НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

439-бап. Төлем көзінен жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

сомасын айқындау
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.
2. Жеке тұлғаның салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жеке тұлғаның салық агентіне салықтық кезең үшін есепке жазылған төлем көзінен салық салуға жататын, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістер сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімдерінің сомасы алу осы Кодекстің 404-бабында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдердің сомасы алу осы Кодекстің 437-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен базалық шегерім сомасы.
3. Зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: салық салуға жататын зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 431-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы.
4. Жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салықтық кезең үшін есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 435-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.
5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген, сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, білім алуға байланысты стипендиялар, төлемдер, оқуға өтемақылар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: салықтық кезең үшін есепке жазылған, осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, стипендиялар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлға кірістерінің сомасы алу салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы алу осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-439/