Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Городской пассажирский автомобильный транспорт"

Бұйрық · № 313 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88326/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Городской пассажирский автомобильный транспорт" Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 ·26.12.2014
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Городской пассажирский автомобильный транспорт"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Городской пассажирский автомобильный транспорт"
Атауы (қаз.)
"Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
313
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI88326_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010386
ЭКБ идентификаторы
88326
Редакция идентификаторы
AI88326_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:17

0 "Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығымен
бекітілген
«Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:

1 1) бағыт – автокөлік құралының алдын-ала жоспарланған жүру жолы;

2 2) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

3 3) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

4 4) біліктілік деңгейі – біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;

5 5) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

6 6) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

7 7) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

8 8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

9 9) жолаушы – көлiк құралының ішіндегі және оны басқармайтын, тұлға және оны басқармайтын адам;

10 10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

12 12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;

13 13) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

14 14) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.

3 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;

2 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;

3 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;

4 4) КС – кәсіби стандарт;

5 5) БА - біліктілік анықтамалығы.

2 2. Кәсіби стандарттың паспорты

4 4. Кәсіби стандарт атауы: Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі.

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.

6 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: бекітілген бағытқа сәйкес қалалық автомобиль көлігінде жолаушыларды тасымалдау бойынша сапалы қызметті көрсету.

7 7. Негізгі топ: көлік.

Кәсіби топ: жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну.

