О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

358-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агентінің тұрған жеріндегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей: салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдердің агенттері немесе оларды төлеушілер, оның ішінде өз пайдасына тапсырады.
2. Салық агенті кірістерді алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент-жеке тұлғасы бойынша жеке табыс салығының сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару туралы деректерді: 1) күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жасалатын және күнтізбелік жылдың осы Кодекстің 357-бабының 2-тармағында белгіленген соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге ұсынылатын; 2) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған кезде жасалатын және жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге ұсынылатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде ұсынады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады. 4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда көрсетеді.
39-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ БЕРУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КІРІСІН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-358/