Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
49-бап. Салық органының және салық төлеушінің (салық агентінің)
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
құжаттар мен ақпаратты ұсыну жөніндегі жалпы ережелер
1. Салық органы және салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) ақпаратты осы Кодекстің 50 және 51-баптарында айқындалған тәртіппен береді.
Салық органының шешімдері де осы параграфтың мақсатындағы құжаттарға жатады.
2. Құжат және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан мен мазмұнға қойылатын талаптар сақтала отырып беріледі.
Құжаттарды және (немесе) ақпаратты электрондық тәсілмен беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Салық органының шешімдері мынадай нысандарда қабылданады:
1) хабархат;
2) хабарлама;
3) қорытынды;
4) ұсыным;
5) талап;
6) шешім;
7) бұйрық;
8) өкім;
9) акт;
10) қаулы;
11) анықтама;
12) куәлік;
13) хаттама;
14) нұсқама;
15) сертификат;
16) резиденттікті растайтын құжат.
Салық органының шешім қабылдау тәртібі, оны ұсыну және орындау мерзімдері осы Кодекске сәйкес белгіленеді.
4. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық органының шешімінде міндетті түрде мынадай ақпарат:
1) күні мен нөмірі;
2) тақырыбы;
3) салық органының сәйкестендіру деректері;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;
5) қабылдану негізі;
6) салық органының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеген және мән-жайларды ашып көрсеткен қорытындысы;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай шешімнің орындалу тәртібі мен мерзімі;
8) осы Кодексте көзделген орындалу тәртібі мен мерзімін бұзудың салдары қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған ақпарат салық органының шешімдерінде анықтама, куәлік, хаттама, нұсқама, сертификат және резиденттікті растайтын құжат нысанында көрсетілмеуі мүмкін.
Салық органының шешімдері осы Кодексте көзделген жағдайларда қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық органы шешімдерінің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып қабылданатын салық органының шешімдері осындай ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.
5. Осы параграфтың құжаттар мен ақпарат алмасу бөлігіндегі ережелері салық органының осы Кодексте ұсынудың ерекше тәртібі айқындалған немесе таратылуына тыйым салынған шешімдеріне қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-49/