Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Организация технической эксплуатации автотранспортных средств"

Бұйрық · № 311 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88347/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Организация технической эксплуатации автотранспортных средств" Күшін жойған Бұйрық ·№ 311 ·26.12.2014
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Организация технической эксплуатации автотранспортных средств"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 311 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Организация технической эксплуатации автотранспортных средств"
Атауы (қаз.)
"Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
311
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI88347_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010378
ЭКБ идентификаторы
88347
Редакция идентификаторы
AI88347_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 311 бұйрығымен бекітілген
«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:

1 1) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;

2

2) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;

3 3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

4 4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

5 5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатынн талаптар жиынтығы;

6 6) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

7 7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

8 8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

9 9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

10 10) жанар-жағармай материалдары – автокөлік құралын пайдалану кезінде қолданылатын отынның, майлардың, жағармайдың және барлық маркалы арнайы сұйықтықтардың (тежегіштік және салқындатқыш) жалпы атауы;

11 11) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;

12 12) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

13 13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

14 14) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

15 15) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.

3 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;

2 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;

3 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;

4 4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;

5 5) ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары;

6 6) БА - біліктілік анықтамалығы.

2 2. Кәсіби стандарттың паспорты

4 4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру.

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.

6 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: автокөлік құралдарын техникалық пайдалану процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу.

7 7. Негізгі топ: көлік.

Кәсіби топ: автокөлікті техникалық пайдалану.

