайғастыру элементтері және қыста күтіп ұстау бойынша қоса алғанда бестен онға дейін дефекті болса, үш баллмен;

3 3) егер дефектінің/дефектілердің болуы немесе ауқымы көлік құралының қозғалыс жылдамдығын төмендетуге әкеп соқпаса және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал етпесе, төрт баллмен;

4 4) дефектілері жоқ жолдар бес баллмен бағаланады.

18

18. Автомобиль жолының тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшылығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, техникалық регламентте белгіленген мерзімдерге сәйкес анықталған дефектілерді жою жөнінде ұйғарым береді.

19 19. Жою мерзімі өткеннен кейін ұйғарымның орындалуы ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолының километрлеріне қайта тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі толтырылады.
Егер анықталған дефектілер берілген ұйғарымда көрсетілген мерзімдерде жойылмаса, осындай дефектілер тіркелген автомобиль жолы бойынша тәуекелдер дәрежесінің бағасын бір баллға төмендету жүргізіледі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

20 20. Жүргізілген тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылатын автомобиль жолының, пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің тәуекел дәрежесін бағалау актісі ресімделеді.

0-1 Автомобиль жолдарын пайдаланудағы ақаулардың түрлері

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ау­ма­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын
жол­дар­дың тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін
ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және
жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Автомобиль жолдарын пайдаланудағы ақаулардың түрлері
Ақау ко­ды
Ақау тү­рі
Ақау си­патта­ма­сы
1
2
3
1. То­пы­рақ жа­бы­ны
1.1
Шө­гу
То­пы­рақ жа­бы­ны үй­ін­ді­сін ны­ғы­здау про­це­сін­де оның тігі­нен, бір­қа­лып­ты тү­суі. Жол ки­і­мі өзге­рі­с­ке ұшы­ра­май­тын жағ­дай­да жол­дың үстің­гі қа­ба­ты­ның оты­руы.
1.2
Оты­ру
Тө­сел­ген то­пы­ра­ғы на­шар учас­ке­лер­де кө­лік өт­кен кез­де то­пы­рақ жа­бы­ны­ның тү­суі, үй­ін­ді ете­гін­де тө­мен­де­улер­дің не ма­те­ри­ал­дар­ды те­бін­деу ке­зін­де дөң­дер­дің пай­да бо­луы.
1.3
Сыр­ғу
Қия бет­кей учас­ке­лер­де үй­ін­ді құ­ла­ма­сы­ның сыр­ға­нау бе­ті бой­ын­ша ете­гіне қа­рай жы­л­жып ке­туі. 100% аса­тын құ­ла­ма­ға қа­рай еңі­стіктің пай­да бо­луы­мен көл­де­нең пі­шін­нің күрт өзге­руі. Жол жи­ек­те­рін­де­гі, құ­ла­ма­лар­да­ғы ұзы­на бойы жа­ры­лу­лар. Бө­лі­ніп шық­қан то­пы­рақ­тың үй­ін­ді ете­гіне жи­на­луы.
1.4
Жы­л­жу
Тө­мен­гі жақ­тан то­пы­рақ­тың оты­руы­мен және те­бін­де­уі­мен жол­дың көл­де­нең осі ба­ғы­тын­да жол учас­ке­сі­нің еңіс қа­ба­ты бой­ын­ша үй­ін­ді­нің жы­л­жып тү­суі
1.5
Иірім
Ері­ген кез­де жол ки­і­мін бұ­за оты­рып, қы­сқы ке­зең­де же­ке­ле­ген учас­ке­лер­де жа­бын бе­ті­нің шаң тү­стес то­пы­рақ түр­ле­рі қа­тқан ке­зең­де қар­қын­ды ылғал жи­на­удан туын­да­ған, қы­сқы ке­зең­де жа­бын бе­ті­нің кө­те­рі­луі (төм­пе­шік­те­нуі). Әдет­те, жол­дар 0,5-тен 100 м дей­ін және одан да көп учас­ке­лер­мен за­қым­да­на­ды.
1.6
Сей­і­лу
Жел­дің ұй­ыт­қуы­нан құм­ды то­пы­рақ жа­бы­ны­ның фор­ма­сы мен кө­ле­мі­нің, құм­ды алып ке­ту­ден туын­да­ған жол жи­ек­те­рі шет­те­рі мен то­пы­рақ жа­бы­ны құ­ла­ма­ла­ры­ның өзге­руі (жол жи­ек­те­рі­нің та­ры­луы, құ­ла­ма­лар­дың сыр­ғып ке­туі).
1.7
Жы­рын­ды
Ері­ген үстір­тін су­лар­дың және ат­мо­сфе­ра­лық шө­гін­ді­лер­дің әсе­рі­нен то­пы­рақ жа­бы­ны­ның фор­ма­сы мен кө­ле­мі­нің (сал­ма­ғы) өзге­руі. Ағып жа­тқан су­дың әсе­рі­нен жы­ра құ­ла­ма­ла­ры тү­бі­нің, то­пы­рақ жа­бы­ны құ­ла­ма­ла­ры мен жи­егі­нің бұ­зы­луы.
1.8
Шө­гін­ді, опы­ры­лу, құ­лап тү­су
Құ­ла­ма ма­те­ри­ал­да­ры­ның бө­лі­нуі және жол­дың үстің­гі бе­тіне шы­ғуы. То­пы­рақ жа­бы­ны­ның қа­ба­ты­на әр­түр­лі өл­шем­де­гі тау жы­ны­сы­ның жи­на­лып қа­луы.
1.9
Жол жи­егін­де­гі жол­та­бан
Ав­то­мо­биль­дер­дің жет­кі­лік­сіз ны­ғай­ты­л­ған және ны­ғы­здал­ған жол жи­егіне шы­ғып ке­ту­і­нің нәти­же­сі ре­т­ін­де ұзы­на бойы ба­ғыт­та оқ­ша­у­лан­ды­ры­л­ған, кө­лік­тің әсе­рі­нен пі­шін­нің өзге­руі
1.10
Жол жи­егін­де­гі ой­ы­л­ған жер­лер
Пі­ші­ні күрт бұр­ма­ла­нып, жол жи­егі­нің жол ки­і­мі­нің тү­біне және одан да те­рең­ге дей­ін бұ­зы­луы
1.11
Жол жи­егі­нің ке­рі ауыт­қуы
Жол жи­ек­те­рі ке­рі қа­рай ауыт­қы­ған және жол жи­егі мен жү­ріс бө­лі­гі ара­сын­да су­дың тұ­рып қа­луы­на ық­пал ете­ді
1.12
Бе­кі­тіл­ме­ген жол жи­ек­те­рі
