О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Төлем ұйымдары осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті. Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді төлем ұйымдарына есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-24-1/