4 4. Кәсіптер карточкалары

8 Кәсіптер карточкалары

8. Кәсіп тізбесі:
жолаушылар көлігінің кондукторы, СБШ бойынша 2 біліктілік деңгейі;
қозғалыс қызметінің диспетчері, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Қалалық жолаушылар автомобиль
көлігі» кәсіби стандартына
қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі­нің кон­дук­то­ры» КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
-
Кә­сіп ата­уы
Жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі­нің кон­дук­то­ры
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі СБШ
2
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
2
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Жал­пы ор­та бі­лім­нің бар бо­луы, бі­рақ негіз­гі ор­та бі­лім­нен тө­мен емес, және/неме­се кә­чі­би дай­ын­дық (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ба­за­сда­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқу­дан өту)
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жол ба­ғы­тын­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту.
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жол ба­ғы­тын­да­ғы жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Кө­лік құ­ра­лы­ның са­ло­ны­на қа­рау жүр­гі­зу, оның са­ни­тар­лық жағ­дай­ын, са­лон­ның дұ­рыс жа­рық­та­луы­на ба­қы­лау жүр­гі­зе бі­лу.
2. Жо­ла­у­шы­лар­дың ав­то­бу­стар­мен, марш­рут­тық так­со­мо­тор­лар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­сын сақ­та­уды ба­қы­лау.
3. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы са­ло­нын ти­іс­ті са­ни­тар­лық жағ­дай­да ұстау бі­лу.
4. Жол жү­ру мен жүк­ті та­сы­мал­дау үшін би­ле­тер­ді са­ту­дың ағым­да­ғы есеп­ті­лі­гін жүр­гі­зе бі­лу.
5. Қа­жет болған жағ­дай­лар­да жо­ла­у­шы­лар­ға ав­то­бус са­ло­ны­нан, марш­рут­тық так­со­мот­ра­дан, оның ішін­де қо­сал­қы есік­тер­ден шы­ғу ке­зін­де кө­мек көр­се­ту.
6. Са­ты­л­ған би­лет­тер­дің ай сай­ын­ғы есеп­ті­лі­гін жүр­гі­зу дағдысы.
7. Са­ты­л­ған би­лет­тер қа­ра­жа­ты­ның есеп­ті­лі­гін және олар­ды бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те тап­сы­ру­ды жү­зе­ге асы­ру дағдысы.
8. Жол жү­ру­дің элек­трон­ды тө­лем жүй­е­сі­нің жабды­ғы­мен жұ­мыс іс­теу дағдысы.
9. Же­дел жағ­дай­лар ту­ра­лы жүр­гі­зу­ші­ге шұ­ғыл ха­бар­лау және оның өкім­де­рін орын­дай бі­лу.
10. Ав­то­кө­лік құ­ра­лын­да қай­ғы­лы оқи­ға­лар ке­зін­де за­қым­да­ну­шы адам­ның өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на төн­ген за­қым­дар мен қа­уіп­ті анық­тай бі­луі.
11. Би­лет­тер­дің ай сай­ын­ғы есеп­ті­лі­гін жүр­гіз­ке бі­лу: би­лет­тік-есеп­тік па­рақ­ты жүр­гі­зу, ауы­сым­нан кей­ін кас­сир­мен бір­ге есеп ай­ы­ры­су­ды жүр­гі­зу, ке­ле­сі ауы­сым­ға қа­жет­ті би­лет өні­мі­нің қо­рын алу.
12. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның са­ло­нын­да­ғы ақа­у­лар­ды анық­тап, олар­ды та­сы­мал­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер­ге ха­бар­лай бі­луі.
Бі­лі­мі:
1. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ко­дек­сі» 2001 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген кө­лік­те­гі әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар және олар­дың түр­ле­рі.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-8) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­мо­биль кө­лі­гі ар­қы­лы жо­ла­у­шы­лар мен жүк­ті та­сы­мал­дау қа­ғи­да­ла­ры.
3. Би­лет­тік-есеп­тік құ­жат­тар­дың құ­ра­мы, би­лет­тік-кас­са­лық құ­жат­тар­ды рә­сім­де­удің қа­ғи­да­сы, би­лет өнім­де­рін, ақ­ша қа­ра­жа­тын және би­лет өнім­де­рі­нің қал­дық­та­рын алу, сақ­тау және жү­зе­ге асы­ру тәр­ті­бі.
4. Ауы­сым­ды қа­был­дау мен тап­сы­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы іш­кі нор­ма­тив­тік құ­жат­тар.
5. Пай­да­ла­ну фи­ли­а­лы­ның марш­рут­тық же­лі­сі (пар­кі).
6. Ав­то­парк қыз­мет көр­се­те­тін оның ішін­де ауы­сып оты­ру мүм­кін­ді­гі бар пунк­тер­дің, аял­да­ма­лар­дың, марш­рут­тік жол­дар­дың ата­у­ла­ры.
7. Жан­жал­та­ну негіз­де­рі.
8. Кон­дук­тор­лар­ға ар­нал­ған ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік са­ни­та­ри­я­ның қа­ғи­да­сы және және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің қа­ғи­да­сы бой­ын­ша нұс­қа­улық.