3 3. Кәсіптер карточкалары

8 Кәсіптер карточкалары

8. Кәсіптер тізбесі:
гараж/автомобильді колонна механигі, БСШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
пайдалануды ұйымдастыру және жөндеуді жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автокөлік құралдарын техникалық
пайдалануды ұйымдастыру»
кәсіби стандартына қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Га­раж/ав­то­мо­биль­ді ко­лон­на ме­ха­ни­гі»
КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
3115
Кә­сіп ата­уы
Га­раж/ав­то­ко­лон­на ме­ха­ни­гі
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
3
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Ав­то­кө­лік құ­ра­ла­да­ры­ның пай­да­ла­ну­ға дай­ынды­ғын тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету.
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ну­ға дай­ынды­ғын тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету
1. Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
2. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улы­ғын, бұ­зы­лу се­беп­те­рін анық­тай бі­лу.
3. Ав­то­кө­лік құ­рал­дар­ды тек­се­ру ке­зін­де қа­жет­ті жөн­деу тү­рін бел­гі­леу бі­лу.
4. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на дер ке­зін­де тех­ни­ка­лық кө­мек көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру.
5. Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на сы­нау өт­кі­зу, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, жөн­де­у­ге және тех­ни­ка­лық бай­қа­уды ұй­ым­да­сты­ру.
6. Ақа­у­ла­ры жоқ ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры мен мү­лік­тің га­раж­да/ав­то­кол­ло­на­да дұ­рыс сақ­та­луын, сон­дай-ақ, жөн­деу жұ­мыста­рын қа­жет ете­тін және ұзақ мер­зім­ді сақ­та­уда тұр­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның дұ­рыс сақ­та­луын ба­қы­лау.
7. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі ко­эф­фи­ци­ент­тін жақ­сар­ту бой­ын­ша үшін олар­дың же­лі­ден ер­те қай­ту се­беп­те­рін жою ар­қы­лы іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу.
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты ұзақ тұ­рып қа­лу се­беп­те­рін тал­дау.
9. Жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зу­ді ба­қы­лау.
10. Га­раж­дың/ко­лон­на­ның тех­ни­ка­лық мүл­кі бой­ын­ша есеп пен есеп­ті­лік­ті жүр­гі­зу.
Бі­лім­де­рі:
1. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-6) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүр­гi­зу­шiлер­дiң ең­бе­гi мен ты­ны­ғуын ұй­ым­да­сты­ру, сон­дай-ақ та­хо­граф­тар­ды қол­да­ну қа­ғи­да­сы.
3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­сы­ның негіз­де­рі, өн­ді­рі­стік қа­ғи­да­лар, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғау нор­ма­ла­ры­ның, өн­ді­рі­стік са­ни­та­ри­я­ның қа­ғи­да­ла­ры.
4. Кә­сі­по­рын­ның жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы­ның құ­ры­л­ғы­сы, мақ­са­ты, кон­струк­ци­я­лық ерекше­лі­гі, тех­ни­ка­лық-пай­да­ла­ну де­ректе­рі.
5. Ава­ри­я­лық си­патта­ғы за­қым­да­луы бар ав­то­кө­лік құ­жа­та­т­рын жөн­де­у­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды рә­сім­деу тәр­ті­бі ав­то­мо­биль­дің уыт­ты­лы­ғын тек­се­ру әді­сте­рі.
6. Ав­то­кө­лік құ­рал­дар­дың жөн­деу және тех­ни­ка­лық пай­ла­да­ну­ға қа­ты­сты әді­сте­ме­лік, нор­ма­тив­тік және бас­қа да бас­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар.
7. Жос­пар­лы-ал­дын алу жөн­деу жұ­мыста­ры­ның бі­рің­ғай жүй­е­сі.
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын ди­а­гно­сти­ка­лау мен ба­қы­ла­удың әді­сте­рі.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Ко­ман­да­лық жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру.
Та­бан­ды­лық.
Жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі.
Жі­гер­лі­лік.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
3115
Кө­лік­ті жөн­деу жө­нін­де­гі ме­ха­ник;
Ба­қы­лап-өт­кі­зу бе­ке­ті­нің ин­же­нер-ме­ха­ни­гі.
«Пай­да­ла­ну мен жөн­де­уді ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер»
КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
2144
Кә­сіп ата­уы
Пай­да­ла­ну мен жөн­де­уді ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
5
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ғар­ғы оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лім
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну мен жөн­деу про­це­сіне бас­шы­лық ету
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну мен жөн­деу про­це­сіне бас­шы­лық ету
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы пай­да­ла­ну­дың, оның ішін­де та­сы­мал­дың ауы­сым­дық-тәу­лік­тік жос­пар­ла­ры-кесте­сін құ­ру.
2. Ав­то­кө­лік құ­ра­лын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну бой­ын­ша ре­гла­мент­тер­ді прак­ти­ка­лық қол­да­ну дағдысы.
3. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша кесте­нің орын­да­луын ба­қы­лау.
4. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жөн­деу жұ­мыста­ры­ның кө­ле­мі мен са­па­сын анық­тау және тал­дау, пай­да­ла­ну мен жөн­деу жұ­мыста­ры­ның мер­зім­де­рін ұзар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды әзір­леу.
5. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну мен жөн­де­удің жа­ңа әді­сте­рін ен­гі­зу бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық кө­мек­ті көр­се­ту.
6. Ав­то­кө­лік­тің тех­ни­ка­лық жағ­дайы бой­ын­ша ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­дың ұй­ға­рым­да­ры­ның, ұсы­ны­ста­ры­ның және өкім­де­рі­нің орын­да­луы­на ба­қы­лау жа­сау.
7. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры­ның тал­дау, жұ­мыстар­ды қа­уіп­сіз жүр­гі­зу бой­ын­ша мін­дет­те­рі мен нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар бой­ын­ша бі­лім­де­рін тек­се­ру.
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­дар­мен қа­уіп­сіз қол­да­нуы­мен бай­ла­ны­сты тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау, пай­да­ла­ну қа­уіп­сіз­ді­гіне әсер ете­тін анық­тал­ған тех­ни­ка­лық кем­ші­лік­тер­ді жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды құ­ра­с­ты­ру.
9. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның тех­ни­ка­лық жағ­дай­ы­на ба­ға­лау өт­кі­зу мақ­са­тын­да тек­се­ріп қа­ра­уды ұй­ым­да­сты­ру.
10. Жүр­гі­зу­ші­лер­дің ең­бек және де­ма­лыс тәр­ті­бін сақ­та­уын қа­да­ға­лау.
11. Жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры­ның ал­дын-алу бой­ын­ша, жүр­гі­зу­ші­лер­дің тех­ни­ка­лық бі­лім дең­гей­ін жо­ғар­ла­ту, олар­дың өн­ді­рі­стік және ең­бек тәр­ті­бін ны­ғай­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар өт­кі­зу дағдысы.
12. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­жет­ті қо­сал­қы бөл­шек­тер­мен және ма­те­ри­ал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету.
13. Ав­то­кө­лік құ­рал­ды­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну мен жөн­деу бой­ын­ша бас­шы­лық құ­жат­тар­дың сақ­та­луын қа­да­ға­лау.
Бі­лі­мі:
1. «Жол қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы» 2014 жы­л­ғы 17 сәу­ір­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы.
3. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-5) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ав­то­мо­биль жол­да­ры бой­ын­ша қоз­ға­лу­ға ар­нал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның рұқ­сат еті­л­ген па­ра­метр­ле­рі.
4. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-6) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүр­гі­зу­ші­лер­дің ең­бе­гін және де­ма­лы­сын, сон­дай-ақ та­хо­граф­ты қол­да­ну ұй­ымдыс­ты­ру қа­ғи­да­сы.
5. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-14) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ірі га­ба­рит­ті жән ауыр сал­мақ­та­ғы жүк­тер­ді та­сы­мал­дау мен жү­зе­ге асы­ру қа­ғи­да­сы.
6. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-9) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін жүк­тер­ді ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау қа­ғи­да­сы.
7. Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2007 жы­л­ғы 15 ма­мы­рын­да­ғы Ең­бек Ко­дек­сі.
8. Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жік­те­луі, негіз­гі си­патта­ма­ла­ры және тех­ни­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі.
9. Ең­бек­ті қор­ғаудың, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі­нің, өн­ді­рі­стік са­ни­та­ри­я­ның және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі­нің ере­же­сі мен нор­ма­ла­ры.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Өз жұ­мысы­ның нәти­же­сіне де­ген жа­у­ап­кер­ші­лік­тің жо­ғар­ғы дең­гейі.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
2144
2149
2145
Жөн­деу жұ­мыста­ры жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Та­сы­мал­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Кө­лік құ­ра­лы жө­нін­де­гі ин­же­нер;
Өн­ді­ру­ді дай­ын­дау бой­ын­ша ин­же­нер; Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жұ­мыста­ры жө­нін­де­гі ин­же­нер
«Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры жө­нін­де­гі ин­же­нер»
КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ
Кә­сіп ко­ды
2146
Кә­сіп ата­уы
Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры жө­нін­де­гі ин­же­нер
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
5
БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша жо­ға­ры (жо­ға­ры­дан кей­ін­гі) бі­лім
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры мен ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды қа­был­да­уды, сақ­та­уды, есеп­те алу мен бе­ру­ін қам­та­ма­сыз ету
2) Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын пай­да­ла­ну бой­ын­ша ба­қы­лау-тек­се­ру жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру.
1 ең­бек функ­ци­я­сы
Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры мен ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды қа­был­да­уды, сақ­та­уды, есеп­те алу мен бе­ру­ін қам­та­ма­сыз ету
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Жа­нар және жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның сы­на­ма­сын алып ірік­тей бі­лу.
2. Эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар, ең­бек­ті қор­ғау және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ере­же­ле­рін сақ­тап, жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­дар­дың сақ­та­уын қам­та­ма­сыз ету.
3. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­на қа­жет­ті­лік бой­ын­ша ав­то­ша­ру­а­шы­лық қа­жет­ті­лі­гін тал­дау және жа­нар-жа­ғар­май­мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша өзге де ұй­ым­дар­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­сау.
4. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның жо­ға­луын бол­дыр­май­тын олар­ды қол­да­ну, сақ­тау және бе­ру ке­зін­де­гі ар­найы-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­мен және жа­ғар­май­лар­мен жұ­мыс ке­зін­де­гі ере­же­ні сақ­тау бой­ын­ша өрт қа­уіп­сіз­ді­гі іс-ша­ра­ла­рын әзір­леу және өт­кі­зе бі­лу дағдысы.
5. Пай­да­ла­ны­л­ған мұ­най өнім­де­рін және пай­да­ла­ны­л­ған сал­қындақ­тыш сұй­ық­тық­тар­ды жи­нау мен тап­сы­ру­ды ұй­ым­да­сты­ра бі­лу
6. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын есеп­ке алу және олар­дың қоз­ға­лы­сын ту­ра­лы есеп­ті­лік бе­ру, олар­дың са­нын тү­ген­деу, бел­гі­лен­ген құ­жат­тар­ды дұ­рыс жүр­гі­зу.
Бі­лі­мі:
1. Ав­то­ша­ру­а­шы­лық­ты жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету тәр­ті­біне қа­ты­сты әді­сте­ме және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ры.
2. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры шы­ғы­ста­ры­ның және ав­то­кө­лік­ті кү­тіп ұста­у­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар­дың нор­ма­ла­ры.
3. Жа­нар-жа­ғар­май түр­ле­рі, олар­дың си­патта­ма­ла­ры, ерекше­лік­те­рі және олар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
4. Қой­ма­лық және май құю жаб­дық­та­рын пай­да­ла­ну ере­же­сі.
5. Өн­ді­рі­сті, ең­бек­ті және бас­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру негіз­де­рі.
6. Ең­бек­ті қор­ғау, өнер­к­ә­сіп­тік және эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры.
7. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның са­па­сын ба­қы­лау әді­сте­рі.
8. Орг­тех­ни­ка­мен жұ­мыс іс­теу негіз­де­рі.
2 ең­бек функ­ци­я­сы
Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын пай­да­ла­ну бой­ын­ша ба­қы­лау-тек­се­ру жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру.
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры:
1. Үле­стік және же­лі­лік нор­ма­лар бой­ын­ша жа­нар­май­дың шы­ғы­ста­рын, бө­лім­ше­лер­дің жа­нар­май­ды пай­да­ла­ну ли­мит­те­рін сақ­та­луын қа­да­ға­лау.
2. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­дар­дың сақ­та­лу және пай­да­ла­ну про­це­стер тех­но­ло­ги­я­сы­ның бұ­зы­луын анық­тау.
3. Қой­ма­лар­да­ғы жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның қал­дық­та­рын алу, қой­ма­лар­ды, жа­нар­май- және май та­ра­та­тын бе­кет­тер­ді жа­нар-жа­ғар­май­мен жаб­дық­тау жағ­дай­ын ба­қы­лау дағдысы.
4. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның шы­ғы­ста­ры бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген есеп­ті­лік­ті жүр­гі­зу дағдысы.
5. Қыз­мет­кер­лер­мен ең­бек­ті қор­ғау және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ере­же­ле­рі­нің сақ­та­луын ба­қы­лау дағдысы.
6. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын үнем­деп шы­ғын­дау бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­ле­уді бі­лу.
7. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның са­па­сы мен сақ­та­луын ба­қы­лау бой­ын­ша ав­то­ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­кер­ле­ріне ар­нал­ған тех­ни­ка­лық оқу­лар­ды өт­кі­зу.
Бі­лім­де­рі:
1. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­дар шы­ғын­да­ры­ның және ав­то­кө­лік­ті кү­тіп ұста­у­ға ар­нал­ған шы­ғын­да­ры­ның нор­ма­ла­ры.
2. «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 4 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13 ба­бы­ның 23-10) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес құ­зы­рет­ті ор­ган бе­кі­те­тін ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы.
3. Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы.
4. Ең­бек­ті қор­ғау, өнер­к­ә­сіп­тік және эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сі­зі­дік, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры.
5. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау ере­же­ле­рі.
6. Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты құ­жат­тар­ды құ­ру жө­нін­де­гі ре­гла­мен­ті.
7. Та­у­ар-ма­те­ри­а­лық құн­ды­лық­тар­дың қоз­ға­лы­сы­мен бай­ла­ны­сты мү­лік­ке тү­ген­де­уді және ша­ру­а­шы­лық опе­ра­ци­я­лар­ды, құ­жат ай­на­лы­мын ұй­ым­да­сты­ру­ды және құ­жат­тар­ды опе­ра­ци­я­лық рә­сім­де­уді өт­кі­зу тәр­ті­бі.
Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Жа­у­ап­кер­ші­лік.
Жі­гер­лі­лік.
Кө­сем­дік.
СБШ бой­ын­ша бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
2149
Ин­спек­тор-ин­же­нер;
Өн­ді­рі­сті дай­ын­дау бой­ын­ша ин­же­нер
Кә­сі­би стан­дарт­тың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
Әзер­лен­ген
«Фак­тор» жүй­е­лік зерт­те­улер ком­па­ни­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Нұс­қа но­ме­рі мен шық­қан жы­лы
1 нұс­қа, 2014 жыл
Бо­лжам­ды қай­та қа­рау мер­зі­мі
2017 жыл

Қолданыстағы