Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и дилеров и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Бұйрық · № 171 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86974/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и дилеров и перечня документов, подтверждающих соответствие им Күшін жойған Бұйрық ·№ 171 ·26.12.2014
27.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и дилеров и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Күшін жойған Бұйрық ·№ 171 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и дилеров и перечня документов, подтверждающих соответствие им
Атауы (қаз.)
Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
171
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
27.09.2019 86974_421690.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010259
ЭКБ идентификаторы
86974
Редакция идентификаторы
86974_421690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
31 желтоқсан 2014 жыл

8 Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген
Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
та­у­ар бир­жа­ла­ры қыз­ме­тіне
1
«Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы За­ңы­ның 4-ба­бы 3-2-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның элек­трон­дық са­уда жүй­е­ле­ріне, жал­пы та­лап­тар­ға сай ке­ле­тін та­у­ар бир­жа­сы­ның элек­трон­дық са­уда жүй­е­сі
Ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны:
қа­был­дау-бе­ру және пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі ту­ра­лы;
негіз­гі құ­рал­дар­дың үзін­ді кө­шір­ме­сі­нің бо­луы ту­ра­лы;
тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма ту­ра­лы;
элек­трон­дық са­уда жүй­е­сі­нің си­патта­ма­сы ту­ра­лы (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2
Та­у­ар бир­жа­сын­да құ­пи­я­лы­лық (жа­сы­рын) ре­жи­мін, сон­дай-ақ ком­мер­ци­я­лық құ­пи­я­ны құ­рай­тын, оның ішін­де элек­трон­дық жет­кіз­гіш­тер­де­гі мә­лі­мет­тер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қа­жет­ті құ­рал­дар­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше ту­ра­лы ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық және құ­пия ақ­па­рат­қа рұқ­са­ты бар адам­дар­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3
«Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы За­ңы­ның 4-ба­бы 2-1-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін Бир­жа са­уда­сы­ның үл­гі қа­ғи­да­ла­ры негі­зін­де әзір­лен­ген бир­жа са­уда­сы қа­ғи­да­ла­ры
Бир­жа са­уда­сы қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
4
Бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын­да­ғы та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рін­де:
жо­ға­ры бі­лі­мі;
та­у­ар бир­жа­ла­ры са­ла­сын­да және/ (неме­се) қар­жы ұй­ым­да­рын­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі;
Бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын­да­ғы емес та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рін­де: жо­ға­ры неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі
Ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны:
Штат­тық кесте­ге сәй­кес бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің бі­лі­мі және жұ­мыс өті­лі ту­ра­лы;
бас­шы­ны та­ғай­ын­дау ту­ра­лы; штат­тық кесте­ге сәй­кес та­у­ар бир­жа­сы­ның бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын ат­қар­май­тын қыз­мет­кер­лер­дің бі­лі­мі ту­ра­лы (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
5
Са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі және кли­ент­тер­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер
Са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі және кли­ент­тер­мен жұ­мыс жүр­гі­зу жө­нін­де­гі құ­ры­лым­дық бө­лім­ше ту­ра­лы ере­же­ні бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
6
Кли­ринг­тік ор­та­лық не кли­ринг­тік ор­та­лық қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну ту­ра­лы шарт
Кли­ринг­тік ор­та­лық­ты құ­ру ту­ра­лы бұй­рық не кли­ринг­тік ор­та­лық қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну ту­ра­лы шарт ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
7
Ке­мін­де же­ті бир­жа­лық бро­кер­мен және/(неме­се) бир­жа­лық ди­лер­мен ын­ты­мақ­та­стық неме­се қыз­мет­тер көр­се­ту ту­ра­лы ни­ет шар­тта­ры
Ын­ты­мақ­та­стық неме­се қыз­мет­тер көр­се­ту ту­ра­лы ни­ет шар­тта­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
8
Та­у­ар бир­жа­сы ту­ра­лы және оның са­уда-сат­тық­тар­ды өт­кі­зу тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ бир­жа­лық са­уда-сат­тық нәти­же­ле­рін ор­на­ла­сты­ру үшін ар­найы бө­лім­ді қам­ти­тын мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де­гі өз ин­тер­нет-ре­сур­сы
Ин­тер­нет-ре­сур­сты пай­да­ла­ну­ға бе­ру ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
9
Мы­на: та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­ле­рі­нің ба­стап­қы және жыл сай­ын­ғы жар­на­ла­ры, бир­жа мүл­кін пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ді тір­кеу және ре­сім­деу, заң­на­ма­да тый­ым са­лын­ба­ған бас­қа тү­сім­дер тө­лем­де­рі­нің бе­кі­ті­л­ген мөл­шер­ле­рі
Та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­ле­рі­нің ба­стап­қы және жыл сай­ын­ғы жар­на­ла­ры, бир­жа мүл­кін пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ді тір­кеу және ре­сім­деу, заң­на­ма­да тый­ым са­лын­ба­ған бас­қа тү­сім­дер тө­лем­де­рі­нің мөл­ше­рін бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (1-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
бир­жа­лық бро­кер­лер (бұ­дан әрі - бро­кер­лер) және (неме­се) бир­жа­лық ди­лер­лер (бұ­дан әрі - ди­лер­лер) қыз­ме­тіне
10
Ұй­ым­ның бі­рін­ші бас­шы­сын­да:
жо­ға­ры бі­лі­мі;
бир­жа қыз­ме­ті са­ла­сын­да және/(неме­се) қар­жы ұй­ым­да­рын­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі;
Ұй­ым қыз­мет­кер­ле­рін­де (бир­жа са­уда­сы­мен ай­на­лы­са­тын):
жо­ға­ры неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі
Ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны:
штат­тық кесте­ге сәй­кес бі­рін­ші бас­шы­ның бі­лі­мі және жұ­мыс өті­лі ту­ра­лы;
штат­тық кесте­ге сәй­кес, қыз­мет­кер­лер­дің бі­лі­мі ту­ра­лы (2-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
11
Бро­кер­лік және (неме­се) ди­лер­лік қыз­мет­тер көр­се­ту ту­ра­лы шар­ттар­дың бе­кі­ті­л­ген ны­сан­да­ры
Бро­кер­лік және (неме­се) ди­лер­лік қыз­мет­тер көр­се­ту ту­ра­лы шар­ттар ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (2-қо­сым­ша­ға сәй­кес)
12
Кли­ент­тер­ге бро­кер­лік және (неме­се) ди­лер­лік қыз­мет­тер көр­се­ту­дің бе­кі­ті­л­ген ре­гла­мен­ті
Кли­ент­тер­ге бро­кер­лік және (неме­се) ди­лер­лік қыз­мет көр­се­ту­дің ре­гла­мен­тін бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (2-қо­сым­ша­ға сәй­кес)