Кү­шей­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­мен ны­ғай­тыл­ма­ған жол жи­егі
1.13
На­шар түй­і­су
Жа­бы­н­мен оның дең­гей­і­нен 3 см астам жо­ға­ры неме­се тө­мен жа­на­са­тын жер­лер­де­гі жол жи­ек­те­рі
1.14
Қо­қыс пен бөгде заттар
Ав­то­мо­биль жо­лы­ның кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рін­де және (неме­се) бұ­ру жо­ла­ғын­да лай­дың, қо­қы­стың бо­луы. Жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру жо­ба­сын­да көз­дел­ме­ген және жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры­ның туын­да­уы үшін ал­ғы­шар­ттар ту­ды­ра­тын бөгде заттар­дың (жол ма­те­ри­ал­да­ры­ның, бұй­ым­дар­дың, кон­струк­ци­я­лар­дың және т.б.) бо­луы
2. Жол ки­і­мі және жа­бын
2.1
Жа­ры­лу­лар
Ма­те­ри­ал­ды жой­ма­стан, тар жік­тер жа­сай оты­рып, жа­бын тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы. Жа­ры­лу­лар жа­бын­да ор­на­ла­суы­на қа­рай (көл­де­нең, ұзы­на бойы, көл­беу), са­ны­на қа­рай (да­ра, оқ­шау, си­рек, жиі, жа­ры­лу­лар то­ры) бө­лі­не­ді
2.1.1
Да­ра
Қан­дай да бір заң­ды­лық­қа қа­ра­ма­стан, бір-бі­рі­нен 10 м (4 м ар­тық) ша­ма­сын­да ор­на­лас­қан ұзы­на бойы және көл­де­нең жа­ры­лу­лар
2.1.2
Оқ­шау
Бі­рі­нен бі­рі ша­ма­мен бір­дей қа­шық­тық­та ор­на­лас­қан көл­де­нең жа­ры­лу­лар. Көр­ші­лес жа­ры­лу­лар­дың ара қа­шық­тығы ке­мін­де 10 м.
2.1.3
Си­рек
Өза­ра бай­ла­ны­спа­ған көл­де­нең және көл­беу (кө­бі­не­се тар­мақ­тал­ған) жа­ры­лу­лар. Көр­ші­лес жа­ры­лу­лар­дың ор­та­ша ара қа­шық­тығы 4-10 м.
2.1.4
Жиі
Кей кез­де өза­ра бай­ла­ны­с­қан, бі­рақ, әдет­те, түй­і­се­тін фи­гу­ра­лар­ды құ­ра­май­тын тар­мақ­та­ры бар көл­де­нең және көл­беу жа­ры­лу­лар. Көр­ші­лес жа­ры­лу­лар­дың ор­та­ша ара қа­шық­тығы 1-4 м.
2.1.5
Жа­ры­лу­лар то­ры
Жа­бын­ның үстің­гі қа­ба­тын бет­те­рі 0,5-1 м бо­ла­тын кө­п­бұ­ры­штар­ға бө­ле­тін өза­ра қиы­лы­са­тын жа­ры­лу­лар
2.1.6
Ашы­л­ған
Ашы­лу ені 3 мм және одан да көп бо­ла­тын өн­дел­ме­ген жа­ры­лу­лар
2.2
Тол­қын­дар
Жол­дың осіне қа­ты­сты ұзы­на бойы ба­ғыт­та жа­бын бе­т­ін­де ой­пат­тар мен жот­а­лар­дың ке­зек­те­сіп ке­луі (0,5-2,0 м сай­ын)
2.3
Оты­ру­лар
Кө­бі­не­се жа­ры­лу­лар то­ры­мен іле­се­тін шет­те­рі көл­бе­улеу ой­пат­тар тү­рін­де­гі жа­бын пі­ші­ні­нің бұр­ма­ла­нуы
2.4
Жол­та­бан
Қыр­қа­лы неме­се қыр­қа­сыз тө­се­ме тө­бе жо­лақ­та­ры бой­ын­ша те­рең жер­лер қа­лып­та­сты­ра оты­рып, көл­де­нең жү­ріс бө­лі­гі өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған тү­рі
2.4.1
Те­рең
Жа­бын қа­бат­та­ры­нан тө­мен неме­се то­пы­рақ жа­бы­нын­да ор­на­лас­қан жол ки­мі­нің тұ­рақ­сыз қа­бат­та­рын­да­ғы қал­дық де­фор­ма­ци­я­лар­дың жи­на­лып қа­луы қа­лып­та­су се­бе­бі бо­лып та­бы­ла­тын жол­та­бан
2.4.2
Үстір­тін
Құ­ра­мы тұ­рақ­сыз жа­бын­ның үстің­гі қа­бат­та­рын­да қал­дық де­фор­ма­ци­я­лар­дың жи­на­лып қа­луы қа­лып­та­су се­бе­бі бо­лып та­бы­ла­тын жол­та­бан
2.5
Жы­л­жып ке­ту
Аял­дау және те­жеу орын­да­рын­да, құ­ла­ма­лы еңі­стер­де бай­қа­ла­тын, жа­бын­ның ор­ны­нан жы­л­жуы. Кей кез­де жы­л­жы­ған жер­лер­де жа­бын­ның ажы­ра­ға­ны бай­қа­ла­ды
2.6
Дө­ңес жер­лер
Ми­не­рал­ды ма­те­ри­ал­дың же­ке­ле­ген ірі түй­ір­ле­рі­нің жа­бын­ның қал­ған бе­ті­нің үстіне шы­ғып тұ­руы
2.7
Жа­пы­ры­л­ған жер­лер
Ыстық ауа рай­ын­да қоз­ға­лып ке­ле жа­тқан ав­то­мо­биль про­тек­то­ры қал­ды­ра­тын пла­сти­ка­лық (қа­ра) жа­бын бе­т­ін­де­гі те­рең жер­лер
2.8
Бұ­зы­л­ған жер­лер
Ма­те­ри­ал­дың алы­нып қа­луы­мен жа­бын тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы
2.8.1
Шұң­қыр­лар
Шет­те­рі күрт ай­қын кө­рі­не­тін әр­түр­лі ны­сан­да­ғы те­рең­дік­тер тү­рін­де­гі жа­бын­ның бұ­зы­луы (те­рең­ді­гі 3 см кем және ала­ңы бой­ын­ша 200 см2 кем)
2.8.2
Үгі­лу
Ми­не­рал­ды ма­те­ри­ал түй­ір­ле­рі­нің жо­ға­луы және ұста­стыр­ғы­штың қа­бат­та­луы есе­бі­нен жол жа­бы­ны­ның бұ­зы­луы (те­рең­ді­гі 3 см кем және ала­ңы бой­ын­ша 200 см2 кем)
2.8.3
Қа­быр­шақ­та­ну
Су мен аяз­дың әсе­рі­нен бұ­зы­ла­тын ма­те­ри­ал­дың жұ­қа үл­бір­ле­рі мен түй­ір­ле­рі­нің қа­бат­та­луы есе­бі­нен жа­бын бе­ті­нің бұ­зы­луы
2.8.4
Ой­ы­лу­лар
Жа­ры­лу­лар то­ры­мен іле­се­тін, көл­де­нең пі­ші­ні күрт бұр­ма­лан­ған жол ки­і­мі­нің оның бар­лық қа­лыңды­ғы бой­ын­ша то­лық бұ­зы­луы
2.8.5
Жи­ек на­қы­сы
Це­мент-бе­тон жа­бын­да­ры пли­та­ла­ры­ның жік­те­рі мен бұ­ры­шта­ры на­қы­ста­ры­ның бұ­зы­луы, олар­дың жол жи­ек­те­рі­мен қо­сар­лас­қан жер­ле­рін­де қат­ты емес жол жа­бы­ны на­қы­ста­ры­ның бұ­зы­луы
2.8.6
Қыр­қа
