Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О порядке хранения документов по выборам депутатов Парламента Республики Казахстан (С изменениями, внесенными постановлением Центризбиркома N 54 от 16 мая 1996 года)

Қаулы · № 12 · қабылданған 09.10.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-54-16-1996/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О порядке хранения документов по выборам депутатов Парламента Республики Казахстан (С изменениями, внесенными постановлением Центризбиркома N 54 от 16 мая 1996 года) Күшін жойған 01.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О порядке хранения документов по выборам депутатов Парламента Республики Казахстан (С изменениями, внесенными постановлением Центризбиркома N 54 от 16 мая 1996 года)

Күшін жойған Қаулы № 12 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке хранения документов по выборам депутатов Парламента Республики Казахстан (С изменениями, внесенными постановлением Центризбиркома N 54 от 16 мая 1996 года)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауы жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12
Қабылданған күні
09.10.1995
Көрсетілген редакция
01.10.1999 AI2176_1.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V950000299_
ЭКБ идентификаторы
2176
Редакция идентификаторы
AI2176_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауы жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы еттi:
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауы жөнiндегi құжаттарды сақтаудың мынадай тәртiбi белгiленсiн:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәжiлiстерiнiң хаттамалары; округтiк сайлау комиссияларының Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамалары: облыстық (қалалық) сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларының көшiрмелерi; кандидаттардың есеп карточкалары; облыстық (қалалық) сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi туралы хаттамалары; округтiк сайлау комиссияларының әр сайлау округi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы хаттамалары Ортсайлаукомда 5 жыл бойы сақталады, ал одан кейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне сақтауға берiледi.

2. Округтiк сайлау комиссиялары мәжiлiсiнiң хаттамалары; сайлау кепiл ақшасын төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркелген Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы хаттамалардың көшiрмелерiн, кандидаттарды ұсыну жөнiндегi республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғары органының хаттамасын, сол қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе облыстық (қалалық) әдiлет басқармасында тiркелгенi туралы құжатпен бiрге, азаматтың Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi немесе ниетi туралы өтiнiшiн, кандидат туралы өмiрбаяндық деректердi қоса; округтiк сайлау комиссияларының сайлау округтерi Парламент Мәжiлiсi депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы хаттамаларының көшiрмелерi, учаскелiк сайлау комиссияларын оларға қоса тiркелген дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларымен бiрге сайлау комиссияларын құрған органда 5 жыл бойы сақталып, содан кейiн облыстардың мемлекеттiк архивiне берiледi.

3. Облыстық (қалалық) сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары, сайлау жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркелген Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларын, облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың кандидат ұсыну туралы шешiмдерiн, азаматтың Парламент Сенаты депутаттығына кандидат болып түсуге келiсiм туралы өтiнiшiн, кандидаттың өмiрбаяндық деректерiн, облыстық (қалалық) сайлау комиссияларының кандидатты жақтаған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасын қоса; облыстық (қалалық) сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi туралы хаттамаларының көшiрмелерi сайлау комиссияларын құрған органдарда 3 жыл бойы сақталып, содан кейiн облыстардың мемлекеттiк архивтерiне сақтауға берiледi.
Облыстық (қалалық) сайлау комиссиялары таңдаушылар тiзiмдерiн осы комиссияларды құрған органдарға бередi, мұнда олар жаңа сайлау өткiзiлгенге дейiн сақталып, содан кейiн жойылады.
Сайлау бюллетеньдерi мен Парламент Сенат депутаттығына кандидаттардың қол қою парақтары депутаттардың өкiлеттiгi бiткен мерзiмге дейiн сақталады, содан кейiн актiмен жойылады.

4. Учаскелiк сайлау комиссиялары отырыстарының хаттамалары мен басқа да құжаттары, сайлау округi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы жөнiндегi дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалардың көшiрмелерiмен қоса, сайлау комиссияларын құрған органдарда 4 жыл бойы сақталып, сонда кейiн белгiленген тәртiппен жойылады.
Әскери бөлiмдерiнде құрылған учаскелiк сайлау комиссияларының аталған құжаттары, әскер бөлiмдерiнiң iс-қағаздарында 4 жыл бойы сақталып, ал содан кейiн белгiленген тәртiппен жойылады.

5. Учаскелiк сайлау комиссиялары сайлаушылар тiзiмдерiн осы комиссияларды құрған органдарға бередi, мұнда олар жаңа сайлау өткiзiлгенге дейiн сақталып, содан кейiн жойылады.

6. Дауыстар есептелiп болғаннан кейiн учаскелiк сайлау комиссиялары Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауы жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн (мөрлеп бекiтiлген күйiнде, соның iшiнде есептен шығарылған бюллетеньдер бiр бөлек) тиiстi округтiк комиссияларына жiберiледi, мұны олар облыстық архивтерi бiрлесiп депутаттардың өкiлеттiлiгi бiткен мерзiмге дейiн сақталуын ұйымдастырады, содан кейiн актiмен жойылады.