Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
314-бап. Салықтық кезең
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салықтық кезең болып табылады.
5.
Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілері үшін, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, қызмет шағын бизнес субъектілері үшін, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерінде жүзеге асырылған уақыт кезеңі салықтық кезеңге енгізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-314/