О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

359-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайларда, жеке тұлғаның талабы бойынша салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде беруге міндетті.
2. Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтамада:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;
2) кірісті түзетудің;
3) мынадай: міндетті зейнетақы жарналары; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар; стандартты салықтық шегерімдер; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім; басқа салықтық шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде қолданылған салықтық шегерімдердің;
4) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;
5) есептелген жеке табыс салығының;
6) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-359/