О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

332-1-бап. Цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салудың ерекшеліктері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Осы бап осы бөлімнің мақсаттарында цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салудың ерекшеліктерін белгілейді.
2. Цифрлық активті өткізудің, сатып алудың тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген құны осындай цифрлық активтің құны байланыстырылған валюта айырбастаудың цифрлық активті өткізу немесе сатып алу жасалатын күннің алдындағы соңғы жұмыс күніне айқындалған нарықтық бағамы бойынша теңгеге аударылады.
3. Осы баптың мақсаттарында өткізу немесе сатып алу құнын есептеу кезінде тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің бір бірлігі осындай цифрлық активтің құны байланыстырылған шетел валютасының бір бірлігіне теңестіріледі.
4. Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті мынадай мүлікке: цифрлық активке; құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікке; шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікке айырбастау мақсатында беру тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті беретін тарап үшін цифрлық активті өткізу болып табылмайды.
5. Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті сату мақсатында беру, тіркеп-белгіленген құны бар, өткізілетін қамтамасыз етілмеген цифрлық активті басқа цифрлық активке айырбастау нәтижесінде бұрын сатып алынған жағдайларды қоспағанда, цифрлық активті өткізу болып табылады.
6. Цифрлық актив базалық актив болып табылатын жағдайдағы туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша алынған кіріс осындай мәміле аяқталған кезде алынған цифрлық активтердің құны мен мәміленің жасалу барысында пайдаланылған меншікті цифрлық активтердің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
7. Цифрлық активтерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырманы айқындау кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша уақыт бойынша бірінші келіп түскен есепке алу әдісі пайдаланылады.
8. Осы бапты қолдану мақсатында цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттарын және тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, цифрлық активті өткізу құны:
1) шетел валютасына немесе ұлттық валютаға сату мақсатында беру кезінде – тиісті шетел немесе ұлттық валютадағы мәміле мөлшерінде;
2) тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке айырбастау мақсатында беру кезінде – мәмілеге қатысатын тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
3) осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, цифрлық активке айырбастау мақсатында беру кезінде – берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
4) цифрлық активті қоспағанда, кез келген мүлікке айырбастау мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде беру кезінде – берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
5) цифрлық активті сыйға тарту, мұрагерлік шарты бойынша беру кезінде – нөлдік мөлшерде;
6) цифрлық активтерді өткізу құны болмаған кезде – берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде айқындалады.
10. Егер осы баптың 11-тармағында өзгеше көзделмесе, цифрлық активті сатып алу құны:
1) шетел валютасына немесе ұлттық валютаға сатып алу кезінде – тиісті шетел немесе ұлттық валютадағы мәміле мөлшерінде;
2) тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке айырбастау кезінде – мәмілеге қатысатын, тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, цифрлық активке айырбастау үшін сатып алу кезінде – сатып алынған цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
4) цифрлық активті қоспағанда, кез келген мүлікке айырбастау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу кезінде – сатып алынған цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
5) цифрлық активті өтеусіз алу кезінде – нөлдік мөлшерде;
6) цифрлық активті цифрлық активтер биржасынан алу кезінде – осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған, цифрлық активті алу күніне тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
7) блокчейндегі келісімшартпен өзара іс-қимыл нәтижесінде цифрлық активті алу кезінде – нөлдік мөлшерде айқындалады.
11. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынған цифрлық активтердің бастапқы құны нөлге тең. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
12. Цифрлық активтердің құнын айқындау мақсатында осы баптың 9-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында және 10-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған интернет-ресурста орналастырылған ақпарат пайдаланылады. Цифрлық активтердің құны көрсетілген интернет-ресурста цифрлық активтерді өткізу немесе сатып алу күнінің алдындағы тәуліктегі орташа өлшемді баға ретінде айқындалады. Цифрлық активті өткізу жүргізілген күнге интернет-ресурста ақпарат болмаған жағдайда, цифрлық активтердің цифрлық активті өткізу жүргізілген күннің алдындағы, осындай цифрлық активпен сауда-саттық өткізілген соңғы күні айқындалған құны қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-332-1/