Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1.
Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың татуласу келісімі, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.
Сотқа қатысып отырған екі тарап та татуласу туралы өтініш берген жағдайда, татуласу рәсімін алқалы құрам судьяларының бірі өтінішхат берілген күні өткізеді.
Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді сот осы Кодекстің 179 және 181-баптарының қағидаларына сәйкес қабылдайды.
Сот отырысында сот тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіткенге дейін тараптарға олардың процестік әрекеттерінің салдарларын түсіндіреді.
2. Тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту кезінде кассациялық сатыдағы сот сот актілерінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-447/