9. Жол­да­ғы ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­дың көр­сет­кіш­те­рі мен түр­ле­рі.
10. Адам­дар­ды са­лон­нан адам­дар­ды эва­ку­а­ци­я­лау тәр­ті­бі.
11. Өрт ке­зін­де­гі даб­ыл сиг­на­лы, өрт ке­зін­де­гі іс-әре­кет­ті тәр­ті­бі, өрт сөн­дір­гіш құ­рал­да­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі.
12. Ав­то­кө­лік кә­сі­по­рын­да­ғы қоз­ғал­ма­лы құ­ра­мы­ның мар­ка­ла­ры, олар­дың сый­ым­ды­лы­ғы.
13. Қа­ла­лық жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гін­де­гі ең­бек­ті қор­ғау, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия нор­ма­ла­ры.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Жақ­сы зей­ін.
Іл­ти­паттық
Же­ке жи­на­қы­лық.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
5112
Би­лет кон­тро­ле­рі.
Жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі­нің кон­тро­ле­рі
«Қоз­ға­лыс қыз­ме­ті­нің дис­пет­че­рі» КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
3144
Кә­сіп ата­уы
Қоз­ға­лыс қыз­ме­ті­нің дис­пет­че­рі
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім.
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Бе­кі­ті­л­ген ба­ғыт­тар­ға сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тұ­рақ­ты және үз­дік­сіз қоз­ға­лы­ста­ры­на бас­шы­лық ету;
2) Қа­зір­гі за­ман­ғы на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер кө­ме­гі­мен ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры қоз­ға­лы­сы­ның мо­ни­то­рин­гі мен тал­да­уы.
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Бе­кі­ті­л­ген ба­ғыт­тар­ға сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тұ­рақ­ты және үз­дік­сіз қоз­ға­лы­ста­ры­на бас­шы­қыл ету
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Нақ­ты ба­ғыт бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат құ­жат­тар­да бар бо­луын ба­қы­лау.
2. Жол па­рақ­та­рын­да­ғы ти­іс­ті тех­ни­ко-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­тер­ді есеп­тей бі­лу.
3. Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­лар­ға сәй­кес жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын шы­ғын­да­луын ба­қы­лау.
4. Жүр­гі­зу­ші­лер ар­қы­лы ең­бек және де­ма­лыс тәр­ті­бі­нің сақ­та­луын ба­қы­лау.
5. Жол­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­калқ кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша қо­сал­қы қыз­мет­тің жұ­мысын ко­ор­ди­на­ци­я­лау.
6. Өн­ді­рі­стік нұс­қа­улық­тар мен жүр­гі­зу­ші­лер­дің бі­лім­де­рін тек­се­ру­ді өт­кі­зе бі­луі
7. Же­дел жағ­дай­лар­да, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ри­тім­дік және үз­дік­сіз қоз­ға­лы­сы бұ­зы­л­ған жағ­дай­да шұ­ғыл ша­ра­лар­ды қа­был­дау бі­лу.
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жол­дан дер ке­зін­де қай­туын қа­да­ға­лау, ав­то­кө­лік құ­ра­лы дер ке­зін­де орал­ма­ған жағ­дай­да оның тұр­ған же­рін анық­тау және оның ора­луы үшін ша­ра­лар­ды қол­да­на бі­лу.
9. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ды жақ­сар­ту­ға ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу және жо­лу­а­шы­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­рін қа­на­ғат­тан­ды­ру.
10. Жал­пы ав­то­кө­лік кә­сі­пор­ны­ның жұ­мысы мен оның дис­пет­чер­лік қыз­ме­ті ту­ра­лы есеп­ті­лік құ­жат­та­рын құ­ра­с­ты­ру.
Бі­лі­мі:
1. ««Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-6) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүр­гi­зу­шiлер­дiң ең­бе­гi мен ты­ны­ғуын ұй­ым­да­сты­ру, сон­дай-ақ та­хо­граф­тар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­сы.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-8) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­мо­биль кө­лі­гі ар­қы­лы жо­ла­у­шы­лар мен жүк­ті та­сы­мал­дау қа­ғи­да­сы.
3. Жол құ­жат­та­рын рә­сім­деу, бе­ру, қа­был­дау және өң­деу тәр­ті­бі.
4. Ең­бек­ті қор­ғау, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі нор­ма­ла­ры.
5. Кә­сі­по­рын­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ұй­ым­да­сты­ру мен ко­ор­ди­на­ци­я­лау жүй­е­сі.
6. Құ­жат­та­ну негіз­де­рі.
7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ең­бек пен өн­ді­рі­сті ұй­ым­да­сы­ру­дың, өн­ді­рі­стік-күн­тіз­бе­лік жос­пар­ла­удың, ең­бек заң­на­ма­сы­ның негіз­де­рі.
