Қолданыстағы ред. 25.07.2001 (Редакция 9976_315369.kaz)

Облыстық сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы от 25.07.2001 г. № 52 (Облыстық сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы)

0

Облыстық сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы
Мемлекеттiк судан құтқару қызметтерiнiң жүйесiн және облыс су айдындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы №63-шi "Сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы" бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Облыстық судан құтқару қызметiнiң қоса берiлiп отырған құрылымы бекiтiлсiн.

2

2. Облыстық судан құтқару қызметiнiң бастығы С. Ұзақбаев бекiтiлген құрылымға сәйкес облыстық судан құтқару қызметiнiң құрамына өзгерiс енгiзсiн.

3

3. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Қ.Әжiбеков облыстық судан құтқару қызметiн қаржыландыруға және тәбiлдiк мүліктерiне сәйкес қажеттi техника мен құралдарды алуға облыстық бюджетте тиiстi қаражат ескерiлсiн.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары К.Нүрекешовке жүктелсiн.