Көл­де­нең төм­пе­шік­тер мен те­рең­дік­тер тү­рін­де­гі қиыр­шық та­стан, гра­ви­ядан және то­пы­рақ­тан жа­сал­ған жа­бын­ның бұ­зы­луы
2.8.7
Ор
Те­рең­дік тү­рін­де­гі, бі­рақ те­рең­ді­гі жол жа­бы­ны­ның қа­лыңды­ғы­нан тө­мен бо­ла­тын жа­бын бе­ті­нің бұ­зы­луы
2.8.8
Ашық иірім­дер мен иірім­ді жер­лер
То­пы­рақ­ты үстің­гі қа­бат­қа ите­ріп шы­ға­рып неме­се жа­бын­ды төм­пе­шік­тен­ді­ріп, жа­бын­да­ғы жа­ры­лу­лар то­ры
2.9
Ұста­стыр­ғы­штар­дың өзге­руі
Ала­ңы 1 м2 астам жа­бын тек­сту­ра­сы мен тү­сін өзгер­тіп, жа­бын бе­т­ін­де ұста­стыр­ғы­штың төм­пе­шік­те­нуі
2.10
Жа­бын­ның ба­стап­қы бұ­дыр­лы­ғын жо­ғал­ту
2.10.1
Те­гі­стеу
Кли­мат­тық фак­тор­лар­дың қа­ты­суы­мен ав­то­кө­лік дөң­ге­лек­те­рі ұн­тақ­та­ған жағ­дай­да ба­стап­қы бұ­дыр­лық­тың жо­ға­луы
2.10.2
То­зу
Жа­бын­ның ұн­тақ­та­луы және жол­ды пай­да­ла­ну про­це­сін­де ма­те­ри­ал­дың жо­ға­луы есе­бі­нен жа­бын қа­лыңды­ғы­ның аза­юы
2.11
Көш­кін­тас
Ауы­спа­лы жа­бын­ның бе­т­ін­де­гі гра­ви­я­лық ма­те­ри­ал­дың ор­нық­пай қал­ған бөл­шек­те­рі
2.12
Жү­ріс бө­лі­гін­де­гі бөгде заттар
Жү­ріс бө­лі­гін­де жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың ти­іс­ті тех­ни­ка­лық бел­гі­ле­рі­мен (жол бел­гі­ле­рі, қор­ша­у­лар және т.б.) бел­гі­лен­бе­ген және жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры­ның туын­да­уы үшін ал­ғы­шар­ттар ту­ды­ра­тын бөгде заттар­дың, жол ма­те­ри­ал­да­ры­ның, бұй­ым­дар­дың, кон­струк­ци­я­лар­дың бо­луы
2.13
Жиектеме
Жол жиегімен түйіскен кезде құрылымдық қабаттың құрылғы технологиясының бүлінуі себебінен жиектеменің нақышталуының немесе үгілуінің нәтижесінде өткелдің немесе бекіткіш жолақ жиегінің бүлінуі
3. Жа­сан­ды жол құ­ры­лы­ста­ры
3.1. Кө­пір құ­ры­лы­ста­ры
Кө­пір жа­бы­ны
3.1.1
Кө­пір тө­се­мі­нің ла­ста­нуы
Тро­туар­лар мен қор­ша­у­лар бой­ы­на кө­пір құ­ры­лы­ста­ры жа­бы­ны­ның ла­ста­нуы
3.1.2
Жү­ріс бө­лі­гі мен тро­туар­лар­да су­дың тұ­рып қа­луы
Жү­ріс бө­лі­гі мен тро­туар­лар жа­бы­ны­ның су бұр­ғыш құ­ры­л­ғы­лар­ға қа­рай еңі­сі жоқ, су бұр­ғыш құ­ры­л­ғы­лар су­ды құ­ры­лы­стан тыс жер­ге шы­ғар­май­ды
3.1.3
Тро­туар­лар жа­бы­нын­да­ғы же­ке­ле­ген шұң­қыр­лар, тро­туар пли­та­ла­ры жи­ек­те­рі­нің үгі­луі
Жи­ек­те­рі қат­ты бай­қа­ла­тын, әр­түр­лі ны­сан­да­ғы те­рең­дік­тер тү­рін­де­гі жа­бын­ның жер­гі­лік­ті бұ­зы­лу­ла­ры, тро­туар пли­та­ла­ры­ның то­лас­сыз жер­гі­лік­ті тү­сіп ке­ту­ле­рі (бұ­зы­лу­ла­ры)
3.1.4
Тро­туар бл­ок­та­рын­да­ғы су бұр­ғыш құ­быр­лар мен те­ре­зе­лер­дің бі­те­ліп қа­луы
Кон­струк­ци­я­лар­дың бұ­зы­луы мен бі­те­ліп қа­луы, кө­пір ал­дын­да­ғы су бұр­ғыш на­у­а­лар­да, тү­рі өзгер­ген жік­тер мен су бұр­ғыш құ­быр­лар­дың астын­да қо­қы­стың, қар мен мұз­дың бо­луы
Жү­ріс бө­лі­гі­нің қор­ша­у­ла­ры
3.1.5
Ме­тал ке­дер­гі қор­ша­у­лар­дың же­ке­ле­ген сек­ци­я­ла­ры­ның за­қым­да­луы
Қор­ша­у­лар­дың би­ік­ті­гі нор­ма­лар­ға сәй­кес кел­мей­ді, ба­ға­на­лар мен ком­пен­са­тор­лар өзгер­ген, жа­рық қай­та­ра­тын эле­мент­тер (ка­та­фот­тар), ке­дер­гі қор­ша­у­лар­ды қо­са­тын болт­тар жоқ, бе­кі­тіл­ме­ген
Тро­туар­лар­дың та­я­ныш қор­ша­у­ла­ры
3.16
Та­я­ны­штар­дың же­ке­ле­ген сек­ци­я­ла­ры­ның бұ­зы­луы
Би­ік­ті­гі бой­ын­ша неме­се бе­кіт­кен жер­лер­де ме­ха­ни­ка­лық бұ­зы­лу­лар, сон­дай-ақ кө­пір мен та­я­ныш қор­ша­у­лар­дың же­ке­ле­ген сек­ци­я­ла­рын­да тұт­қа­лар мен тор­лар бо­я­уы­ның за­қым­да­луы
Өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­тер
3.1.7
Өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­тер­дің үст­ін­де­гі жа­бын жа­ры­лу­ла­ры, өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­тер­де­гі су өте­тін жер­лер
Кө­лік құ­рал­да­ры­нан тү­се­тін ди­на­ми­ка­лық жүк­те­ме­лер­дің әсе­рі­нен өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­тер­дің гер­ме­ти­ка­лық қа­си­е­ті­нің бұ­зы­луы. Қай­та жа­бы­л­ған өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­тер­де па­рақ­ша­лар­ды ауы­сты­ру­ға ар­нал­ған са­ңы­ла­у­лар­дың бі­те­ліп қа­луы. Ре­зең­ке тол­ты­ру­ға ар­нал­ған заттың бі­те­ліп қа­луы, сон­дай-ақ оның жыр­ты­луы және өзге де за­қым­да­лу­лар. Са­ңы­ла­удың бі­те­ліп қа­луы және ма­сти­ка­лық үл­гі­де­гі жік­тер­де ре­зең­ке-би­тум ма­сти­ка­сы­ның бол­мауы
Ті­ре­улер мен ті­реу бө­лік­те­рі
3.1.8
Ван­та­лар­дың және ван­та­лық кө­пір­лер пи­лон­да­ры­ның ақа­у­ла­ры
Ван­та­ны жет­кі­лік­сіз тар­ту, пи­лон­дар ақа­у­ла­ры (тат­та­нуы 25% ар­тық)
Кө­пі­рас­ты ай­ма­ғы
3.1.9
Рет­теу құ­ры­лы­ста­ры­ның, ко­нустар мен үй­іл­ме­лі жер­лер­дің бұ­зы­л­ған ыл­ди­ла­ры
