О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

353-бап. Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргізедi. Жеке табыс салығының сомасы осы бөлімге сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
2. Жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
3. Салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару осы құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
5. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомасын оны ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-353/