Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта в пчеловодческой деятельности

Бұйрық · № 20/54 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82980/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта в пчеловодческой деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/54 ·21.01.2014
20.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта в пчеловодческой деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/54 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта в пчеловодческой деятельности
Атауы (қаз.)
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/54
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
20.12.2020 82980_502682.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009436
ЭКБ идентификаторы
82980
Редакция идентификаторы
82980_502682
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:05

0 Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартты бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарт бекітілсін.

2 2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

3 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір

0 Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/54 бұйрығымен бекітілген
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

1 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2 2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

3 3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;

4 4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

5 5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

6 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

7 7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

2 2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01.49 Өзге жануарлар түрлерін өсіру.

6 6. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: бал, ара балауызын және басқа өнімдерді алу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында оларды тозаңдату үшін бал араларын өсіру.

КС мал шаруашылығы, аң аулау және осы саладағы қызметтерді ұсыну кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

7 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
омарташы;
техник.

3 3. Еңбек қызмет (кәсіп) түрлерінің карточкасы

1 1-параграф. Омарташы

8 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

9 9. Лауазымның мүмкін атаулары: омарташы.

10 10. «Омарташы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: аналық шығару, тайпалық, тозаңдандырғыш-бал фермаларда, кеспеағаштарда араларды күту бойынша жұмыстар жүргізу.

11 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

12 12. Омарташының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

13 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, омарташы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

14 14. Омарташының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

15 15. Омарташының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

2 2-параграф. Техник

16 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5.

17 17. Лауазымның мүмкін атаулары: техник.

18 18. «Техник» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

19 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

20 20. Техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

21 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, омарташы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

22 22. Техниктің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

23 23. Техниктің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілері

24 24. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

25 25. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

1 Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Бал ара өсіру қызметіндегі
кәсіби стандартының
1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы тен­ден­ци­я­ла­рын есеп­ке ал­ған­да­ғы кә­сіп ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы
Омар­та­шы
Омар­та­шы
3-4
2.
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы
Тех­ник
Тех­ник
4-5