Рет­теу құ­ры­лы­ста­ры, ко­нустар мен үй­іл­ме­лі жер­лер ыл­ди­ла­ры­ның ны­ғай­ты­л­ған үстің­гі қа­ба­ты тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы, ар­тық то­пы­рақ пай­да­ла­ныл­ма­ған
3.1.10
Кон­струк­ци­я­ның үстің­гі бе­ті мен же­ке­ле­ген эле­мент­те­рі құ­ры­лы­мы­ның бұ­зы­луы
Бе­тон ше­ті үгі­л­ген, ар­ма­ту­ра ашыл­ма­ған, кей­бір жер­ле­рін­де жа­ры­лу­лар мен жік­тер, бе­тон­ның ше­ті ар­ма­ту­ра­сы ашы­лып үгі­л­ген, бе­тон­ның қор­ғау қа­ба­ты үгі­л­ген және өзге де бұ­зы­лу­лар, ара­лық құ­ры­лы­стар мен ті­ре­улер­дің сырт­қы үстің­гі бе­т­ін­де кей­бір жер­лер­ден су өте­ді (ме­тал кон­струк­ци­я­лар­да ме­тал­дың тат­та­нуын­сыз же­ке­ле­ген учас­ке­лер­де бо­яу қа­ба­ты­ның за­қым­да­луы), бо­лат ар­қа­лық пен те­мір­бе­тон пли­та­лар қо­сын­ды­ла­ры жай-күй­і­нің ти­ісін­ше бол­мауы
3.2. Су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар
3.2.1
Үй­ме ыл­диын ны­ғай­ту­дың жер­гі­лік­ті бұ­зы­лу­ла­ры
Су құ­быр­ла­ры ыл­ди­ла­ры­ның ны­ғай­ты­л­ған үстің­гі бе­ті тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы
3.2.2
Су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар­дың лай­ла­нуы
Бал­шық бөл­шек­те­рі­нің құ­быр­лар­дың ке­сі­л­ген жер­ле­рі мен ауы­зы­на жи­на­луы
3.2.3
Су өт­кі­зе­тін құ­быр ауы­зда­ры­ның за­қым­да­луы
Су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы және құ­быр ауы­зы ма­те­ри­ал­да­рын бо­я­луы. Құ­быр ауы­зда­ры мен ашын­ды­ла­ры­ның жо­ба­лау ере­же­сі­нен жы­л­жып ке­туі
3.2.4
Су құ­быр­ла­ры ашын­ды­ла­рын­да су аға­тын ар­на­лар­ды су шай­ып ке­ту
То­пы­рақ­ты және су аға­тын ар­на­лар­ды ны­ғай­ту ма­те­ри­а­лын жуып ке­ту сал­да­ры­нан су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар­дың ашын­ды­ла­рын­да су қа­зындыс­ы­ның қа­лып­та­суы
3.2.5
Жос­пар­да және пі­ші­нін­де құ­быр­лар сек­ци­я­ла­ры­ның жы­л­жуы
Жос­пар­да және пі­ші­нін­де тұ­та­стығы мен гео­мет­ри­я­сы­ның бұ­зы­луы. Құ­быр­да пай­да болған шө­гу­лер, шай­ып ке­ту­лер, қа­зын­ды­лар
3.2.6
Су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар­дың буын­да­ры ара­сын­да­ғы жік­тер­дің ашы­луы
Буын­дар ара­сын­да­ғы қо­сы­л­ған жер­лер гер­ме­ти­ка­сы­ның бұ­зы­луы
3.3. Үң­гір­та­у­лар, га­ле­ре­я­лар, жа­яу жүр­гін­ші өт­пе­ле­рі
3.3.1
Үң­гір­тау әр­ле­уі­нің әр жер­ден за­қым­да­луы
Гид­ро­изо­ля­ция ақа­у­ла­ры, үгін­ді­лер­дің, жа­ры­лу­лар­дың, сі­л­ті­сіз­ден­ді­ру­дің, жа­ңа тү­рі мен ері­т­ін­ді­нің шай­ы­луы­ның бо­луы, үң­гір­тау қа­быр­ға­ла­ры мен күм­бе­зін­де қы­зыл­су мұ­зы­ның қа­лып­та­суы
3.3.2
Үң­гір­тау пор­тал­да­ры­ның үсті­нен то­пы­рақ­тың мү­жі­ліп құ­ла­уы
Су аға­тын жүй­е­нің, ны­ғай­ту құ­ры­лы­ста­ры тұ­та­стығ­ы­ның бұ­зы­луы, эро­зи­я­ға қар­сы кө­гал­дан­ды­ру­дың бол­мауы не оның жұ­мысқа қа­бі­лет­сіз­дік жай-күйі
3.3.3
Же­рү­сті (же­ра­с­ты) жа­яу жүр­гін­ші өт­пе­ле­рі­нің ақа­у­ла­ры
Жа­бық же­рү­сті (же­ра­с­ты) жа­яу жүр­гін­ші өт­пе­ле­рі­нің төбе­сі мен қа­быр­ға­ла­ры­ның ла­ста­нуы және за­қым­да­луы
3.4. Сүй­еп тұ­ра­тын қа­быр­ға­лар
3.4.1
Сүй­еп тұ­ра­тын қа­быр­ға­лар кон­струк­ци­я­ла­ры­ның за­қым­да­луы
Қа­быр­ға қа­ла­уы бұ­зы­лу­ла­ры­ның бо­луы, сы­лақ пен бо­я­у­дың за­қым­да­луы, жа­ры­лу­лар, орап бай­лау тұ­та­стығ­ы­ның, сүй­еп тұ­ра­тын қа­быр­ға­лар­дың өзге­рі­с­ке ұшы­ра­ған жік­те­рі­нің гер­ме­ти­ка­лық қа­си­е­ті­нің бұ­зы­луы, тік еңі­стікте жо­ба­лау бел­гі­ле­рі­нен ауыт­қу­шы­лық, дре­наж те­ре­зе­лер­дің бі­те­ліп қа­луы (бұ­зы­луы)
3.4.2
Жуып-ша­ю­лар мен су шай­ып ке­ту­лер
Су аға­тын жол­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген, су аға­тын на­у­а­лар ла­стан­ған, аға­штар мен бұ­та өсім­дік­те­рі­нің бо­луы
3.5. Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры
3.5.1
Қо­қыс пен бөгде заттар
Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры­ның, су­ды жа­қын­да­та­тын және су­ды бұ­ра­тын жы­ра­лар­да (құ­быр­лар­да), қа­был­дау тор­ла­рын­да, та­за­лау құ­ры­лы­сы­ның гид­ро­бо­та­ни­ка­лық алаң­қай­ла­ры мен бас­қа да кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рін­де­гі бу­фер­лік апан ак­ва­то­ри­я­сын­да­ғы са­ни­тар­лық ай­мақ­та қо­қыс пен бөгде заттар­дың бо­луы
3.5.2
Су та­за­лау жүй­е­сі­нің бұ­зы­луы
Сүз­гіш эле­мент­тер мен олар­ды тол­ты­ра­тын­дар­дың бол­мауы неме­се уақ­ты­лы (тех­ни­ка­лық және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­да көз­дел­ген) ауы­сты­рыл­мауы. Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры­ның кон­струк­ци­я­сын­да ағып ке­те­тін жер­лер мен гер­ме­ти­ка­лық емес қо­сы­л­ған жер­лер­дің бо­луы, та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры­нан шы­ға­тын жер­лер­де су бе­т­ін­де май және мұ­най із­де­рі­нің бо­луы
