О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

253-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасының шегерімдері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар сомасын шегерімге жатқызады.
2. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы салық төлеушінің оған жол берілген салықтық кезеңінің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
4. Салық төлеушінің салықтық кезең ішінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, жою қорының арнайы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-253/