2 Бал ара өсіру қызметіндегі

кәсіби стандартының
2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6123 Омар­та­шы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
64-шы­ға­ры­лым, та­рау: Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мыста­ры мен кә­сіп­те­рі
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Омар­та­шы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
3-5
2-кесте. Омарташының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Ара өсі­ру ша­ру­а­шы­лық­та­ры, омар­та, егін­дер, ар­найы үй-жай­лар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Кә­сі­би дай­ынды­ғы неме­се оған дей­ін­гі по­зи­ци­я­лар­да 1 жыл­дан кем емес тә­жі­ри­бе­сі болған жағ­дай­да та­лап етіл­мей­ді
3-кесте. Омарташы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Та­у­ар­лы және то­заң­да­ту­шы омар­та­лар­да­ғы ара­лар­ды кү­тіп-қа­рау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ат­қа­ру. Ара­лар­ды то­заң­да­ты­ла­тын да­қыл­дар­ға үй­ре­ту. Ара ұя­ла­ры­ның са­па­сын, ұя­да­ғы ара­лар са­ны мен бал кө­ле­мін, ұя­да ана­лық ара­ның бар бо­луын және оның са­па­сын, бар­лық жас­та­ғы ұр­пақ­та­рын тек­се­ру
2
Омар­та мен үй-жай­лар­да­ғы са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық шар­ттар­ды ұстай­ды. Оры­н­жай­лар­ға, қор­ша­у­ға, жаб­дық­тар мен құ­рал­дар­ға ағым­дық жөн­деу жүр­гі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­ды. Ең­бек­ті қор­ғау, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­рын сақ­тай­ды. Ара ұя­ла­ры мен құ­рал-сай­ман­дар­ды за­лал­сыздан­ды­ра­ды, ара ау­ру­ла­ры мен зи­ян­кесте­рі­мен кү­рес жө­нін­де­гі про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар­ды қол­да­на­ды
3
Бал­ды алу және ба­ла­у­ыз ши­кі­за­тын жи­нақ­тау. Егін­ді жи­нау және сұ­рып­тау. Ара өсі­ру өнім­де­рін ыдыс­қа қап­тау және оны тұ­ты­ну­шы­лар­ға са­ту үшін дай­ын­дау бе­ке­тіне жет­кі­зу
4
Омар­та мен ар­найы бө­лін­ген оры­н­жай­лар­да ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі тех­ни­ка­сы­ның сақ­та­луын ба­қы­лау. Ең­бек құ­рал­да­ры және затта­ры­мен қам­та­ма­сыз ету. Ара жа­нұ­я­ла­рын қа­рау. Ұя­лар­ды дай­ын­дау. Ара­лар­ды са­тып алу
5
Ұя­лар­ды то­заң­да­ту үшін та­сы­мал­дау. Ұя­лар­ды бал жи­нақ­тау үшін та­сы­мал­дау. Омар­та­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­ла­ры. Бал­ды жи­нақ­тау. Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру және қай­та өн­деу
6
Ара жа­нұ­я­ла­рын қы­сқа дай­ын­дау. Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін са­ту. Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сақ­тау
4-кесте. Омарташы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Ара­лар, ана­лық­тар, сұ­лат­па, нук­ле­ус
Тү­т­ін­де­уіш, қор­ға­ныс мас­ка­сы
1-1) Ара жа­нұ­я­ла­рын қа­рау
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, ара­лар
Бо­яу, құ­рал-сай­ман­дар, жіп
1-2) Ұя­лар­ды дай­ын­дау
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры
Ұя бе­кіт­кі­ші, кө­лік құ­ра­лы, ара­лар­ға ар­нал­ған па­ви­льон
1-3) Ұя­лар­ды ме­ди­ци­на­лық жи­нақ­тау үшін та­сы­мал­дау
2
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, омар­та
Газтұт­қыш, ем­дік пре­па­рат­тар, за­рар­сыздан­ды­ру құ­рал­да­ры мен хи­ми­кат­тар
2-1) Омар­та­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­ла­ры
Қы­сқы ұя, ұя­лар
Бал, шар­бат
2-2) Ара­лар үшін қы­сқы және көк­тем­гі уа­қыт­қа жем дай­ын­дау
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, омар­та
Газтұт­қыш, ем­дік пре­па­рат­тар, за­рар­сыздан­ды­ру құ­рал­да­ры мен хи­ми­кат­тар
2-3) Ара ұя­сын­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­ла­ры
3
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, ара рам­ка­сы
Бал­ды алу, ба­ла­у­ы­зды ері­ту, ба­ла­у­ы­з­пресс, бал тұ­ра­тын жер, тү­т­ін­де­гіш, омар­та­шы виб­ро­пы­шақ, рам­ка та­за­ла­у­ы­шы
3-1) Бал­ды алу, та­зар­ту және ба­ла­у­ыз өні­мін қай­та өн­деу
Бал
Жө­ке бөш­ке­ле­рі, әй­нек құ­ты­лар
3-2) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сақ­тау