3.5.3
Лай қа­бат­та­ры
Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры­ның арық­та­рын­да, то­ған­да­рын­да, тұн­дыр­ғы­шта­рын­да лай қа­бат­та­ры­ның жи­на­луы
3.5.4
Өсім­дік
Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры­ның арық­та­рын­да, са­ни­тар­лық ай­ма­ғын­да, то­ған­да­рын­да ша­был­ма­ған өсім­дік­тің (тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­да көз­дел­ген­нен бас­қа) бо­луы
3.5.5
Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рі­нің ақа­у­ла­ры
Та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рі­нің (та­за­лау құ­ры­лы­ста­ры люк­те­рі­нің, са­ни­тар­лық ай­мақ қор­ша­у­ла­ры­ның, то­ған­дар мен тұн­дыр­ғы­штар ыл­ди­ла­ры­ның, электр жабды­ғы­ның және т.б.) бол­мауы, өзге­рі­с­ке ұшы­ра­уы, бұ­зы­луы және за­қым­да­луы
4. Ав­то­мо­биль жол­да­рын жай­ға­сты­ру эле­мент­те­рі
4.1
Жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын ор­на­ту ақа­у­ла­ры
Нор­ма­тив­тік та­лап­тар­дан ше­гіне оты­рып қол­да­ны­ла­тын жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры неме­се жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың ти­іс­ті жо­ба­ла­рын­да көз­дел­ген жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның бол­мауы
4.1.1
Жол бел­гі­ле­рі­нің (оның ішін­де өзге­ріп тұ­ра­тын ақ­па­ра­ты бар таб­ло), ба­ғыт­та­у­шы қон­дыр­ғы­лар­дың (жол сиг­нал­дық ба­ған­да­ры­ның, жол тум­ба­ла­ры­ның және т.б.), көз­ге ша­ғы­лы­су­ға қар­сы экран­дар­дың, жол бағ­дар­шам­да­ры­ның ақа­у­ла­ры
Олар­ды ор­на­ту­дың жү­ріс бө­лі­гі­нің ше­ті­нен би­ік­ті­гі, қа­шық­тығы бой­ын­ша, са­ны, тү­рі өл­ше­мі, кө­рі­ну жағ­дай­ла­ры, ко­ло­ри­мет­ри­ка­лық және фо­то­мет­ри­ка­лық си­патта­ма­лар мен т.б. бой­ын­ша сәй­кес кел­ме­уі
4.2
Көл­де­нең (тік) жол таң­ба­ла­ры сызық­та­рын са­лу қа­ғи­да­ла­ры­ның бұ­зы­луы
Көл­де­нең және тік жол таң­ба­ла­рын жол жү­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру­дың бе­кі­ті­л­ген жо­ба­сы­нан ше­гіне оты­рып са­лу. Ұзынды­ғы, ені, қа­лыңды­ғы, ілі­ніс ко­эф­фи­ци­ен­ті, кө­рі­ну жағ­дай­ла­ры, жа­рық тех­ни­ка­лық па­ра­метр­лер және т.б. бой­ын­ша сызық­тар­дың сәй­кес кел­ме­уі
4.3
Жол бел­гі­ле­рі мен өзге­ріп тұ­ра­тын ақ­па­ра­ты бар таб­ло­ның ақа­у­ла­ры. Қа­был­да­уды қиын­да­та­тын, өзге­ріп тұ­ра­тын ақ­па­ра­ты бар таб­ло­ның ақа­у­ла­ры
Бей­не­ле­ме­сі, бей­не­леу эле­мент­те­рі­нің ашық­тығы бұ­зы­ла оты­рып, бел­гі­лер мен олар­ды бе­кі­ту эле­мент­те­рі за­қым­да­лу­ла­ры­ның бо­луы, жа­рық қай­та­ра­тын қа­бі­ле­ті мен нор­ма­тив­тік кө­рі­ну­ін жо­ғал­ту
4.4
Жол кон­трол­лер­ле­рі­нің, кө­лік де­тек­тор­ла­ры­ның, тө­лем тер­ми­нал­да­ры­ның, бей­не­ба­қы­лау ка­ме­ра­ла­ры­ның, ме­тео­стан­ци­я­лар­дың және көк­тай­ғақ­қа қар­сы ма­те­ри­ал­дар­ды бө­лу­дің ав­то­мат­ты жүй­е­ле­рі­нің ақа­у­ла­ры
Жұ­мыс іс­те­мей­тін күй­де неме­се қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гіне ық­пал ете­тін кө­рі­не­тін ме­ха­ни­ка­лық за­қым­да­луы бар
4.5
Ба­ғыт­та­у­шы құ­ры­л­ғы­лар­дың (жол сиг­нал­да­ры ба­ған­да­ры, жол тум­ба­ла­ры және т.б.) ақа­у­ла­ры
Жол жү­рі­сі қа­уіп­сіз­ді­гіне ық­пал ете­тін өзге­рі­с­ке ұшы­ра­у­лар­дың, жа­ры­лу­лар­дың, үстің­гі қа­бат үгін­ді­ле­рі­нің бо­луы. Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген жа­рық қай­та­ра­тын эф­фект, қа­был­да­удың, оның ішін­де қар­ды қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз әрі уақ­ты­лы та­за­ла­маудан қиын­да­ты­луы
4.6
Жол (оның ішін­де жа­яу жүр­гін­ші) қор­ша­у­ла­ры­ның ақа­у­ла­ры
Же­ке­ле­ген сек­ци­я­лар­дың, ба­ған­дар­дың, бұ­ран­да­ма­лар­дың және т.б. бол­мауы, өзге­рі­с­ке ұшы­ра­уы, бе­кі­ту ақа­у­ла­ры. Те­мір­бе­тон кон­стурк­ци­я­лар­да­ғы жа­ры­лу­лар мен үгін­ді­лер. Тот ба­су­ға қар­сы жа­бын­ның бол­мауы, үстің­гі қа­бат­та тат­та­ну­дың бо­луы
4.7
Жол бағ­дар­шам­да­ры­ның ақа­у­ла­ры
Ко­лон­на­лар­дың, күн­қа­ғар­лар­дың, ша­шы­рат­қы­штар­дың, ша­ғы­лы­стыр­ғы­штар­дың кө­рі­не­тін за­қым­да­лу­ла­ры­ның бо­луы және сол си­яқ­ты олар­дың бол­мауы. Сиг­нал­дар­дың (100 метр­ден ба­стап және одан да көп), ша­шы­рат­қы­штар­ға жа­зы­ла­тын сим­вол­дар­дың (50 ба­стап және одан да көп) жет­кі­лік­сіз дә­ре­же­де та­ны­луы. Пай­да­ла­ну көр­сет­кіш­те­рін тө­мен­де­те­тін стан­дарт­ты емес эле­мент­тер­дің қол­да­ны­луы
