О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

322-бап. Жұмыскердің кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған мынадай кірістер жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қолсыз нысандарындағы ақша;
2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері;
3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері. Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (оның алуына жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі деп танылады. 2. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.
3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды: 1) жеке тұлғаның салық агентінен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алатын кірісі; 2) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс; 3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс; 4) стипендиялар; 5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс; 6) мүліктік кіріс; 7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі; 8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі; 9) дара кәсіпкердің кірісі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-322/