Бал
Мал дә­рі­гер­лік іле­с­пе құ­жат­тар, па­ви­льон­дар, дү­кен­дер
3-3) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін са­ту
4
Ара­лар, ана­лық­тар, сұ­лат­па, нук­ле­ус
Тү­т­ін­де­уіш, қор­ға­ныс мас­ка­сы
4-1) Ара жа­нұ­я­ла­рын қа­рау
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, ара­лар
Бо­яу, құ­рал-сай­ман­дар, жіп
4-2) Ұя­лар­ды дай­ын­дау
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры
Ұя бе­кіт­кі­ші, кө­лік құ­ра­лы, ара­лар­ға ар­нал­ған па­ви­льон
4-3) Ұя­лар­ды ме­ди­ци­на­лық жи­нақ­тау үшін та­сы­мал­дау
5
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, омар­та
Газтұт­қыш, ем­дік пре­па­рат­тар, за­рар­сыздан­ды­ру құ­рал­да­ры мен хи­ми­кат­тар
5-1) Омар­та­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­ла­ры
Қы­сқы ұя, ұя­лар
Бал, шар­бат
5-2) Ара­лар үшін қы­сқы және көк­тем­гі уа­қыт­қа жем дай­ын­дау
6
Ұя­лар, ағаш қуы­сын­да­ғы ара ұя­ла­ры, ара рам­ка­сы
Бал­ды алу, ба­ла­у­ы­зды ері­ту, ба­ла­у­ы­з­пресс, бал тұ­ра­тын жер, тү­т­ін­де­гіш, омар­та­шы виб­ро­пы­шақ, рам­ка та­за­ла­у­ы­шы
6-1) Бал­ды алу, та­зар­ту және ба­ла­у­ыз өні­мін қай­та өн­деу
Бал
Жө­ке бөш­ке­ле­рі, әй­нек құ­ты­лар
6-2) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сақ­тау
Бал
Мал дә­рі­гер­лік іле­с­пе құ­жат­тар, па­ви­льон­дар, дү­кен­дер
6-3) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін са­ту
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі омарташының құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Нәти­же­лер­ді өл­шеу және олар­ды өз нәти­же­ле­рі­мен са­лы­сты­ру үшін са­па­ның өзге тұ­лға­лар мен стан­дарт­тар бел­гі­ле­ген емес өз өл­шем­де­рін жа­сай­ды
Ара жа­нұ­я­ла­ры­ның ша­ру­а­шы­лық жа­рамды­ғын анық­тау бі­лі­гі
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен ең­бек қор­ғау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу. Ара­ның түр­ле­рі мен ара­лар­дың жай-күй­ін бі­лу
1-2)
Нұс­қа­у­лар бе­ре­ді неме­се қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту мақ­са­тын­да қан­дай да бір жұ­мыстар­ды қа­лай жа­сау ке­ректі­гін көр­се­те­ді
Ұя­лар­ға жөн­деу жүр­гі­зу бі­лі­гі
Ұя­ның түр­ле­рі мен құ­ры­лы­мы
1-3)
Ара өсі­ру ша­ру­а­шы­лы­ғы жұ­мысын­да­ғы өзге­рі­стер­ге тез бей­ім­де­ле­ді
Ара ұя­ла­рын гүл­деп тұр­ған бал­ды өсім­дік­тер ала­бы­на уа­қы­ты­лы апа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру бі­лі­гі
Ара жа­нұ­я­сы­ның жыл ішін­де­гі өмі­рі
2-1)
Жа­ңа мүм­кін­дік­тер­ді кө­ре­ді және олар­ды омар­та қыз­ме­т­ін­де пай­да­ла­на­ды
Омар­та­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Ара­лар ау­ру­ла­ры және омар­та­да­ғы ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар­дың әді­сте­рі
2-2)
Ко­ман­да­дан оң нәти­же­ні кү­те­ді және ко­ман­да­да қа­был­дан­ған мі­нез-құлық­ты біл­ді­ре­тін ко­ман­да мү­ше­ле­ріне ке­рі бай­ла­ныс бе­ре­ді
Ұя­лар­ды сақ­тау үшін қы­сқы оры­н­жай­ға та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу дағдысы
Ара­лар­ды қы­сқы оры­н­жай­дан шы­ға­ру және қы­сқы оры­н­жай­ға ор­на­ла­сты­ру тех­ни­ка­сы
3-1)
Кес­пеа­ға­штар­да мау­сым­дық жұ­мыс жүр­гі­зу үшін жыл мез­гі­лі­нің өзге­ру­іне әсер ете­ді
Бал алу­ды, сон­дай-ақ ара ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның өзге өнім­де­рін жи­нақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету бі­лі­гі
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің түр­ле­рі. Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­деу тех­но­ло­ги­я­сы
3-2)
Жағ­дай­ды же­ке қа­ты­су жо­лы­мен зерт­тей­ді
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­деу жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру дағдысы
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сақ­тау тех­но­ло­ги­я­сы
3-3)
Жағ­дай­ды же­ке қа­ты­су жо­лы­мен зерт­тей­ді
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін тұ­ты­ну­шы­ға дей­ін жет­кі­зу үде­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру дағдысы
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар

3 Бал ара өсіру қызметіндегі

кәсіби стандартының
3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
3119 Тех­ник
Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­ле­рі ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғын бе­кі­ту ту­ра­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2012 жы­л­ғы 21 ма­мыр­да­ғы № 201-ө-м бұй­ры­ғы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2012 жы­лы 25 мау­сым­да № 7755 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
4
Са­на­ты жоқ, ІІ, І
5
Са­на­ты жоқ, ІІ, І
2-кесте. Техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Ара өсі­ру ша­ру­а­шы­лық­та­ры, омар­та, егін­дер, ар­найы үй-жай­лар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
4
Жо­ға­ры дең­гей­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Са­на­ты жоқ – жұ­мыс ста­жы­на та­лап қой­ыл­май­ды;
ІІ са­нат – кем де­ген­де 1 жыл са­на­ты жоқ ла­у­а­зы­мын­да қыз­мет ету;
І са­нат – кем де­ген­де 1 жыл ІІ са­нат ла­у­а­зы­мын­да қыз­мет ету
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, не бол­ма­са жо­ға­ры бі­лім
Са­на­ты жоқ – жұ­мыс ста­жы­на та­лап қой­ыл­май­ды;
ІІ са­нат – кем де­ген­де 1 жыл са­на­ты жоқ ла­у­а­зы­мын­да қыз­мет ету;
І са­нат – кем де­ген­де 1 жыл ІІ са­нат ла­у­а­зы­мын­да қыз­мет ету
3-кесте. Техник орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ара­лар­дың негіз­гі тұқым­да­рын, негіз­гі ара­ның тұқым­да­стығ­ын, тұқым­да­стық кү­шін және ана­лық са­па­сын ара ша­ру­а­шы­лы­ғы мез­гі­лі­нің кез кел­ген уа­қы­тын­да анық­тау
2
Жыл мез­гі­ліне сәй­кес ара тұқым­да­стығ­ын кү­ту
3
Тай­па­лық есеп жүр­гі­зу, ара тұқым­даста­ры­ның мі­нез-құлық­та­рын: өнім­ді­лі­гін, қы­сқа тө­зім­ді­лі­гін, ау­ру­лар­ға тө­зім­ді­лі­гін және т.б анық­тау
4
Жа­ңа ара тұқым­да­стығ­ын алу үшін жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру, ана­лық ата­лық ара­лар­ды өсі­ру, олар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
5
Негіз­гі (бал және ба­ла­у­ыз) және қо­сым­ша (ара ана­лы­ғы­ның сү­ті, про­по­лис, пер­га) ара өнім­де­рін шы­ға­ру, олар­дың та­би­ғи­лы­ғы мен са­па­сын ба­ға­лау
6
Ша­ғын биз­нес ұй­ым­да­сты­ру биз­нес-жос­па­рын жа­сау
7
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сер­ти­фи­ка­ци­я­лау орын­дау
4-кесте. Техник орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Ара­лар, ана­лық­тар,
Бал­ды алу және қай­та өң­деу үшін ара ұя­сы, жаб­дық­тар, ба­ла­у­ыз өнім­де­рін және бас­қа ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­деу
1-1) Ара ша­ру­а­шы­лық мез­гі­лі­нің кез кел­ген уа­қы­тын­да ана­лық са­па­сын анық­тау
2
Ара­лар, ана­лық­тар,
Бал­ды алу және қай­та өң­деу үшін ара ұя­сы, жаб­дық­тар, ба­ла­у­ыз өнім­де­рін және бас­қа ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­деу
2-1) Ара тұқым­да­стығ­ы­ның кү­ті­мі
3
Ара­лар, ана­лық­тар,
Ара ұя­сы, есеп жур­на­лы
3-1) Тай­па­лық есеп жүр­гі­зу, Ара тұқым­да­стығ­ы­ның мі­нез құлық­та­рын анық­тау
4
Ара­лар, ана­лық­тар,
Бал­ды алу және қай­та өң­деу үшін ара ұя­сы, жаб­дық­тар, ба­ла­у­ыз өнім­де­рін және бас­қа ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­деу
4-1) Жа­ңа ара тұқым­да­стығ­ын алу
5
Бал, ара ұя­ла­ры
Бал­ды алу және қай­та өң­деу үшін жаб­дық­тар, ба­ла­у­ыз өнім­де­рін және бас­қа ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­деу
5-1) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның өнім­де­рін шы­ға­ру
6
Ара ұя­ла­ры
Ара ұя­ла­ры­ның өн­ді­рім­ді­лік есеп жур­на­лы, бух­гал­тер­лік есеп