4.8
Тро­туар­лар, жа­яу жүр­гін­ші және ве­ло­си­пед жол­да­ры жа­бын­да­рын­да­ғы же­ке­ле­ген шұң­қыр­лар
Тро­туар­лар, жа­яу жүр­гін­ші және ве­ло­си­пед жол­да­ры жа­бын­да­рын­да өзге­рі­с­ке ұшы­ра­у­лар мен бұ­зы­лу­лар­дың бо­луы
4.9
Жол ай­на­ла­ры­ның ақа­у­ла­ры
Жа­ры­лу­лар мен үгін­ді­лер­дің бо­луы, кө­ру­ді қиын­да­та­тын, шо­лу бұ­ры­шы­ның дұ­рыс бол­мауы
4.10
Бор­дюр­лар­дың көз­ге кө­рі­не­тін за­қым­да­луы
Бор­дюр­лер­дің, тө­мен­де­ті­л­ген жер­лер­дің ашық үстің­гі бе­т­ін­де бұ­зы­лу­лар мен үгін­ді­лер­дің бо­луы, тік таң­ба­лау сызық­та­ры­ның бол­мауы
4.11
Жол бел­гі­ле­рі ба­ған­да­ры­ның ақа­у­ла­ры (П, Г және Т-тә­р­із­дес сүй­е­улер)
За­қым­да­лу­лар мен ашық кор­ро­зи­я­ның бо­луы
4.12
Қо­ғам­дық кө­лік құ­ра­лы аял­дау пукт­те­рі­нің, де­ма­лыс алаң­да­ры­ның, кө­лік құ­рал­да­ры­ның қы­сқа уа­қыт тұ­ру тұ­ра­ғы­ның ақа­у­ла­ры
Па­ви­льон, ур­на, орын­дық­тар, ақ­па­рат­тық таб­лич­ка­лар кон­струк­ци­я­ла­рын­да за­қым­да­лу­лар­дың бо­луы. Отыр­ғы­зу алаң­да­ры, де­ма­лыс алаң­да­ры мен ав­то­мо­биль­дер тұ­ра­ғы орын­да­ры жа­бы­ны­ның өзге­рі­с­ке ұшы­ра­уы және бұ­зы­луы, олар­да бөгде заттар­дың, қо­қы­стың, сон­дай-ақ көк­тай­ғақ­қа қар­сы ма­те­ри­ал­дар­мен өң­дел­ме­ген қы­сқы тай­ға­нақ­тық­тың бо­луы, қо­қыс жи­на­ғы­штар­дың бол­мауы
4.13
Сырт­қы электр­мен жа­рық­тан­ды­ру же­лі­ле­рі­нің ақа­у­ла­ры
Сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру қон­дыр­ғы­ла­ры­ның жұ­мыстан бас тар­туы, жа­рам­сыз шы­рақ­тар, ас­па шам­дар, сым­дар­дың, кә­біл­дер­дің үзі­ліп қа­луы, транс­фор­ма­тор­лар­дың және бас­қа да электр­мен жа­рық­тан­ды­ру эле­мент­те­рі­нің сы­нып қа­луы, ав­то­мо­биль жо­лы кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рі­нің жет­кі­лік­сіз жа­рық бе­руі, сырт­қы электр­мен жа­рақ­тау сүй­е­уле­рі­нің сал­мақ тү­се­тін қа­бі­ле­ті­нің жо­ға­луы, сүй­е­улер­дің үстің­гі бе­ті­нің қа­быр­шақ­та­нуы
5. Қы­сқы кү­тіп ұстау
5.1
Қы­зыл­су мұ­зы тү­рін­де­гі мұз­дың жи­на­луы
Жол­дың бе­т­ін­де, су өт­кі­зе­тін құ­быр­лар­да және кө­пір­лер­де мұз­дың қа­туы
5.2
Қар жа­мы­л­ғы­сы
Жол­дың бе­тін жа­уып та­стай­тын, бір неме­се бір­не­ше қа­бат қар ба­су­лар мен жиын­ды­ла­ры
5.3
Қар үй­ін­ді­сі
Жол­дан өте­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның дөң­ге­лек­те­рі­мен ны­ғы­здал­ған қар қа­ба­ты
5.4
Қар­дың тү­суі
Қар­ды та­за­лау және жол жа­бы­нын сы­ру нәти­же­сін­де ұзы­на бойы қар тү­су тү­рін­де қа­лып­та­са­тын қар­дың жи­на­лып қа­луы
5.5
Қы­сқы тай­ға­нақ­тық
Қар үй­ін­ді­сі­нің, жа­бын­дар­дың ілі­ні­су қа­си­ет­те­рін ед­әу­ір тө­мен­де­те­тін шы­ны тә­р­із­дес мұз­дың неме­се көк­тай­ғақ қа­ба­ты­ның қа­лып­та­суы
5.6
Көк­тай­ғақ
Жа­бын бе­т­ін­де сұй­ық шө­гін­ді­лер­дің (жаң­быр, тұ­ман және ері­ген қар) қа­тып қа­луы­нан туын­да­ған, қа­лыңды­ғы 1-ден 10 мм дей­ін­гі мұз­дың те­гіс үл­пе­гі
5.7
Күп­сек қар
Қар жа­у­ған неме­се бо­ран болған кез­де жол жа­бы­ны­на тү­се­тін қар­дың ны­ғы­здал­ма­ған қа­ба­ты, сон­дай-ақ хло­рид­тер­мен ара­ла­сты­ры­л­ған, ны­ғы­здал­мау­ға ти­іс қар қа­ба­ты
5.8
Қар­дан қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры
Қар ба­сып қа­лу­ды бол­дыр­мау үшін қа­жет құ­ры­л­ғы­лар­дың бар­лық түр­ле­рі: қал­қан тә­р­із­дес қор­ша­у­лар, ду­ал­дар, қа­быр­ға­лар, тор­лар ограж­де­ния, за­бо­ры, стен­ки, сет­ки.
5.9
Қар­дан қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі
Қар­дың тү­суі қор­ға­ныс жар­ма­сын­да қар­дан қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның би­ік­ті­гіне тең би­ік­тікте бо­луы (қал­қан қор­ша­у­лар үшін қар тү­су­дің би­ік­ті­гі олар­дың би­ік­ті­гі­нен 2/3 бо­ла ала­ды)
6. Ауа райы-кли­мат­тық фак­тор­лар­дан туын­да­ған жол кон­струк­ци­я­сы­ның ақа­у­ла­ры
6.1
Күр­тіктер
Жү­ріс бө­лі­гі­нің құм­мен, қар­мен, сел­мен неме­се көш­кін­мен іші­на­ра неме­се то­лық жа­бы­луы
6.2
Тас­қын бұ­зу­ла­ры
Жол­дың же­ке­ле­ген учас­ке­ле­рін­де тұ­рақ­ты­лық­тың то­лық жо­ға­луы, то­пы­рақ қа­ба­ты мен жол ки­і­мі­нің бұ­зы­луы және су шай­ып ке­туі
6.3
Ла­ста­ну
Жол­дар­дың кон­струк­тив­тік эле­мент­те­рін­де және (неме­се) бұ­ру жо­ла­ғын­да бөгде заттар­дың, шаң­ның неме­се бал­шық­тың бо­луы
6.4
Су­дың тұ­рып қа­луы
Жет­кі­лік­сіз көл­де­нең ыл­диа­дан, де­фор­ма­ция мен бұ­зы­лу­лар­дың бо­луы­нан неме­се су бұ­ру жүй­е­сі жұ­мысы­ның бұ­зы­луы­нан туын­да­ған жол­дың (кө­пір­дің) жү­ріс бө­лі­гін­де, жол жи­егін­де, су бұ­ру жүй­е­сін­де су­дың жи­на­лып қа­луы

