Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
441-бап. Жұмыскердің кірісінен жеке табыс салығын есептеу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Жұмыскердің кірісінен төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салықтық кезең үшін салық агенті мынадай формула бойынша жүргізеді:
осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сома шегінде күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын, осы Кодекстің 439-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы
көбейту
осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі
қосу
осы Кодекстің 439-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сомадан асып кету сомасы
көбейту
осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 2-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі
алу
күнтізбелік жылдың алдыңғы салықтық кезеңдер үшін салық агенті өсу қорытындысымен 1 қаңтардан бастап есептеген жеке табыс салығының сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-441/