Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

448-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртiппен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады. Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және тараптарға жіберіледі (тапсырылады).
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-448/