Об утверждении формы свидетельства о минимальном составе экипажа судна
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы свидетельства о минимальном составе экипажа судна
- Атауы (қаз.)
- Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 15.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2016 AI84603_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009883
- ЭКБ идентификаторы
- 84603
- Редакция идентификаторы
- AI84603_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:35
0 Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағының 54-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е.А. Досаев
11 қазан 2014 ж.
9 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН REPUBLIС OF KAZAKHSTAN (Қазақстан Республикасының Елтаңбасы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 27 бұйрығымен
бекітілді
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН REPUBLIС OF KAZAKHSTAN (Қазақстан Республикасының Елтаңбасы)
КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО О МИНИМАЛЬНОМ СОСТАВЕ ЭКИПАЖА СУДНА MINIMUM SAFE MANNING CERTIFICATE
Түзетулерімен 1974 жылғы Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның V/14 қағидасының ережелері негізінде берілді
Выдано на основании положений правил V/14 Международной конвенции по охране человеческой жизни на море 1974 г. с поправками
Issued under the provisions of regulation V/14 of the International convention for the safety of life at sea, 1974, as amended
Үкімет уәкілеттігі бойынша
По уполномочию Правительства
Under the authority of the Government of
___________________________________________________________________________________
(мемлекет атауы/название государства/name of the State)
кіммен/кем/by
___________________________________________________________________________________
(Әкімшілігі/администрация/аdministration)
Кеме туралы мәліметтер
Сведения о судне
Particulars of ship
1 1. Кеменің атауы/название судна/name of the ship
________________________________________________________________________________
2 2. Тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы/регистровый номер или позывной сигнал/distinctive number or letters ______________________________________
3 3. IМО нөмірі/номер IМО/IMO number ________________________________
4 4. Тіркеу порты/порт приписки/рort of registry ____________________________
5 5. Жалпы сыйымдылығы 1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенция бойынша/валовая вместимость по Международной конвенции по обмеру судов 1969 года/gross tonnage International Tonnage Convention, 1969 ___________________________________________
6 6. Негізгі қозғалтқыш құрылғысының қуаттылығы, кВт/мощность главной двигательной установки, кВт/main propulsion power, kW ______________________________________________
7 7. Кеменің үлгісі/тип судна/тype of ship _________________________________
8 8. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық үй-жай/машинное помещение с периодически безвахтенным обслуживанием/рeriodically unattended machinery space ИЯ (ДА,YES)/ ЖОҚ (НЕТ, NO)
9 9. Жүзу ауданы/район плавания/тrading area ______________________________
10 10. Пайдаланушы компания/эксплуатирующая компания/оperating сompany
___________________________________________________________________________________
Осы Куәлікте аталған кеме кету кезінде төменде келтірілген кестеде көрсетілгеннен кем емес персонал саны (және шені/лауазымы) бар болса, қауіпсіздік мақсатында толықтырылған болып саналады:
Названное в данном Свидетельстве судно считается укомплектованным в целях безопасности, если при отходе оно имеет количество персонала (и звания/должности) не менее указанного в нижеследующей таблице:
The ship named in this document is considered to be safely manned if, when it proceeds to sea, it carries not less than the number and grades/capacities of personnel specified in the table(s) below:
Лауазымы/шені
Должность/звание
Grade/capacity
Диплом (ПДМНВ конвенциясының ережесі)
Диплом (Правило Конвенции ПДМНВ)
Certificate (STCW regulation)
Тұлғалардың саны
Число лиц
Number of persons
Ерекше талаптар немесе шарттар, егер болса/особые требования или условия, если таковые имеются/special reguirements or conditions, if any
___________________________________________________________________________________
Теңіз портының капитаны берген/выдан капитаном морского порта/issued by sea harbour Master _________________________________________________________________________
Қолы/подпись/signature Мөрі/печать/seal
_______________________________
Берілген күні/дата выдачи/issued on _________________________________
Қолданылу мерзімі/срок действия/ еxpiry date _________________________________