НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

124-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қатысты салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері
1. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі) осы баптың талаптары сақталған кезде есепке жатқызылуға тиіс. Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі – есепке жатқызуды жүргізу күніне салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалар көлемі мен салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалар көлемі арасындағы оң айырма.
2. Пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы жеке шоттың мәліметтері негізінде, жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі жеке шотын жүргізу орны бойынша жүзеге асырады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі заттай нысанда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемесі болған кезде салық органы салықтық өтінішсіз, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені өтеу есебіне пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-124/