8. Дис­пет­чер­лік қыз­мет­ке қа­ты­сты жол па­рақ­та­ры мен бас­қа да құ­жат­тар­ды рә­сім­деу бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар, ре­гла­мент­тер.
9. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да­ғы са­ни­тар­лық қа­ғи­да­лар.
2 ең­бек функ­ци­я­сы
Қа­зір­гі за­ман­ғы на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер кө­ме­гі­мен ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры қоз­ға­лы­сы­ның мо­ни­то­рин­гі мен тал­да­уы
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Мо­биль­ді бай­ла­ныс әді­сі мен GPS ар­қы­лы дуб­ляж­дан­ған сыз­ба бой­ын­ша бар­лық ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лы­сын ба­қы­лай бі­лу.
2. Спут­ник­ті на­ви­га­ция және мо­биль­ді бай­ла­ныс бло­гы­мен жаб­дық­тал­ған ба­қы­ла­у­шы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­нан ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған дис­пет­чер­лік жүй­е­ге ке­ліп тү­се­тін на­ви­га­ци­я­лық де­ректер­дің тал­да­уы.
3. Та­сы­мал­дау про­це­сін же­дел бас­қа­ру (ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ба­ғы­тын ба­қы­лау, қа­жет болған жағ­дай­да та­сы­мал­дау про­це­сі ке­зін­де ба­ғыт­ты өзгер­ту, ав­то­кө­лік құ­ра­лын мақ­сат­сыз түр­де қол­да­ну анық­тал­ған жағ­дай­да неме­се неме­се ав­то­кө­лік ба­ғыт­тан шық­қан жағ­дай­да да­уыс ұл­ғайт­қыш ар­қы­лы жүр­гі­зу­ші­ні ша­қы­ру, зум­мер, тәр­тіп бұ­зу­шы­лық жур­на­лын жүр­гі­зу, өз әре­кет­те­рін хат­та­ма­лау).
4. Ба­ғыт­тар бой­ын­ша ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның қоз­ға­лы­сы­ның ба­ста­луы мен аяқ­та­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тал­дау, қоз­ға­лыс, жыл­дам­дық тәр­ті­бі, қоз­ға­лыс ин­тер­ва­лы сыз­ба­сын сақ­тау, бе­кі­ті­л­ген жос­пар­лар­дан ауыт­қу­ды анық­тау және оладың ал­дын-алу мен жою бой­ын­ша іс-ша­а­лар­ды қол­да­ну.
5. Ав­то­кө­лік құ­ра­лын дис­пет­чер­лік ба­қы­лау жүй­е­сін­де­гі ав­то­мат­ты ви­део сәй­кестен­дір­гіш пен спут­ник­ті на­ви­га­ция жүй­е­сін қол­да­ну есе­бі­нен, ав­то­мо­биль жол­да­рын­да­ғы ава­ри­я­лар­ды азай­ту­ға ба­ғыт­тал­ған амал­дар­ды ұсы­ну, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры жүр­гі­зу­ші­лрі­нің ең­беу және де­ма­лыс уа­қы­тын сақ­та­уды есеп­ке алу мен ба­қы­лау про­це­сте­рін же­тіл­ді­ру.
6. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның нақ­ты ба­ғыт­қа шы­ғуы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тал­дау, рей­стен кей­ін­гі жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау про­це­сін ба­қы­лау (қоз­ға­лыс тал­дау) дағдысы
Бі­лі­мі:
1. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-6) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүр­гi­зу­шiлер­дiң ең­бе­гi мен ты­ны­ғуын ұй­ым­да­сты­ру, сон­дай-ақ та­хо­граф­тар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­сы.
3. Бас­қа­ру­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған бас­қа­ру негіз­де­рі.
4. Бай­ла­ны­стың ра­дио­тех­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын, өң­де­удің тех­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын қол­да­ну негіз­де­рі және ақ­па­рат­ты бе­ру.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Жұ­мысты дұ­рыс жос­пар­лау.
Ко­ман­да­лық жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру.
Тех­ни­ка­лық са­у­ат­ты­лық.
Са­быр­лық.
Ой­ла­ну­ға аз уа­қыт бе­рі­л­ген жағ­дай­да же­тік ше­шім­дер­ді қа­был­дай бі­лу.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
3152
4132
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­нің ре­ви­зо­ры;
Дис­пет­чер­лік қыз­мет опе­ра­то­ры;
Қоз­ға­лыс қыз­ме­ті­нің опе­ра­то­ры.
«Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер» КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
2149
Кә­сіп ата­уы
Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
5
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ғар­ғы оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лім
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­удың ағым­да­ғы және ке­ле­шек­те­гі жос­пар­ла­рын әзір­леу және жү­зе­ге асы­ру­ға бас­шы­лық ету
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­удың ағым­да­ғы және ке­ле­шек­те­гі жос­пар­ла­рын әзір­леу және жү­зе­ге асы­ру­ға бас­шы­лық ету
