Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
360-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 411. Определение облагаемого дохода физического лица, подлежащего налогообложению физическим
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Жеке тұлға жеке табыс салығын есептеуді және бюджетке төлеуді мыналар:
1) осы Кодекстің 321-бабының 1) – 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістерді салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алған жағдайда – осындай кірістер бойынша;
2) осы Кодекстің 321-бабының 13) – 18) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша дербес жүзеге асырады.
2. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын, шетел валютасымен алынған (алуға жататын) кіріс орташа есеппен кіріс алынған күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.
3. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау тәртібі осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-360/