Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
251-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 251. Доход от прироста стоимости по доле участия
орналасуы бойынша
· толық сәйкестік кестесі
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша бұрын осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кіріс деп танылған қайта сақтандыру активтерін азайту сомасын еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес
есептелген
қайта сақтандыру активтерінің есепті салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері мен осындай активтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.
252-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған
шығыстар бойынша шегерімдер және жою
қорларына аударымдар сомасының шегерімдері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салдарды жою қорына аударымдар сомасын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызады. Көрсетілген шегерім жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдар мөлшерінде жүргізіледі.
Тарату қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында белгіленеді.
Осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен асып кететін, өзі бойынша мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы жер қойнауын пайдаланушының өзі бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңде бітетін салықтық кезеңдегі жылдық жиынтық кірісіне қосуға жататын салықтық кезеңде анықталған мақсатсыз пайдалану фактісін қоспағанда, жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы жер қойнауын пайдаланушының оған жол берілген салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты беру кезінде басқа жер қойнауын пайдаланушыдан жою қорының қаражатын алған жағдайда, оны алған жер қойнауын пайдаланушыдағы осындай қаражат:
алынған жылы немесе алынған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жою қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған жағдайда, жылдық жиынтық кіріске қосылмайды;
шегеруге жатқызуға жатпайды.
2. Жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезең ішінде кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, жою қорының арнайы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-251/