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Қыз­мет көр­се­те­тін ай­мақ­ты, жо­ла­у­шы­лыр тас­қы­ны­ның кө­ле­мі мен ба­ғыт­та­рын зерт­теу, бі­лу.
2. Ав­то­бус ба­ғы­тын­да­ғы бар­лық шар­ттар­дың орын­да­луын ба­қы­лау.
3. Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­удың өзін­дік құ­ны­ның тө­мен­деу мүм­кін­ді­гін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның то­лық кі­рі­стер жиы­ның және қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы­ның қа­лып­та­нуын тал­дау, құ­жат­тар­ды пай­да­ла­ну­ды ен­гі­зу
4. Та­сы­мал­дың ауы­сым­дық-тәу­лік­тіктік жос­па­рын ұй­ым­да­сты­ру, ба­ғыт кесте­сін әзір­леу дағдысы.
5. Жа­ңа ба­ғыт­тар­ды ашу­ға және қол­да­ны­с­та­ғы ба­ғыт­тар­ды өзгер­ту­ге ар­нал­ған ти­іс­ті құ­жат­тар­ды әзір­леу.
6. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на ар­нал­ған са­ра­лан­ған ба­ғыт­тық жа­нар­май шы­ғын­да­ры­ның нор­ма­сы­ның әзір­леу.
7. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы жол­дың кү­ті­лі­уін ба­қы­лау және олар­ды қа­лып­қа кел­ті­ру бой­ын­ша ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ар­қы­лы ша­ра­лар қа­был­дау.
8. Аял­да­ма бе­кет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру­ға қа­ты­су және олар­ды дұ­рыс жаб­дық­тау бой­ын­ша ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету.
9. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­да­ғы тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік қа­ғи­да­лар­дың сақ­та­луын ба­қы­лау.
10. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді өт­кі­зу және жөн­деу жұ­мыста­ры про­це­сін­де жа­нар­май­дың, жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның, қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің шы­ғын­да­рын ба­қы­лау
11. Кә­сі­по­рын пер­со­на­лы­ның ең­бек және де­ма­лыс тәр­ті­бін әзір­леу, жұ­мыс уа­қы­тын есеп­ке алу бой­ын­ша құ­жат­тар­ды жүр­гі­зу­ді ба­қы­лау.
Бі­лі­мі:
1. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-6) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүр­гi­зу­шiлер­дiң ең­бе­гi мен ты­ны­ғуын ұй­ым­да­сты­ру, сон­дай-ақ та­хо­граф­тар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­сы.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-8) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­мо­биль кө­лі­гі ар­қы­лы жо­ла­у­шы­лар мен жүк­ті та­сы­мал­дау қа­ғи­да­ла­ры, сон­дай-ақ та­сы­мал­ды жү­зе­ге асы­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы бас­қа да ере­же­лер мен нұс­қа­улық­тар.
3. Кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға жі­бе­ру және қа­уіп­сіз жол қоз­ға­лы­сын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар мен жол қоз­ға­лы­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың негіз­гі ере­же­ле­рі және ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ы­ның сұ­рақ­та­ры бой­ын­ша бас­шы­лық ма­те­ри­ал­дар, ең­бек­ті қор­ғаудың, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі­нің, өн­ді­рі­стік са­ни­та­ри­я­ның және өрт қа­уіп­сі­зі­ді­гін қор­ғаудың нор­ма­ла­ры.
4. Ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын жос­пар­ла­удың ма­те­ма­ти­ка­лық әді­сте­рі­нің негіз­де­рі.
5. Қа­ла­лық жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гін­де­гі та­риф­тер­ді қа­лып­та­сты­ру мен қол­да­ну­дың негіз­де­рі.
6. Ав­то­мо­биль кө­лі­гін­де эко­но­ми­ка және және бас­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру.
7. Ло­ги­сти­ка негіз­де­рі.
8. Қа­зір­гі за­ман­ғы есеп­те­уіш құ­рал­да­рын қол­да­ну ар­қы­лы оты­рып, тех­ни­ка-эко­но­ми­ка­лық есеп­тер­ді жүр­гі­зу әдіс.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Қиын жағ­дай­лар­да ше­шім қа­был­дай алу.
Тех­ни­ка­лық ой­лау қа­бі­ле­ті­нің жо­ғар­ғы дең­гейі.
Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық дағ­ды­ла­ры
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
Кә­сі­би стан­дарт­тың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
Әзер­лен­ген:
Фак­тор» жүй­е­лік зерт­те­улер ком­па­ни­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Нұс­қа но­ме­рі мен шық­қан жы­лы:
1 нұс­қа, 2014 жыл
Бо­лжам­ды қай­та қа­рау мер­зі­мі:
2017 жыл

Қолданыстағы