Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
359-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды жұлып тастау –
жеке тұлғаларға –
бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
алып келеді.
2. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға –
бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-359/