О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Мыналар жұмыскердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы кірісі болып табылады:
1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне, сондай-ақ өзіне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесіне беруге жататын өзге де мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы мен акциздер ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады: мүліктің баланстық құны; мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жұмыскерге берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер пайдасына, сондай-ақ өзіне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшесінің пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы мен акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің жұмыстарды осындай орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Жұмыскер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің жұмыстарды осындай орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) жұмыскер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң жұмыскерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы мен акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің жұмыстарды осындай орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-323/