Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов
- Атауы (қаз.)
- Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 13.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2022 85645_591466.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400010015
- ЭКБ идентификаторы
- 85645
- Редакция идентификаторы
- 85645_591466
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:59
0 Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрi
Ә. Исекешев ______________
2014 жылғы 24 қараша
0 Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары
1. Осы Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың әрекеті сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтар полигондарына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған жабдықтар;
2) қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры - полигон жабылғаннан кейін оны рекультивациялау және мониторингілеу үшін қалдықтарды орналастыру полигоны меншік иесінің жалпы қаражатының құрамында қалыптастырылатын қор;
3) меншік иесі – қалдықтарды орналастыру полигонының меншік иесі болып табылатын жеке және заңды тұлға.
4. Қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорын (бұдан әрі - жою қоры) полигон жабылғаннан кейін полигон аумағының жерін рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсерінің мониторингін жүргізу үшін қалдықтарды орналастыру полигонының (бұдан әрі - полигон) меншік иесі құрады.
5. Жою қорын құру қалдықтарды орналастыру полигонының жобасымен көзделуі тиіс.
6. Жою бойынша жұмыстар көлемін және оларды орындау үшін қажетті қаражаттың көлемін айқындау үшін полигон иесі полигонды жою жобасын әзірлейді.
7. Полигонды жою бойынша жобада аумақты рекультивациялау, 1-сыныптағы полигондар үшін отыз жыл ішінде, 2-сыныптағы полигондар үшін жиырма жыл ішінде қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды орындау қарастырылуы тиіс. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды жою қорынан түседі.
8. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасы, полигонды жою бойынша жоба Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
9. Полигонды жою бойынша жобаның негізінде меншік иесі жою бойынша жұмыстардың жоспарын және оны іске асыруға шығындар сметасын әзірлейді. Жалпы сметалық құны полигонды пайдаланған кезде бұзылған топырақтың алаңы мен сипаттамаларына, орналастырылатын қалдықтардың көлемдеріне, санына және сыныбына, полигонды жою процесінде пайдаланылатын материалдар мен техниканың құнына қарай полигонды жою жобасына сәйкес жоюға байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою бойынша жұмыстардың басталуы болжанатын күніне есептеледі.
10. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жою қорына қалдықтарды орналастыру полигонын пайдаланудың басынан бері меншік иесі тұрақты аударатын қаражат шоғырланады.
11. Қор полигонды пайдалану басталған күнінен бастап меншік иесі жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен құрылады. Жою қорына жыл сайынғы аударымдар мөлшері полигон жойылуы тиіс уақыт кезеңіндегі (жылдар саны) есеп айырысудағы полигонды жоюға арналған шығынның түзу бара-бар жалпы сметалық құнымен анықталады.