0-2 Автомобиль жолын тексеру актісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ау­ма­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын
жол­дар­дың тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін
ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және
жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Нысан
Автомобиль жолын тексеру актісі
20__жылғы"__"______________қаласы_____________(ауданы)
Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен
___________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты)
пайдаланылатын автомобиль жолын (автомобиль жолдары желісін) және
ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарын
___________________________________________________________________
(автомобиль жолының атауы)
км ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________ № _____
келісімшарт) тексеруді жүргізді және мынаны анықтады:
Тапсырыс беруші:___________________________________________________
(автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны)
___________________________________________________________________
Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға)___________________________
___________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
Қызмет көрсету аумағы______________________________________________
(автомобиль жолының учаскесі)
Анықталды:

р/с
Ме­кен­жайы (км, үй №)
Де­фек­ті­лер­дің/кем­ші­лік­тер­дің түр­ле­рі
Ес­керт­пе
Лауазымды адам __________________________/____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйым өкілі ______________________________/_____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

0-3 __________________ облысы (қаласы) бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ау­ма­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын
жол­дар­дың тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін
ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және
жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
3-қо­сым­ша
Нысан
__________________ облысы (қаласы) бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның
ҰЙҒАРЫМЫ
___________________________________________________________ басшысы
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мекенжайы)
"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17
сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес:

