Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников

Бұйрық · № 533 · қабылданған 28.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85818/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников Күшін жойған Бұйрық ·№ 533 ·28.11.2014
15.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников

Күшін жойған Бұйрық ·№ 533 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников
Атауы (қаз.)
Қаржы мониторингі субъектiлерiн жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
533
Қабылданған күні
28.11.2014
Көрсетілген редакция
15.11.2020 85818_490873.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14E0010001
ЭКБ идентификаторы
85818
Редакция идентификаторы
85818_490873
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:46

0 Қаржы мониторингі субъектiлерiн жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы

"Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Әді­лет ми­ни­стрі
Б. Има­шев
2014 ж. 22 жел­тоқ­сан
"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі
Ә. Ис­е­ке­шев
2014 ж. 8 жел­тоқ­сан
"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет
және спорт ми­ни­стрі
А. Мұ­ха­ме­ди­ұ­лы
2014 ж. 10 жел­тоқ­сан
"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық Бан­кі­нің Тө­ра­ға­сы
Қ. Ке­лім­бе­тов
2014 ж. 19 жел­тоқ­сан
"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің м.а.
Т. Жақ­сы­лы­қов
2014 ж. 28 қа­ра­ша

1 Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы
№ 533 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – АҚ/ТҚҚ туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлауға және оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.

2

2. Даярлаудың және оқытудың мақсаты қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін оларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін қажетті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында білім алуы болып табылады.

3 3. Қаржы мониторингі субьектісінің басшысы АЖ/ТҚҚ мақсатында міндетті даярлаудан және оқытудан өтуге тиіс жұмыскерлердің тізбесін бекітеді.

2 2. Қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы

4 4. АЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы:

1 1) Қазақстан Республикасының АЖ/ТҚҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;

2

2) қаржы мониторингі субъектілерінің өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде Ішкі бақылау ережелері және оларды жүзеге асыру бағдарламаларын зерделеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын;

3 3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін, сондай-ақ күдікті операцияларды айқындау критерийлерін зерделеуді қамтуға тиіс.

5 5. Даярлау және оқыту:

1 1) кіріспе (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің АЖ/ТҚҚ халықаралық және ұлттық жүйесі, АЖ/ТҚҚ мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өзге де ішкі құжаттар туралы базалық білім алуы);

2

2) негізгі (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің олардың АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтауы үшін қажетті білім алуы, қаржы мониторингі субъектiлерiнің ішкі бақылау жүйесін, оларды жүзеге асыру бағдарламасын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде осы мақсаттарда қабылданған өзге де ішкі құжаттарды жетілдіру және тиімділігін қолдау);

3 3) білім деңгейін арттыру (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің АЖ/ТҚҚ саласындағы білімін жаңарту және жүйелеу, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының

(бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарын зерделеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрестің қазіргі ұлттық және халықаралық әдістерімен таныстыру) курстар түрінде жүзеге асырылады.

6 6. Қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлері кіріспе курсты жұмысқа қабылдау кезінде және олардың АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауымен байланысты жұмыскерлерді ұйым ішінде лауазымға ауыстыру (уақытша ауыстыру) кезінде өтеді.

Көмекші оқыту материалдары ретінде қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлеріне кіріспе курс өту түрінде барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесінің "Оқыту және дамыту" ішкі жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады.

7 7. Қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлерін негізгі курс түрінде оқыту бір рет, олар АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтауымен байланысты функцияларды жүзеге асырғанға дейін өтеді.

8

8. Оқып-үйренулердің қызмет ерекшеліктерін және АЖ/ТҚҚ және білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша осы талаптарды ескере отырып, кадрлар даярлау және оқытуды жүзеге асырушы білім ұйымдары әзірлеген АЖ/ТҚҚ саласында қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Білім деңгейін арттыру Талаптардың 8-тармағына сәйкес бағдарлама бойынша білім ұйымдары өткізетін семинарларға, тренингтерге және өзге де оқытып-үйрету іс-шараларына қаржы мониторингі жұмыскерлерінің қатысуы нысанында жүзеге асырылады.

3 3. Қаржы мониторингі субъектілері жұмыскерлерінің даярлаудан және оқытудан өтуін есепке алу және бақылау

10 10. Қаржы мониторингі субъектілері жұмыскерлерінің кіріспе, негізгі курстар және білім деңгейін арттыру бойынша оқытудан осындай оқытуды жүргізген білім ұйымы беретін құжатпен расталуы тиіс.

11

11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін даярлау және оқыту бойынша талаптарды орындау бөлігінде өз құзыретіне сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыру және орындау бойынша АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы қаржы мониторингі субъектілерінің орындауын бақылауды жүзеге асырады.

Қолданыстағы