НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

391-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның борышкерден талап ету құқығын басқаға беруі жүргізілген құн мен жеке тұлға мен борышкер арасындағы шарт негізінде басқаға беру күніне осындай талаптың мөлшері арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. Егер басқаға беру жүргізілетін талапты жеке тұлға талап ету құқығын басқаға беру жолымен сатып алса және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алса, онда талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс жеке тұлғаның борышкерден талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген құны мен осындай талаптың басқаға беру күніне арналған мөлшері арасындағы оң айырма болып табылады, бірақ жеке тұлға талап ету құқығын бұрын алған құннан және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының құнынан аспайды. Талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма: осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын; осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға беру құны және: 1) мынадай: осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын және (немесе) осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, жеке тұлға осындай құқыққа бұрын ие болған құн және (немесе) 2) мынадай: осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын; осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы бұрын сатып алынған және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-391/