О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

332-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған, мүлікті өткізуден түсетін кірісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта және осы Кодекстің 331-бабында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі болып табылады.
2. Жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі мынадай:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті өткізген кезде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен адам оны өткізген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
4. Жеке тұлғаның цифрлық активті өткізу кезінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен тұрады.
5-2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізуден, оның ішінде борыштық бағалы қағаздарды өтеуден алынатын нәтиже оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және салықтық кезеңде шығып қалудың әрбір операциясы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағазды өткізу, өтеу құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
5-3. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізудің барлық операциясынан алынатын нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін: егер мұндай сома оң мәнге ие болса, құн өсімінен түсетін кіріс; егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
5-4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізудің барлық операциясынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін: егер мұндай сома оң мәнге ие болса және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес ескерілсе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түсетін кіріс; егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады. Осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларында, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар болып табылады.
5-5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс бағалы қағаздардың түскен күніне байланысты оларды хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде есептен шығару жолымен айқындалады.
5-6. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздардың бастапқы құны мыналар болып табылады:
1) оларды сатып алу құны, Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыға арналған шығыстар. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар бойынша сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опцион сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады; немесе
2) егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент – заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны; немесе
3) бағалы қағаздар осындай кірісті төлеу ретінде алынған жағдайда – салық агентінен алынған бұрын танылған кірістің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған және дара кәсіпкердің декларациясында немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген кірістің сомасы; немесе
4) бағалы қағаздар кірісті алуға байланысы болмай туындаған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда – өтеу есебіне бағалы қағаз алынған дебиторлық берешек сомасы; немесе
5) өтеусіз алынған бағалы қағаздардың құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда – бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске енгізілген құн; немесе
6) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған бағалы қағаздар өткізілген жағдайда – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздардың нарықтық құны. Бағалы қағаздардың бастапқы құны құжатпен расталуға тиіс. Бағалы қағаздардың бастапқы құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұндай құн нөлге тең деп танылады. Бағалы қағаздар бiрлiгiнiң бастапқы құны оларды өткізу кезiнде уақыт бойынша алғашқы болып түскен бағалы қағаздардың бастапқы құны бойынша айқындалады.
5-7. Құқықтары немесе мәмілелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген борыштық бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең. Эмиссиясы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген борыштық бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
5-8. Осы баптың 5-6-тармағының ережелері бастапқы құнды айқындау үшін қолданылмайтын жағдайларда бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
5-9. Осы баптың мақсатында бағалы қағаз тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері туралы есепте немесе өзге құжатта айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін бағалы қағаздың нарықтық құны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген, мұрагерлік түрінде алынған өткізілетін осы бағалы қағаздың нарықтық құны болып табылады. Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.
6. Жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;
2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.
8. Егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:
1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлікті өткізу құнын;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-332/