1 1. 20__жылғы "__"________№ __ тәуекел дәрежесін бағалау

(тексеру) актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау.

2 2. Осы ұйғарымды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар

туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы
"__"________ дейін хабарлау қажет.

3 3. Осы ұйғарымды орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан

Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
____________________ облысы (қаласы)
бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті
органның басшысы __________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Осы ұйғарыммен таныстым және
ұйғарымның бір данасын алдым 20 __ жылғы "____" __________
Заңды тұлғаның басшысы не оның өкілі __________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Ескертпе: ұйғарым екі данада жасалады, оның біреуі жеке немесе заңды
тұлғаға не оның өкіліне беріледі, ал екіншісі жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда қалады.

0-4 Ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ау­ма­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын
жол­дар­дың тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін
ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және
жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
4-қо­сым­ша
Нысан
Ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі
20__жылғы "__" __________
20__жылғы "__" __________ бастап 20__жылғы "__" __________
аралығындағы есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының
тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған
Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен______________________
(автомобиль жолының атауы)
км___+___ - км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________№___ келісімшарт)
автомобиль жолын күтіп ұстау бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау
кезінде ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолдарын бірлесіп тексеруді
жүргізді
Тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
1-кесте

р/с
Бұ­зу­шы­лық­тар (де­фек­ті­лер, ес­кер­ту­лер) көр­се­ті­л­ген ки­ло­метр­лер тіз­бе­сі
Бұ­зу­шы­лық­тың (де­фек­ті­нің, ес­кер­ту­дің) ата­уы
Нақ­ты орын­дал­ды, жой­ыл­ды/ жой­ы­л­ған жоқ
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
Нәтиже: Ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтар (дефектілер, ескертулер) белгіленген мерзімде толық көлемде/ішінара/орындалған жоқ, орындалды.
Шешім:
___________________________________________________________________
(автомобиль жолының атауы)
км___+___ - км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________№___ келісімшарт)
автомобиль жолы учаскесінің тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында
_______________________________________тәуекел дәрежесі айқындалсын
Лауазымды адам _____________________/____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйым өкілі ____________________/_____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

0-5 Пайдаланылатын автомобиль жолының (автомобиль жолдары желісінің) (20__жылғы "__" __________бастап 20__жылғы "__"_______ кезеңде) тәуекел дәрежесін бағалау актісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ау­ма­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын
жол­дар­дың тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін
ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және
жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
5-қо­сым­ша
Нысан
Пайдаланылатын автомобиль жолының (автомобиль жолдары желісінің) (20__жылғы "__" __________бастап 20__жылғы "__"_______ кезеңде) тәуекел дәрежесін бағалау актісі
Лауазымды адам ұйым өкілінің қатысуымен
___________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты)
пайдаланылатын автомобиль жолының (автомобиль жолдары желісінің) және
ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарының
___________________________________________________________________
(автомобиль жолының атауы)
км ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________ № _____
келісімшарт)тәуекел дәрежесін бағалауды мынадай жағдайларда анықтады:

1 1. Барлық тексерілгені _________ км.

2 2. Мынадай километрлер ______________________________________

барлығы____ км тәуекел дәрежесіне сәйкес келмейді.

3 3. Барлығы __________________________________________________

барлығы____ км тәуекел дәрежесіне сәйкес келеді.

4 4. Жолдарды күтіп ұстау дефектілеріне байланысты ілеспелі

қанағаттанарлықсыз жол жағдайларына байланысты жол-көлік оқиғалары
(учаскеде тіркелмеген/тіркелген (мекенжайын/мекенжайларын көрсету)
_____________________________________________

5 5. Автомобиль жолының учаскесі бойынша тәуекел дәрежесі

__________________________________
(тәуекел дәрежесі көрсетіледі).
Қолдар:
Лауазымды адам _______________________/____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйым өкілі _______________________/____________/
(лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.)

Қолданыстағы