Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 30.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2019 92654_399294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0003979
- ЭКБ идентификаторы
- 92654
- Редакция идентификаторы
- 92654_399294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:18
0 Коммуналдық қызметтерді ұсыну
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Зандарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Талдықбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Бадашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2015 жылғы 30 маусымдағы №156
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну қағидалары
1 1. Жалпы ереже
1
1. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудың осы қағидалары (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 «Электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерiне (бұдан әрі - коммуналдық қызметтер Қағидалары) сәйкес әзiрлендi және коммуналдық қызмет көрсету тәртiбiн анықтайды.
2 2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар қолданылады:
1 1) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
2 2) кондоминиум объектiсi - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiндегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi ортақ мүлiктен тұратын бiртұтас мүлiктiк кешен;
3 3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4 4) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
5 5) табиғи монополия субъектiсi (бұдан әрi - Субъект) - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;
6 6) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр немесе жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
7 7) энергия берушi ұйым – электр немесе жылу энергиясын берудi шарттар негiзiнде жүзеге асыратын ұйым.
2 2. Коммуналдық қызмет көрсетудi ұсыну тәртiбi және шарттары
3 3. Коммуналдық қызмет көрсету Субъект пен тұтынушы арасындағы жеке шарт (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде жүзеге асырылады.
Тұтынушылар кондоминиум объектiлерiн басқару органына (бұдан әрi- басқару органы) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегi өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы.
Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келiсiмiмен басқаша көзделмесе) және коммуналдық қызметтер Қағидаларының 35 және 38-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
4 4. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк- техникалық құжаттамамен белгiленген талаптарға:
1 1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
2 2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөнiндегi электр энергиясының параметрлерiне;
3 3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесiндегi судың есептелген шығынына;
4 4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;
5 5) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәулiктiк немесе шарттың негiзiнде лифтiнi қауiпсiз пайдалануға;
6 6) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.
5 5. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.
3 3. Коммуналдық қызметтерді пайдалану тәртібі мен шарттары
6
6. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын тиiстi техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және басқару органымен немесе тұтынушының басқа өкiлеттi тұлғасымен немесе тұтынушымен жасалған жекелеген шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi дербес (тиiстi рұқсат болған жағдайда) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады.
Пәтерлердегi, тұрғын ғимараттардағы, үй-жайлардағы, гараждардағы труба құбырларының, энергия өткiзгiштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.
7 7. Есепке алу құралдарын сатып алу және орнатуды тұтынушы өзi немесе энергия берушi ұйым арқылы жүзеге асыруға құқылы.
8 8. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердiң дәлiздерi мен жекеленген пәтерлерге орнатылады.
Есепке алу құралдарына өту еркiн болуы тиiс.
9
9. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе тұрғын ғимаратта орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезiндегi олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн басқару органы жауапкершiлiк арқалайды.
10
10. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе қарамағына сол үй кiретiн басқару органы бiр ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келiсiмiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiреді. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желiсiне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.
11 11. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
1 1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
2 2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
3 3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
4 4) канализациялау - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;
5 5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн қуаттандырылатын сым ұшында.
12 12. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, Шарт бойынша Субъект пен тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы.
13 13. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды.
4 4. Төлеу тәртiбi
14 14. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
15 15. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25-нен кешiктiрмей немесе тұтынушы мен Субъект - арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.
16 16. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi.
17
17. Егер тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргiзiледi. Бiрнеше рет ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiледi.
18 18. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi.
19 19. Есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшiн алу мен энергия үшiн есептеулердi жазуды пәтерлерге, тұрғын ғимараттарға, үй-жайларға, гараждарға бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi.
Екi есептiк кезең iшiнде тұтынушының кiнәсiнен пәтердегi немесе жеке үйдегi есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу мүмкiн болмаған кезде, тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен оның берiлуiн тоқтатуға құқылы.
20
20. Тараптардың келiсуi бойынша есептеу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.
21 21. Абоненттiң кiнәсi бойынша болмаған есептiң уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орта тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
Электр энергиясының орта тәулiктiк есептiк кезеңi бiр айдан, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуi керек, аспауы тиiс.
Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, абонентке босатылған электр энергиясына есеп айырысу және есепке алу тәртiбiн қалпына келтiру тәртiбi абоненттiң және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен белгiленуi тиiс.
22
22. Тұтынушының есептеу аспабының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есептеу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi.
Қайта есептеу:
1 1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;
2
2) тұтынушыда штепсельдi розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) - бiр розетканың 600 Ватт қуаттың тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен, ал 600 Ватт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда - тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен жүргiзiледi.
23
23. Өтiнiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргiзiлмейдi.
Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.