6-1) Биз­нес-жос­пар құ­ру
7
Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның өнім­де­рі
Бал­ды алу және қай­та өң­деу үшін жаб­дық­тар, ба­ла­у­ыз өнім­де­рін және бас­қа ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін қай­та өң­деу
7-1) Ара ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның өнім­де­рін сер­ти­фи­ка­ци­я­лау
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі техниктің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Тап­сыр­ма­да бел­гі­лен­ген нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік пен тү­сі­ну­ші­лік
Кә­сі­би про­бле­ма­лар­ды тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­дер­ді пай­да­ла­на оты­рып, әр түр­лі, оның ішін­де ше­шу­дің ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын өзді­гі­нен әзір­леу және ұсы­ну бі­лі­гі
Өн­ді­рі­сті тех­но­ло­ги­я­лық дай­ын­да­удың бі­рың­ғай жүй­е­сін, стан­дарт­тар­ды, тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жо­ба­лау, әзір­леу және ре­сім­деу жө­нін­де­гі өзге нор­ма­тив­тік және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды бі­лу
2-1)
Қыз­мет үде­рі­сін ұй­ым стра­те­ги­я­сы­ның, са­я­са­ты мен мақ­са­ты­ның шең­бе­рін­де ба­қы­лау қа­бі­лет­ті­лі­гі
Ше­шу­дің алу­ан тү­рін және олар­ды таң­да­уды бо­лжам­дай­тын прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу дағ­ды­ла­ры
Ара өсі­ру өн­ді­рі­сін­де­гі кә­сі­по­рын­дар шы­ға­ра­тын өнім­нің өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сын бі­лу
3-1)
Ко­ман­да­да­ғы жұ­мыстың оң ерекше­лік­те­рі
Ше­шу­дің алу­ан тү­рін және олар­ды таң­да­уды бо­лжам­дай­тын тех­но­ло­ги­я­лық неме­се әді­сте­ме­лік про­бле­ма­лар­ды ше­шу бі­лі­гі
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­ріс неме­се өн­ді­ріс ре­жи­мі әзір­ле­не­тін өнім­нің құ­ра­мын, па­тент­тік зерт­те­улер жүр­гі­зу­дің әді­сте­рі
4-1)
Алын­ған учас­ке­де­гі жұ­мыстар­ды өзге учас­ке­лер­дің қыз­ме­ті­мен ке­лі­су
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­ріс ком­по­нент­те­рін әзір­леу, ен­гі­зу, ба­қы­лау, ба­ға­лау және тү­зе­ту бі­лі­гі
Үл­гі­лік тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стер­ді және ара өсі­ру өн­ді­рі­сі­нің ре­жим­де­рі
5-1)
Кә­сі­би қыз­мет­те­гі шы­ғар­ма­шы­лық­қа, бас­қа­ру­да­ғы ба­ста­ма­ға, кә­сі­би бі­лім­ді да­мы­ту мен кә­сі­би қыз­ме­ті­нің нәти­же­сі үшін жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­да­у­ға қа­бі­лет­ті­гі
Ғы­лы­ми-зерт­теу және жа­ңа бі­лім­ді да­мы­ту және түр­лі са­ла­лар­да­ғы бі­лім­дер­ді бі­рік­ті­ру ша­ра­ла­ры жө­нін­де­гі ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті, өз ой­ын ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де дұ­рыс және ло­ги­ка­лық тұр­ғы­дан жет­кі­зу­ді, нақ­ты са­лад­а­ғы тео­ри­я­лық бі­лім­ді прак­ти­ка­да пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ру­дың дағ­ды­ла­ры
Стан­дарт­тар­ды, тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жо­ба­лау, әзір­леу және ре­сім­деу жө­нін­де­гі өзге нор­ма­тив­тік және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі техниктің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Тап­сыр­ма­да бел­гі­лен­ген нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік пен тү­сі­ну­ші­лік
Кә­сі­би про­бле­ма­лар­ды тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­дер­ді пай­да­ла­на оты­рып, әр түр­лі, оның ішін­де ше­шу­дің ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын өзді­гі­нен әзір­леу және ұсы­ну бі­лі­гі
