О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiнде мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi, оның ішінде: жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді; жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді; радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді; ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді; көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді; дәрілік «заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді; шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді; бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты;
9) көлік пен коммуникацияларды;
10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;
11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
11-1) цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен;
12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-25/