Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области государственной статистики

Бұйрық · № 795 · қабылданған 26.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98060/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области государственной статистики Күшін жойған 01.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области государственной статистики

Күшін жойған Бұйрық № 795 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области государственной статистики
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
795
Қабылданған күні
26.12.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2023 98060_610418.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012921
ЭКБ идентификаторы
98060
Редакция идентификаторы
98060_610418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға;

3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатыстымемлекеттік статистика саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу комитетінің төрағасы
С. Айтпаева ____________
2015 жылғы 28 желтоқсандағы

1 Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік статистика саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанына бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2. Осы Өлшемшарттарда Заңда айқындалған мағынадағы ұғымдар мен мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу кезіндегі ескертулер - Заңның 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» 2010 жылғы
10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама (бұдан әрі - Әдіснама) талаптарының сақталмауы бойынша ескертулер;

2) елеулі бұзушылықтар - техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық жіктеуіштердің қолданылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің деректерімен, оның ішінде электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ЭӘШБЕА БҚ) деректер базасының ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорының (бұдан әрі - АШЖ ДҚ) (5%-дан 15%-ға дейін), ЭӘШБЕА БҚ-ның тұрғын - үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі - ТҚСТ) (5%-дан 15%-ға дейін) деректерімен сәйкессіздігі бойынша бұзушылықтар;

3) елеусіз бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар), әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауына, сондай-ақ оны толтыру бойынша түсіндірмесінің болмауы бөлігінде, талаптардың сақталмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын өзекті емес (жаңартылмаған) әкімшілік деректердің болуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (5%-дан төмен), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (5%-дан төмен) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты бұзушылықтар;

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

5) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық - бұл бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы нормаларының бұзушылығына әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі;

6) өрескел бұзушылықтар – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерінің уәкілетті органмен келісілмеуіне байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;

уәкілетті орган деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеруі арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (15%-дан жоғары), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (15%-дан жоғары) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты;
бақылау субъектілеріне барып алдыңғы профилактикалық бақылаудың негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптардың сақталмауына байланысты (бес және одан артық ескерту бар болса) байланысты бұзушылықтар;

7) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені;

8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік сатистика саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

10) тексеру парағы – орындалмауы адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бақылау субъектісінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

11) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы;

12) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету - кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуді, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде агрегатталған деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

4. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

1) тәуекелді айқындау;

2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары тәуекел тобына жатқызу, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік дереккөздер ұсынған анық емес әкімшілік деректерді пайдалану нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.

6. Жоғары тәуекел дәрежесіне статистикалық қызметті қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеушілік, іске асырушылық немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу және өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар жатады.

7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері жатады.

8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау қолданылады.

9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

1) бақылау субъектілері бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, деректер базасын қалыптастыру;

2) бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге жататын бақылау субъектілерін айқындау мақсатында ақпаратты талдау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

11. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

1) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері;

2) бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді.

12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша осы Өлшемшарттарға 1, 2-қосымшаларға сәйкес тәуекелдер дәрежесі айқындалады.

13. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.

14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі уәкілетті органның субъективті өлшемшарттар бойынша ресми дереккөздерден алған деректеріне жүргізілетін талдау, мониторингілеу және салғастыру нәтижелері бойынша және жылына бір реттен көп емес айқындалады.

4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

15. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
∑Рн – елеусізбұзушылықтаркөрсеткіші;
∑Р1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
∑Р2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
мұндағы:
∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
∑Рн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.
Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:

1) жоғары тәуекел дәрежесіне - 61-ден 100 қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

16. Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

17. Аумақтық статистика органдары мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылған бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылаужүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы аумақтық органдарында орналасқан жерлері бойынша бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау актісін тіркеуді жүзеге асырады.

1-1 Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар

Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
1- қосымша
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар

Өл­шем­шар­ттар
Бұ­зу­шы­лық­д­ә­ре­же­сі
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі
1.
Әкім­ші­лік­де­ректер­ді­жи­на­у­ға ар­нал­ған ке­лі­сіл­ме­ген ны­сан­дар
өрес­кел
2.
Көр­сет­кіш­тер­ді есеп­те­удің ке­лі­сіл­ме­ген әді­сте­ме­ле­рі
өрес­кел
3.
Қа­зақ­стан­Рес­пуб­ли­ка­сы­ның­тех­ни­ка­лы­қрет­те­уса­ла­сын­да­ғы­заң­на­ма­сын­да­б­е­л­г­і­л­е­н­г­е­н­т­ә­р­т­і­п­п­е­н­у­ә­к­і­л­е­т­ті ор­ганә­зір­ле­ге­нұлт­ты­қ­жік­те­уіш­тер­ді­қол­дан­бау
еле­улі
4.
Уәкі­лет­ті ор­ган де­ректе­рін әкім­ші­лік де­реккөз­дер­дің ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нің және (неме­се) бас­қа да ре­сми де­реккөз­дер­дің әкім­ші­лік де­ректе­рі­мен са­лы­сты­ру және са­лы­сты­рып тек­се­руі ар­қы­лы анық­та­ла­тын әкім­ші­лік де­реккөз­дер­дің анық емес әкім­ші­лік де­ректер­ді ұсы­нуы
өрес­кел
5.
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­гент­әр­тіп­пе­н­ж­әне­мер­зім­дер­де әкім­ші­лік­де­ректер­ді әкім­ші­лік де­реккөз­дер­ді­ңө­те­у­сіз­не­гіз­де­ұсын­ба­уы
өрес­кел
6.
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған ны­сан­ға ти­тул­дық па­рақ­тың бол­мауы
еле­у­сіз
7.
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған ны­сан­дар­ды тол­ты­ру жө­нін­де­гі тү­сін­ді­ру­лер­дің бол­мауы
еле­у­сіз
8.
Әкім­ші­лік де­ректер­дің бас­қа ре­сми де­реккөз­дер де­ректе­рі­мен сәй­кес­сіз­ді­гі
еле­улі
9.
Әкім­ші­лік де­реккөз­дер­дің ре­сми Ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да жа­ри­я­ла­на­тын әкім­ші­лік де­ректер­дің өзек­сіз­ді­гі (жа­ңар­тыл­мауы)
еле­у­сіз
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне ба­рып ал­дың­ғы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­у­нәти­же­ле­рі (бұ­зу­шы­лық­тың ауыр­лық дә­ре­же­сі атал­ған та­лап­тар сақ­тал­ма­ған жағ­дай­да бел­гі­ле­не­ді):
1.
Ке­лі­сі­л­ген ны­сан бой­ын­ша әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­нау та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
өрес­кел
2.
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған ны­сан­дар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­су бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
өрес­кел
3.
Көр­сет­кіш­тер­ді есеп­теу әді­сте­ме­сін  уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­су бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
өрес­кел
4.
Ұлт­тық жік­те­уіш­тер­ді қол­да­ну бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
еле­улі
5.
Әкім­ші­лік де­ректер­дің дұ­ры­стығ­ын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
өрес­кел
6.
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен және мер­зім­дер­де әкім­ші­лік де­реккөз­дер­дің әкім­ші­лік де­ректер­ді өте­у­сіз негіз­де ұсы­нуы бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
еле­улі
7.
Әкім­ші­лік де­реккөз­дер­дің ре­сми Ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да жа­ри­я­ла­на­тын әкім­ші­лік де­ректер­дің өзек­ті­лі­гін (жа­ңар­ты­луын) қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
еле­улі
8.
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған ны­сан­ға ти­тул­дық па­рақ­тың бо­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
еле­улі
9.
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған ны­сан­ды тол­ты­ру жө­нін­де­гі тү­сін­ді­ру­дің бо­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
еле­улі

1-2 Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар

Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
2- қосымша
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты
субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар
Бұзушылықдәрежесі
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері
1.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы саны деректеріндегі айырмашылықтар 15%-дан жоғары
өрескел
2.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан 15%-ға дейін
елеулі
3.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан төмен
елеусіз
4.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 15%-дан жоғары
өрескел
5.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы ауданы шаршы метрмен) 5%-дан 15%-ға дейін
елеулі
6.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 5%-дан төмен
елеусіз
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылаунәтижелері
(бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):
1.
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды
өрескел

2 Мемлекеттік статистика саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік статистика саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт
_________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________________________________

Талаптартізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1.
Келісілген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау бойынша талаптардың сақталуы
2.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
3.
Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін  уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
4.
Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы
5.
Әкімшілік деректердің анықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
6.
Уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынуы бойынша талаптардың сақталуы
7.
Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзектілігін (жаңартылуын) қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
8.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болуы бойынша талаптардың сақталуы
9.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болуы бойынша талаптардың сақталуы
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ________
(лауазымы) (қолы)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3 Мемлекеттік статистика саласында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік статистика саласында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты тексеру парағы
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)