Құжат мәтініне өту

Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов в области туризма

Бұйрық · № 78 · қабылданған 30.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88065/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов в области туризма Қолданыста Бұйрық ·№ 78 ·30.01.2015
30.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов в области туризма

Қолданыста Бұйрық ·№ 78 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации специалистов в области туризма
Атауы (қаз.)
Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
30.01.2015
Көрсетілген редакция
30.01.2015 88065_58028.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010500
ЭКБ идентификаторы
88065
Редакция идентификаторы
88065_58028
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:50

0 Туризм саласындағы мамандарды

кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға
және олардың біліктілігін арттыруға
қойылатын жалпы талаптарды
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса ұсынылған туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________________ А.Сәрінжіпов
2015 жылғы «20» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы «12» ақпан

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардығы
№ 78 бұйрығымен бекітілген
Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар
Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар мыналардың:

1 1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі норманың;

2 2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс оқу жоспарларының және бағдарламаларының;

3 3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің;

4

4) оқыту шартының (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымдарда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарттың (жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) болуын қамтиды.

Қолданыстағы