1 Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Тауар биржаларының, биржалық
брокерлер мен биржалық дилерлердің
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша
Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

1 1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның шешімімен белгіленген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын жалпы талаптарға сай келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі:

қабылдау-беру актісінің нөмірі мен күні _____________________;
пайдалануға енгізу туралы актінің нөмірі мен күні ___________.
Мына құжаттардың болуы:
Негізгі құралдардан үзінді көшірмелер _________;
Техникалық тапсырма __________;
Электрондық сауда жүйесінің сипаттамасы _______.

2 2. Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімше:

құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғаларға рұқсат беру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ________________.

3 3. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілген биржа саудасының үлгі қағидасы негізінде әзірленген биржа саудасының қағидасы:

биржа саудасы қағидасының бекітілген күні _____________.

4 4. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымындағы қызметкерлері:

Т.А.Ә. _________________________________;
Жоғары білімі:
диплом нөмірі __________________________;
дипломның берілген күні ________________;
дипломның берілген орны ________________;
диплом берген оқу орнының атауы ________;
басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және басшыны тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) нөмірі мен күні ______;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ____________________;
Жұмыс орны _________;
Кезеңі _____________;
Жоғарыда аталған ұйым лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі (қаржылық қызмет/тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша);
Лауазымдары __________________.

5 5. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымын атқармайтын қызметкерлері:

Т.А.Ә. _____________________;
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:
диплом нөмірі ______________;
дипломның берілген күні _____________;
дипломның берілген орны _____________;
диплом берген оқу орнының атауы __________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы ______.

6 6. Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер:

құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________;
құрылымдық бөлімшені құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні.

7 7. Клирингтік орталық не клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарт:

клирингтік орталықты құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні немесе клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарттың нөмірі мен күні ______________;
клирингтік компанияның атауы _________________.

8 8. Кемінде жеті биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары:

ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның атауы;
ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартының нөмірі мен күні _______________________.

9 9. Тауар биржасы туралы және олардың сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыруға арналған арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жеке интернет-ресурсы:

пайдалануға берілген интернет-ресурстың мекенжайы _____________.

10 10. Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшері:

төлемдер мөлшерін бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні_____.

2 Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Тауар биржаларының, биржалық
брокерлер мен биржалық дилерлердің
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша
Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

1 1. Штаттық кестеге сәйкес, ұйымның бірінші басшысының:

Т.А.Ә. _______________;
Жоғары білімі:
диплом нөмірі __________________;
дипломның берілген күні _________________;
дипломның берілген орны _________________;
диплом берген оқу орнының атауы __________;
басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____;
директорды тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің нөмірі мен күні ______;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ______________;
Жұмыс орны _________________.
Жоғарыда аталған ұйым лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі (қаржылық қызмет/тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _______.
Кезеңі ________________________.
Атқаратын лауазымдары ______________.

2 2. Штаттық кестеге сәйкес (биржалық саудамен айналысатын) ұйым қызметкерлерінің:

Т.А.Ә._______________________________;
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:
диплом нөмірі ___________________________;
дипломның берілген күні _________________;
дипломның берілген орны _________________;
диплом берген оқу орнының атауы _________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы _________.

3 3. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандары:

шарттың/шарттардың нысандарын бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ________________.

4 4. Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті:

регламентті/регламенттерді бекіту туралы бұйрықтың нөмірі _______.

Қолданыстағы