Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
356-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 439. Определение суммы облагаемого дохода
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1.
Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-1-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 347-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерім сомасы,
алу
осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын өзге шегерімдердің алдын ала сомасы.
1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.
1-2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.
1-3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:
салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
жеке табыс салығы бойынша түзетудің осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерімдер сомасы;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде айқындалады.
1-4. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салынуға жататын кірістердің салықтық кезең үшін есепке жазылған сомасы,
алу
ағымдағы салықтық кезеңдегі кірісті түзетудің осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-1-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-2-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 343-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерімдер сомасы.
2. Жеке тұлға өзге шегерімдердің алдын ала сомасын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік жылдағы өзге шегерімдердің жоспарланған сомасы ретінде айқындайды. Жеке тұлға салық агентінде өзге шегерімдердің алдын ала сомасын әрбір күнтізбелік ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23,5 еселенген мөлшерінде не күнтізбелік жыл шегінде салықтық шегерімдердің асып кеткен сомасын кейіннен келесі айларға ауыстыра отырып, күнтізбелік ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінде қолдану сомасын өз бетінше айқындауға құқылы. Жеке тұлға мұндай соманы салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініште көрсетеді және оны салық агентіне ұсынады.
Салық агенті растайтын құжаттарсыз жеке тұлғаның өтініші негізінде салық салынатын кірісті өзге салықтық шегерімдердің алдын ала сомасына азайтады.
Жеке тұлға барлық салық агенттеріне берілген өтініштерде көрсеткен күнтізбелік жылдағы өзге салықтық шегерімдердің алдын ала сомаларының жиынтық сомасы:
айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
жеке тұлға күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кірістер және мүлік туралы декларацияда өзге шегерімдерді қолданған кезде кейіннен құжатпен расталуға тиіс.
3. Жұмыскердің кірісінен және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салуға жататын, ағымдағы салықтық кезеңде алынған кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-1-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы.
4. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің шетел валютасындағы сомасы кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
5. Егер осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтық шегерімдердің асып кетуі деп танылады.
Салықтық шегерімдердің асып кету сомасы осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-356/