Об утверждении минимальных социальных стандартов в сферах труда и социального обеспечения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении минимальных социальных стандартов в сферах труда и социального обеспечения
- Атауы (қаз.)
- Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 631
- Қабылданған күні
- 29.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2022 93386_588666.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011975
- ЭКБ идентификаторы
- 93386
- Редакция идентификаторы
- 93386_588666
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:53
0 Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мынадай:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;
6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Айлық жалақының ең төмен мөлшері»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 1-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Айлық жалақының ең төмен мөлшері»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар.
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Айлық жалақының ең төмен мөлшері
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы
ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; 2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны;
3) күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны белгілеу үшін негіз болып табылады. ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі - АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді: ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.
2 «Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты» ең төмен әлеуметтік стандарты
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
2-қосымша
«Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты»
ең төмен әлеуметтік стандарты
3 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 3-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар;
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және ауысымдық кесте бойынша жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар;
он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлер.
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 73-бабы
Жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы
Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы
Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы
Аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскердің күнделік жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс
4 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 4-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар.
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 88-бабы
Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.
5 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 5-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
жеке тұлғалар.
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы (бұдан әрі - ЕТДШ)
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы
ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;
2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.
ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі - АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді:
ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.
6 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен зейнетақы мөлшері»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 6-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Ең төмен зейнетақы мөлшері»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Ең төмен зейнетақы мөлшері
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Ең төмен зейнетақының мөлшері жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленеді
7 Ең төмен әлеуметтік стандарты «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 7-қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарты
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі»
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы).
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4
1
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21 бабы
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар;
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 қаулысымен айқындалған және
1) әлеуметтік-тұрмыстық;
2) әлеуметтік-медициналық;
3) әлеуметтік-психологиялық;
4) әлеуметтік-педагогикалық;
5) әлеуметтік-еңбек;
6) әлеуметтік-мәдени;
7) әлеуметтік-экономикалық;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
8 «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
8-қосымша
«Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi»
ең төмен әлеуметтік стандарты
9 «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
9-қосымша
«Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді
болуын қамтамасыз ету»
ең төмен әлеуметтік стандарты