НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

445-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

декларация
1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агентінің тұрған жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей: салық агенттері; дара кәсіпкерлер және (немесе) жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда,  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдердің агенттері немесе оларды төлеушілер, оның ішінде өз пайдасына төлеушілер ұсынады.
2. Салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент-жеке тұлғасы бойынша жеке табыс салығының сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару туралы деректерді:
1) күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жасалатын және күнтізбелік жылдың соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге ұсынылатын;
2) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған кезде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге толтырылатын және ұсынылатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде ұсынады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері осы құрылымдық бөлімшенің тұрған жері бойынша салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-445/