Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
361-бап. Жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі сияқты кепіл ретінде жеке практикамен айналысатын адамның қызметтерді көрсеткені үшін алған ақша сомасы көрсетілген қызметтер актісінде немесе қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжатта көрсетілген кепіл ақшадан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күнінен бастап кіріс деп танылады.
2.
Жеке практикамен айналысатын адамның кірісін тану күні мыналар болып табылады:
1) көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген қызметтер көрсету күні;
2) көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын басқа құжатта көрсетілген қызметтер көрсету күні;
3. 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған және жеке практикамен айналысудан кірістер алумен байланысты қызметте пайдаланылатын:
1) компьютерлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;
2) басып шығаруға, көруге, көшіруге, факспен жөнелтуге арналған құрылғылар;
3) сейфтер жеке практикамен айналысатын адамның активтері деп танылады.
Осы тармақта көрсетілген активтердің салықтық кезеңнің басындағы құны:
осы тармақта көрсетілген активтердің салықтық кезеңнің соңындағы құны,
қосу
салықтық кезең ішінде активтерді қолдап отыруға, жөндеуге және пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы,
алу
алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады.
Осы тармақта көрсетілген активтердің салықтық кезеңнің соңындағы құны:
осы тармақта көрсетілген активтердің салықтық кезеңнің басындағы құны,
қосу
осы тармақта көрсетілген, салықтық кезеңде түскен активтер,
алу
осы тармақта көрсетілген, салықтық кезеңде шығып қалған активтер ретінде айқындалады.
4.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың амортизациялық аударымдарын есептеу салықтық кезеңнің соңындағы активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
5.
Осы Кодекстің 362, 363, 364 және 365-баптарының мақсаттары үшін қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға мыналар жатады:
1) бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар негізінде iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, мыналар жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар болып табылады:
электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
тасымалдаушы немесе электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген, жол жүру фактісін растайтын қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат, оның ішінде отырғызу талоны.
Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекеннің шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды;
2) бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар негізінде тұрғынжайды жалдауға (жалға алуға) нақты жүргізілген шығыстар;
3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәулікақылар.
Іссапарда болу уақыты:
салық төлеушінің жеке практикамен айналысатын адамды, сондай-ақ оның жұмыскерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету мен қайтып келу күндері негізге алына отырып, іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-361/