Өн­ді­рі­сті тех­но­ло­ги­я­лық дай­ын­да­удың бі­рың­ғай жүй­е­сін, стан­дарт­тар­ды, тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жо­ба­лау, әзір­леу және ре­сім­деу жө­нін­де­гі өзге нор­ма­тив­тік және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды бі­лу
2-1)
Қыз­мет үде­рі­сін ұй­ым стра­те­ги­я­сы­ның, са­я­са­ты мен мақ­са­ты­ның шең­бе­рін­де ба­қы­лау қа­бі­лет­ті­лі­гі
Ше­шу­дің алу­ан тү­рін және олар­ды таң­да­уды бо­лжам­дай­тын прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу дағ­ды­ла­ры
Ара өсі­ру өн­ді­рі­сін­де­гі кә­сі­по­рын­дар шы­ға­ра­тын өнім­нің өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сын бі­лу
3-1)
Ко­ман­да­да­ғы жұ­мыстың оң ерекше­лік­те­рі
Ше­шу­дің алу­ан тү­рін және олар­ды таң­да­уды бо­лжам­дай­тын тех­но­ло­ги­я­лық неме­се әді­сте­ме­лік про­бле­ма­лар­ды ше­шу бі­лі­гі
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­ріс неме­се өн­ді­ріс ре­жи­мі әзір­ле­не­тін өнім­нің құ­ра­мын, па­тент­тік зерт­те­улер жүр­гі­зу­дің әді­сте­рі
4-1)
Алын­ған учас­ке­де­гі жұ­мыстар­ды өзге учас­ке­лер­дің қыз­ме­ті­мен ке­лі­су
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­ріс ком­по­нент­те­рін әзір­леу, ен­гі­зу, ба­қы­лау, ба­ға­лау және тү­зе­ту бі­лі­гі
Үл­гі­лік тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стер­ді және ара өсі­ру өн­ді­рі­сі­нің ре­жим­де­рі
5-1)
Кә­сі­би қыз­мет­те­гі шы­ғар­ма­шы­лық­қа, бас­қа­ру­да­ғы ба­ста­ма­ға, кә­сі­би бі­лім­ді да­мы­ту мен кә­сі­би қыз­ме­ті­нің нәти­же­сі үшін жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­да­у­ға қа­бі­лет­ті­гі
Ғы­лы­ми-зерт­теу және жа­ңа бі­лім­ді да­мы­ту және түр­лі са­ла­лар­да­ғы бі­лім­дер­ді бі­рік­ті­ру ша­ра­ла­ры жө­нін­де­гі ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті, өз ой­ын ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де дұ­рыс және ло­ги­ка­лық тұр­ғы­дан жет­кі­зу­ді, нақ­ты са­лад­а­ғы тео­ри­я­лық бі­лім­ді прак­ти­ка­да пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ру­дың дағ­ды­ла­ры
Стан­дарт­тар­ды, тех­ни­ка­лық шар­ттар­ды және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жо­ба­лау, әзір­леу және ре­сім­деу жө­нін­де­гі өзге нор­ма­тив­тік және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар
6-1)
Ұй­ым­ның стра­те­ги­я­сы, са­я­са­ты мен мақ­са­ты­ның шең­бе­рін­де ең­бек және оқу үде­рі­сін өзді­гі­нен бас­қа­ру және ба­қы­лау, про­бле­ма­лар­ды тал­қы­лау, қо­ры­тын­ды­лар­ға дәлел ұсы­ну және ақ­па­рат­ты са­у­ат­ты жа­сау қа­бі­лет­ті­лі­гі
Өз әре­ке­тін жұ­мыс жағ­дай­ы­ның шар­тта­ры­на сәй­кес тү­зе­ту бі­лі­гі
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стер­ді және ара өсі­ру өн­ді­рі­сі­нің жаб­дық­та­рын жо­ба­ла­уда ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­дың негіз­гі та­лап­та­ры
7-1)
Өз ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі және өзге­лер­дің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі үшін жа­у­ап­ты бо­ла­ды
Стан­дарт­ты мін­дет­тер­ді ше­шу­дің дағ­ды­ла­ры
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және ең­бек­ті қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры

4 Келісу парағы

Бал ара өсіру қызметіндегі
кәсіби стандартының
4-қосымшасы
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС тіркелді______________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу №_____________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________

Қолданыстағы